Биыл БҚО-да «ЖҚЖК- 2020» бағдарламасы шеңберінде 15 әлеуметтік нысан жөнделеді
2016 жылы Батыс Қазақстан облысында «Жұмыспен қамтудың 2020 жол картасы» бағдарламасының жұмыспен қамтуды, инфрақұрылымды және тұрмыстық-коммуналдық шаруашылықты дамыту арқылы қарастыратын бірінші бағытын іске асыруға республикалық бюджеттен 1,4 млрд. теңге бөлінді.
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, осы қаражат есебінен 15 инфрақұрылымдық нысанды іске асыру жоспарлануда, оның 13-де күрделі жөндеу, 1-де ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Жөнделетін ғимараттардың 10 – білім беру, 3 – мәдениет, 1 – денсаулық сақтау және 1 – транспорттық инфрақұрылым нысаны болып табылады.
Инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылуы 765 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді, оның ішінде 384 адам жұмыспен қамту орталықтары арқылы орналастырылады.
Бүгінгі күні 14 жобаның іске асырылуы басталды, оның шеңберінде 731 адам жұмысқа тұрды, олардың ішіндегі 361 адам - «ЖҚЖК 2020» бағдарламасына қатысушылар.
Айта кетейік, 2015 жылы «ЖҚЖК 2020» бағдарламасының бірінші бағытын іске асыруға 13,7 млрд. теңге бөлінгенін, жалпы республика бойынша 588 инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылып, 8,6 мың адам жұмысқа орналастырылғанын естеріңізге саламыз. 2016 жылы «ЖҚЖК 2020» бағдарламасының бірінші бағытын іске асыруға 80,1 млрд. теңге бөлінді. Бұл қаражат жобалардың саны ескеріле отырып, жергілікті атқарушы органдардың тапсырыстары негізінде өңірлер арасында бөлінеді.
Ақпарат көзі: strategy2050.kz