«Азаматтық бақылау» қызметі жалғасуда
ҚР Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті әлеуметтік тапсырыс аясында «Азаматтық бақылау» жобасының шеңберінде тұрақты түрде азаматтарды қабылдау өткізеді.
Сонымен, 2016 жылдың 8 қыркүйекте қоғамдық қабылдауда Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің басшысы Төлегенов Сатхан Досмуханбетұлы азаматтарға қабылдау өткізді.
Қабылдауда мемлекеттік бақылау және еңбек саласындағы заңдылықтарды сақтау, еңбекті, жұмыспен қамтуды, зейнетақы және әлеуметтік қамтамасыз етуді сақтау, әлеуметтік сақтандыру мен халықты әлеуметтік қорғау, сондай-ақ зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді тағайындау және олардың төленуінің ұйымдастырылуына қатысты сұрақтар талқыланды.
