А.ж. 14 қыркүйекте № 1 Егіндікөл орта мектебінің спорт алаңында Жастар ресурстық орталығының қолдауымен «Адалжол – Честный путь» марафонына орай StreetWorkout фестивалі (турникте, қырлы бөренелерде күрделі гимнастикалық жаттығулар орындау) өткізілді.
StreetWorkout – бұқаралық денешынықтырудың бір түрі, оған көшедегі спорт алаңдарында әртүрлі жаттығулар орындау кіреді. Іс-шараға Егіндікөл, Бауман ауылдарының спортшылары қатысты, ал басты қонақтары Қазақстан Республикасы StreetWorkout одағының өкілдері және «Bar-Bars» спорттық-жаттығу клубының резиденттері болды.
Фестивальді аудан әкімінің орынбасары Зоя Қандыбайқызы Жұматова ашып, спортшыларға табыс тіледі. Іс-шараға 30-дан астам адам қатысты. Жарысқа қатысушыларға ұйымдастырушлардан дипломдар, алғысхаттар табыс етілді.