ru
Мемлекет
Мемлекет
2 220 жазбалар14 тіркелуші
0

М.Құмарғалиев: Қазақ тілін білу байқауы сапалы мемлекеттік қызметті көрсетуге бағытталған

«Азаматтар үшін үкімет» мемлекеттік корпорациясында «Мемлекеттік тіл – қызмет көрсету тілі» републикалық байқауына қорытынды жасалды.

Байқауға Астана және Алматы қалалары мен облыс филиалдарының арасында өткізілген облыстық байқаудың жеңімпаздары қатысты. Үшінші орынды Жамбыл облысы бойынша  «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департамент мамандығы Айжан Баялиева, екінші орынды – Алматы облысы бойынша «Әлеуметтік төлемдердіңведомствоаралық есеп айырысу орталығы» департаментінің маманы-Дархан Болатов және бірінші жүлделі орынды – Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ХҚКО департаментінің маманы – Пернехан Досан алды. Ол қазылар алқасына мемлекеттік тіл туралы патриоттық өлеңімен көзге түсті, деп Мемкорпорацияның баспасөз қызметінде хабарлайды.

«Біздің байқау 5 кезеңнен тұрды, олар дәстүрлі сәлемдесу, мақал-мәтел байқауы, музыкалық нөмір, интеллектіні сынау және мемлекеттік тілде құжатты рәсімдеу. Біздің мақсатымыз – мемлекеттік тілде қызметті сапалы көрсету. Барлық талапкерлер байқауға жауапкершілікпен қарады және мықтысы жеңді»,-деді «Азаматтар үшін үкімет» мемлекеттік корпорациясы Бақармасының төраға орынбасары Медет Құмарғалиев.

Оның айтуы бойынша байқаудың әділқазылар құрамын ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі, ҚР мәдениет және спорт министрлігінің  тілдерді дамыту және әлеуметтік-саяси жұмыс комитеті, «Нұр Отан» партиясы, үкіметтік емес ұйымдар және тағы басқалар құрады.

Естерінізге сала кетейік, «Мемлекеттік тіл – қызмет көрсету тілі» републикалық байқауы ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен ҚР халқының Тілдер күніне орай ұйымдастырылды.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz