Мазмұнға өту

Жаңа

307 мыңнан астам қазақстандыққа «Денсаулық жолы-2016» акциясының аясында медициналық қызметтер көрсетілді

ҚР ДСӘДМ Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығының мәліметінше, «Денсаулық жолы – 2016» акциясының аясында екі айдың ішінде жылжымалы медициналық кешендерімен республиканың шалғай аймақтарындағы ауылдық жерлерге барған терапевтер және бейінді мамандар (эндокринологтар, пульмонологтар, кардиологтар, педиатрлар, офтальмологтар, онкологтар, фтизиатрлар, ЖИТС-пен күрес аймақтық орталықтарының қызметкерлері) 307 мың 965 адамды медициналық тексеруден өткізді.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 119364 адам флюрографиялық зерттеуден өткізілді, оның ішінде 857 адамда патологиялық өзгеріс жағдайы диагностикаланды, 51 туберкулез жағдайы анықталды. Пациенттер әрі қарай тексерілуге, диагнозды анықтауға және кешенді емделуге жіберілді.

98 мың 418 ауыл тұрғынына зертханалық, 61 мың 034 адамға аспапты зерттеу жүргізілді.

20 мың 982 тексерілген адамдардың ішінен қауіп-қатер факторлары, оның ішінде 8 мың 781 адамда темекі шегу, 3939 адамда ішімдікті пайдалану, 8 мың 262 адамда денедегі артық салмақтың бар екені белгілі болды.

8167 адамда созылмалы жұқпалы аурулардың, 5 мың 494 адамда қан айналымы жүйесінің (артериалдық қысымның артуы, ЭКГ-дағы өзгерістер), 2 мың 673 адамда қант диабетінің (диабеталды, ашқарындағы глюкоза деңгейінің ұлғаюы жағдайлары) белгісі анықталды.

Маңызды патологиялары бар пациенттер облыстық орталықтарға тексеруге жіберілді.

Сонымен бірге, СӨСҚ аймақтық орталықтары өңірлердегі денсаулық сақтау басқармаларымен бірлесе отырып салауатты өмір салтын қалыптастыру, аурулардың алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру шараларын өткізді. Оның ішінде 202 мың 201 адамды қамтыған 169 акциялар; денсаулық мектептеріндегі 849 сабақ; 24 конференция; 72 дөңгелек стол; 388 семинарлар мен тренингтер; 500 ашық есік күндері; 27 спорттық шаралар; 28 мыңнан астам дәрістер, сауалнамалар мен әңгімелесулер болды.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылғы 1 шілде мен 31 тамыз аралығында республика бойынша «Денсаулық жолы – 2016» кең көлемді акциясы өтеді. Оның мақсаты - салауатты өмір салтын қалыптастыру және көптеген аурулардың алдын алу мәселелері бойынша ауыл тұрғындарына ақпараттық білім беру және практикалық көмек көрсету болып табылады.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
245

Астанада Қазақстан машина жасаушыларының IV форумы өтіп жатыр

Астанада Қазақстан машина жасаушыларының IV форумы өз жұмысын бастады. Форум тақырыбы: «Дамыған машина жасау саласы – бәсекеге қабілетті Қазақстан» деп аталады. Форумға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Асқар Мырзахметов қатысып жатыр.

Шараға 20 елден келген 180 делегация және қазақстандық машина жасау өнеркәсібіндегі ірі өндірушілер қатысуда. Форумның негізгі мақсаты - отандық машина жасау саласының даму әлеуетін көрсету және әлемдегі өнеркәсіп алыптарын ынтымақтасуға тарту.

«Жыл сайын біздің форумның нәтижесі бойынша жобалардың саны артуда. Жалпы отырыстардан кейінгі секциялық отырыстарда келешектегі машина жасаудың маңызды мәселелері талқыланатын болады. Бұл  тау-кен, энергетика, көлік және темір жол саласы, қорғаныс өнеркәсібі»,-деді  «Қазақстан машина жасаушылар Одағы» ЗТБ төрағасы Мейрам Пішембаев.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
440

Мәжілісте Депутаттық әдеп кеңесі құрылды

Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палатаның Бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

Халық қалаулылары назарына халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың қызметін жалғастыру туралы келісімді ратификациялауға қатысты заң жобасы ұсынылады.

Қазіргі уақытта аталған орталыққа 38 мемлекет мүше. Қазақстан мүшелікке енген 21 жылдың ішінде орталық 200-ден астам қазақстандық жобаларды қаржыландырған. Оған 5000-нан астам отандық ғалым тартылған.

Сонымен бірге, осы күні Тәжікстанмен Стратегиялық әріптестік туралы шартты ратификациялауға байланысты заң жобасы талқыланбақ.

Жалпы отырыста Мәжіліс депутаттары 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Ресеймен Байқоңыр қаласының мәртебесі және ондағы атқарушы өкімет органдарын құрудың тәртібі мен олардың мәртебесі туралы үкіметаралық келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялайтын заң жобасын жұмысқа қабылдайды.

Тағы бір атап өтерлігі Бюро отырысында Парламент Мәжілісі Төрағасының жанынан Депутаттық әдеп  кеңесін құру туралы Қаулы қабылданды.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
416

Жамбыл облысында 37,7 млрд теңгенің мүлкі жария етілді

Жамбыл облысында 37,7 млрд. теңгеге 7342 мүлік жария етілді. Акция басталғалы түскен өтінімдердің ішінен құны 24,1 млрд. теңге тұрғын және 13,6 млрд. теңге тұрғын емес жылжымайтын мүліктер жария етілді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, бүгінгі күні Жамбыл облысы бойынша құны 36,4 млрд. теңгені құрайтын 7784 жылжымайтын мүліктерді жария етуге өтініштер қабылданды.

Құжаттары толық болмауына байланысты 299 өтініштер қайтарылса, қалғаны құрылған комиссиялармен қаралу үстінде.

Халық арасында мүліктерді жария етуді насихаттау мақсатында 351 семинарлар және «дөңгелек үстелдер» өткізілді, бұқаралық – ақпарат құралдарында 246 мақалалар жарияланды, 67 тематикалық сюжеттер берілді және жарнамалық мақсатта 143 билбордтар орналастырылды. Интернет – ресурстарда 187 түсіндірмелік,  жарнамалық және ақпараттық материалдар енгізілді.

Аудан әкімдерімен, мүлікті жария етуге тікелей немесе жанама байланысы бар мемлекеттік органдары басшыларының қатысуымен, кезеңдік уақыттарда мүлікті жария етуді өткізу бойынша кеңестер өткізіліп тұрады.

Жылжымайтын мүлікті жария ету бойынша бірінші орында Тараз қаласы болып табылады- 1765 нысан, Байзақ ауданы – 1056 мен Қордай ауданы - 969.

Жергілікті атқарушы органдарының жанынан құрылған комиссияларға мүлікті жария ету процесін жандандыруды және жұртшылықты мүлікті жария етуді өткізу барысы мен оны жүйелі насихаттау туралы үнемі хабардар етуді қамтамасыз ету тапсырылып, бақылауға алынды.

Біздің қоғамымыздың азаматтары үшін дүние-мүлікті жариялау жақсы мүмкіндік болып табылады.

Осы уақытта республика бойынша Жамбыл облысы дүние-мүлікті жария етуде үшінші орында тұр.

Ескертеміз, мүлікті жариялау ағымдағы жылдың 31 желтоқсанында аяқталада.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
381

ҚТЖ әмбебап контейнерлермен астық тасымалдауды ұйымдастыру жоспарлануда

Қазақстандық теміржолшылар жыл басынан бері 7 миллион тоннадан астам астық тасымалдады. 2015-2016 астық тасымалы науқаны маусымында 12 миллион тонна астық тиелді, деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.

«Қазақстан темір жолы ҰК» АҚ-ында вице-президенті Қанат Алпысбаевтың төрағалығымен өткен жаңа астықты тасымалдау мәселесіне арналған кеңес өткізілді.

Кеңеске мемлекеттік органдар, «ҚТЖ –Жүк тасымалы»  АҚ, Азық түлік корпорациясы» ҰК» АҚ, «Астық Транс» АҚ, трейдерлер мен Қазақстанның астық нарығындаы кәсіпорындар мен мекемелер  өкілдері қатысты.

Қ. Алпысбаев астық тасымалын барынша жинақы өткізудің маңыздылығына тоқталып, компанияның осы бағытта атқарып жатқан жұмыстарына тоқталды.

«Қазақстандық астық Орталық Азия, Таяу Шығыс, Ресейге экспортқа шығарылуда. Қытай бағдарына астық шығару көлемі өсіп келеді. Биылғы жылы ҚХР-на 200 мың тоннадан астам астық жөнелтілді. Қазақстандық астық вагондарымен, әмбебап контейнерлермен Үрімші темір жолының станциялары арқылы тасымалдауды ұйымдастыру жоспарлануда»,- дейді компанияның вице-президенті.

Оның айтуынша, қазіргі таңда Иран бағдарына мультимодальдық тасымалдауға қолайлы жағдай жасалған. Ақтау портында жылына 60 мың тонна астық қабылдай алатын, 1,5 миллион тонна астық өңдейтін  жаңа терминал салынды. Компания астық тасымалдауға бірыңғай тариф енгізіп, оның тұрақты болуына кепілдік етеді».

Қ. Алпысбаев астық компанияларына жүк тиеу мен түсірудің бастапқы және соңғы операциясына дейін жүк тиеу мен түсіру, жылжымалы құрамды тиімді пайдалануға темір жол инфрақұрылымының әзір екендігін атап өтті.

Биылғы жылғы қыркүйектің алғашқы онкүндігінде Республика аумағында 9 миллион гектардың, яғни жалпы егіннің 62 пайызы жиналды. Одан 14 миллион тонна дән бастырылды. Қазақстандық жаңа астықты тасымалдауды жүйелі ұйымдастыруға  7 мың вагон қажет.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
575

Бішкекте ТМД елдерінің көшбасшылары қауіпсіздікті қамту жөніндегі құжаттарды қарайды

2016 жылдың 16 қыркүйегінде Бішкекте өтетін ТМД Мемлекеттері басшылары кеңесінің мерейтойлық отырысында гуманитарлық ынтымақтастық пен қауіпсіздікті қамту саласындағы саяси байланыс құжаттары қарастырылады, деп хабарлады ұйымның сайты.

ТМД Мемлекет басшылары кеңесінің отырысы күннің екінші жартысында «Ала-Арча» мемлекеттік резиденциясында  өтеді.  Оған дейін ТМД сыртқы істер министрлерінің кеңесі өтеді. Бағдарламаға сәйкес, мемлекет басшылары кеңесінің екі отырысын өткізу жоспарланған, шағын және кеңейтілген отырыс  Қырғызстан Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаевтың төрағалығымен өтеді.

ТМД атқарушы комитетінің ақпараттық-сараптмалық департаменті хабарлағандай, маңызды жобаларға келесілер жатады:

- Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының қатысушы елдері басшыларының ТМД-ның 25 жылдығына орай мәлімдемесі.

Мәлімдеменің жобасында ТМД қызметінің 25 жылдық қорытындысы айтылады, атап айтсақ, Достастықтың бірегейлігі мен әмбебаптығы, халықаралық қарым-қатынастағы маңызды рөлі талқыланады.  ТМД форматындағы ынтымақтастықты  заманауи сын-қатерлерге қарсы бағыттау туралы ортақ шешімі айтылды.

- ТМД елдері басшыларының  Нюрнберг процессі жұмысының аяқталуының 70 жылдығына байланысты мәлімдемесі.

Нюрнберг трибуналы ірі саяси-құқықтық жетістікке айналып, заманауи халықаралық құқықты дамытуда маңызды рөлге ие болды.

- Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының  замануи жағдайға бейімделуі туралы құжат.

Жобада ТМД-ның замануи жағдайларға бейімделуі бойынша ұйымдастырушылық және тәжірибелік шаралары қарастырылған.

Гуманитарлық салада  өзара байланысты кеңейту аясында бірқатар шешімдерді қарау жоспарланған: 2017 жылды Отбасы жылы етіп жариялау, 2018 жылы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында Мәдениет жылын атау,  Әзірбайжан Республикаында  «Достастықтың мәдени астаналары»  Мемлекетаралық бағдарламасын  2017 жылы жүзеге асыру туралы,  «Достастықтың мәдени астаналары»  Мемлекетаралық бағдарламасы  Қосымшасына   өзгерістерді енгізу туралы.

Экономикалық ынтымақтастықты тереңдету және кеңейту мақсатында бірқатар құжаттарды қарау жоспарланған: Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінде 2020 жылдың халық санағын өткізу шешімі туралы жоба.

2020 жылға раундтың халық санағын өткізу Достастық елдеріне мемлекеттер арасында халық санағы туралы ақпарат алуға, демографиялық, этникалық, экономикалық және әлеуметтік қоғам құрылымы мен мемлекет пен өңірдегі жағдай туралы ақпарат береді.

Сондай-ақ, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері арасындағы өңіраралық ынтымақтастық  конвенция жобасын қарау жоспарланып отыр.

ТМД отырысында  жаңа сын-қатерлер мен тәуекелдерге қарсы тұру, қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша бірқатар құжат жобалары қарастырылады.

Отырысқа қатысушылар  Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында 2017 жылғы төрағалық ету шешімі мен  кезекті МБК отырысын өткізу орнын анықтайды.

Айта кетейік, ТМД-ға 11 ел  мүше: Қазақстан, Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Украина. ТМД 1991 жылдың 8 желтоқсанында құрылды.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
436

Ақтөбеде аймақтық медициналық кластерды құру жобасы талқыланды

Бүгін Ақтөбе қаласында денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің «Кластерлік медицина, мемлекеттік-жекенменшік серіктестік. Халықаралық байланыстарды жетілдіру. Аймақтық денсаулық сақтау саласының күн тәртібіндегі жаңа мәселелері» форумы өтті. Жиынға алыс-жақын шетелдердегі медициналық ұйым басшылары, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Дүниежүзілік банк өкілдері қатысты.

Форумда сөз сөйлеген ҚР ДСӘДМ Жауапты хатшысы Аида Құрманғалиева Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың аясында денсаулық сақтау жүйесі инфрақұрылымын дамыту мен жақсарту бойынша жұмыс әрі қарай жалғасатынын атап айтты.

«Аймақтардағы және медициналық көмек көрсетудің әртүрлі деңгейлеріндегі денсаулық сақтау инфрақұрылымдарын дамытудың бірегей перспективалық жоспарын әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар, «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының аясында мемлекеттік-жекеменшік серіктестік механизмдерін қолдану арқылы денсаулық сақтау саласы инфрақұрылымдарын әрі қарай жетілдіру қарастырылған. 100 нақты қадам - Ұлт жоспарының аясында жеке медицинаны дамыту, корпоративтік басқаруды енгізу, мемлекеттік медициналық ұйымдарды жекешелендіруді ынталандыру мәселелері де қарастырылып отыр. Денсаулық сақтау нысандарының құрылысы мен оларды қайта құруға жеке инвестицияларды тарту – ел тұрғындары өмірінің сапасын арттыруға көмектеседі», - деді ол.

Форум аясында Ақтөбе мен Батыс Қазақстан облыстары тұрғындарын жоғарғы сапалы медициналық қызметтермен қамтамасыз ету мақсатында 2016-2020 жылдарға арналған Ақтөбе агломерациясындағы аймақтық медициналық кластерді құру тұжырымдамасы таныстырылды.

Бұл мақсатта облыстық клиникалық ауруханада, облыстық балалар клиникалық ауруханасында, облыстық консультативті- диагностикалық орталықта және М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік медициналық университетінің негізінде 813 адамға арналған «Aktobe medical center» көпсалалы аурухананы құру жоспарланып отыр. Оның құрамына акушерлік-гинекологиялық, педиатрлік, кардиологиялық, хирургиялық, онкологиялық, зертханалық және оңалту орталықтары кіретін болады.

Үздік медициналық технологияларды трансферттеуді қамтамасыз ету мақсатында әлемдік деңгейдегі емханалармен серіктестік туралы келісімдер жасалды. Оның ішінде  Gangnam Severance Hospital (Оңтүстік Корея), Hemogens Health Care (Түркия), Сент-Луис қ.Университеті (АҚШ) бар.

Шара барысында «Синчеон Северанс» (Сеул қ.., Оңтүстік  Корея) госпиталінің директоры Ли Бен Сок Қазақстанмен заманауи медициналық технологияларды трансферттеу саласындағы ынтымақтастық тәжірибесімен бөлісті. «Turkuaz» түрік компаниясының өкілі Абдрахман Кавунджу «Мемлекетаралық деңгейдегі мемлекеттік-жекеменшік серіктестік» жобасымен таныстырды. Ол жоба шеңберінде жедел медициналық көмек көрсету қызметін жаңғырту аясында ортақ жұмыс ұйымдастыруды ұсынды. Ресейлік «Феникс» компаниясы тобының жетекшісі Евгений Фридман форум қатысушыларын «Emergency Department» жедел медициналық көмек стационарлық бөлімін құру тәжірибесімен таныстырды.

Форум соңында Аймақтық медициналық кластерді құру тұжырымдамасын жүзеге асру бойынша Ақтөбе облысы мен ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі арасындағы Меморандумға қол қою рәсімі өтті.

 
0
0
450

Н.Назарбаев: ТМД өзінің өміршеңдігін, тиімділігін және перспективалылығын дәлелдеді

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы біздің елдерді жақындастыратын бірегей алаң болып табылады. Достастық өзінің тұрақтылығын, мақсаттылығын және келешегінің зор екендігін дәлелдеді, деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Бішкекте өтіп жатқан ТМД Мемлекет басшылары кеңесінің шағын құрамда өткен отырысында.

«1991 жылы қол қойылған Алматы декларациясы арқылы негізі қаланған Тәуелсіз мемлекеттер достастығы бүгінде елдерімізді жақындастыра түсетін бірегей алаң болып қала береді. Біздің Достастық жұмысын жалғастырып және болашаққа деген жоспарларды іске асыра отырып, өзінің өміршеңдігін, тиімділігін және перспективалылығын дәлелдеді. Сондай-ақ, Достастықтың тәжірибесі ЕАЭО және ШЫҰ тәрізді интеграциялық ұйымдарға да септігін тигізді. Осылайша, Алматыда 1991 жылы 21 желтоқсанда ТМД-ның құрылуы зор тарихи мәнге ие болды. Менің бастамам бойынша бүгін біз ТМД-ның 25 жылдығы жөнінде мәлімдеме қабылдап отырмыз. Ол бағдарды айқындап, алдымызға жаңа міндеттер қояды», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен бірге Мемлекет басшысы жақында өткен G-20 саммитінде әлемдік экономиканың орнықты дамуын қамтамасыз ету үшін экономикалық саясатты үйлестіру туралы уағдаластыққа қол жеткізілгенін атап өтті.

«Саммитте дамудың ескірген моделін алмастыру және жаһандық индустриялық революциядан соң келген жаңа сандық экономикаға көшу мәселелері талқыланды. Бұл – энергияның жаңа түріне, валютаның жаңа санатына және қоғамдық қарым-қатынастың жаңа формаларына негізделген қоғамдық өндірістің жаңа тәсілін табу мен игере бастаудың нышаны. Жаңа проблемалар алдында ТМД аясында бізге де тығыз өзара іс-қимыл жасап, бірлескен жобаларды жандандыру қажет», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті Достастықтың қазір 2008 жылы қабылданған экономикалық даму стратегиясын іске асырудың үшінші кезеңіне көшкеніне назар аударды.

«Қазіргі уақытта әлемдік экономикадағы жағдай айтарлықтай өзгерді. Сондықтан Қазақстан Достастық елдерінің экономикалық дамуына серпін беруге арналған шаралар жиынтығын жандандыру түсуді ұсынды», – деді Мемлекет басшысы.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
480

Бішкекте ТМД елдерінің көшбасшылары қауіпсіздікті қамту жөніндегі құжаттарды қарайды

2016 жылдың 16 қыркүйегінде Бішкекте өтетін ТМД Мемлекеттері басшылары кеңесінің мерейтойлық отырысында гуманитарлық ынтымақтастық пен қауіпсіздікті қамту саласындағы саяси байланыс құжаттары қарастырылады, деп хабарлады ұйымның сайты.

ТМД Мемлекет басшылары кеңесінің отырысы күннің екінші жартысында «Ала-Арча» мемлекеттік резиденциясында  өтеді.  Оған дейін ТМД сыртқы істер министрлерінің кеңесі өтеді. Бағдарламаға сәйкес, мемлекет басшылары кеңесінің екі отырысын өткізу жоспарланған, шағын және кеңейтілген отырыс  Қырғызстан Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаевтың төрағалығымен өтеді.

ТМД атқарушы комитетінің ақпараттық-сараптмалық департаменті хабарлағандай, маңызды жобаларға келесілер жатады:

- Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының қатысушы елдері басшыларының ТМД-ның 25 жылдығына орай мәлімдемесі.

Мәлімдеменің жобасында ТМД қызметінің 25 жылдық қорытындысы айтылады, атап айтсақ, Достастықтың бірегейлігі мен әмбебаптығы, халықаралық қарым-қатынастағы маңызды рөлі талқыланады.  ТМД форматындағы ынтымақтастықты  заманауи сын-қатерлерге қарсы бағыттау туралы ортақ шешімі айтылды.

- ТМД елдері басшыларының  Нюрнберг процессі жұмысының аяқталуының 70 жылдығына байланысты мәлімдемесі.

Нюрнберг трибуналы ірі саяси-құқықтық жетістікке айналып, заманауи халықаралық құқықты дамытуда маңызды рөлге ие болды.

- Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының  замануи жағдайға бейімделуі туралы құжат.

Жобада ТМД-ның замануи жағдайларға бейімделуі бойынша ұйымдастырушылық және тәжірибелік шаралары қарастырылған.

Гуманитарлық салада  өзара байланысты кеңейту аясында бірқатар шешімдерді қарау жоспарланған: 2017 жылды Отбасы жылы етіп жариялау, 2018 жылы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында Мәдениет жылын атау,  Әзірбайжан Республикаында  «Достастықтың мәдени астаналары»  Мемлекетаралық бағдарламасын  2017 жылы жүзеге асыру туралы,  «Достастықтың мәдени астаналары»  Мемлекетаралық бағдарламасы  Қосымшасына   өзгерістерді енгізу туралы.

Экономикалық ынтымақтастықты тереңдету және кеңейту мақсатында бірқатар құжаттарды қарау жоспарланған: Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінде 2020 жылдың халық санағын өткізу шешімі туралы жоба.

2020 жылға раундтың халық санағын өткізу Достастық елдеріне мемлекеттер арасында халық санағы туралы ақпарат алуға, демографиялық, этникалық, экономикалық және әлеуметтік қоғам құрылымы мен мемлекет пен өңірдегі жағдай туралы ақпарат береді.

Сондай-ақ, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері арасындағы өңіраралық ынтымақтастық  конвенция жобасын қарау жоспарланып отыр.

ТМД отырысында  жаңа сын-қатерлер мен тәуекелдерге қарсы тұру, қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша бірқатар құжат жобалары қарастырылады.

Отырысқа қатысушылар  Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында 2017 жылғы төрағалық ету шешімі мен  кезекті МБК отырысын өткізу орнын анықтайды.

Айта кетейік, ТМД-ға 11 ел  мүше: Қазақстан, Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Украина. ТМД 1991 жылдың 8 желтоқсанында құрылды.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
276

Жамбыл облысында соңғы 10 жылда 4 миллионнан астам шаршы метрді құрайтын тұрғын үй салу жоспарланған

Жамбыл облысында соңғы 10 жылда 4,5 миллион шаршы метрлі тұрғын үй салу жоспарлануда, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Осы бағдарламаның ерекшелігі  –  құрылысқа қаражат Ұлттық қордан бір ақ  рет 20 жыл мерзімге арнап бөлінеді. Әрі қарай қаражат 2 жыл ішінде айналымға түсіп, банк салымшылары тұрғызылған тұрғын үйлерді сатып алғаннан кейін құрылысқа қайта пайдаланылатын болады. Осы мақсаттарға небәрі 149 млрд. теңге бөлінген. Оның  22 млрд. теңгесі  Банк салымшыларын кредиттеуге жіберілсе, 127 млрд. теңгесі  «Бәйтерек» басқарушы Холдингіне әлеуметтік тұрғын үй құрылысы үшін жіберіледі.

Ақша  екі бағыт бойынша: 67 млрд. теңгесі жергілікті атқарушы органдары арқылы және  60 млрд. теңгесі  «Бәйтерек девелопмент» акционерлік қоғамы арқылы бөлінеді. Осылайша, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бөлінген қаражатқа 2 жылда  республика бойынша   14 мың пәтерді құрайтын  814 мың шаршы метрлі тұрғын үй қатары салынатын болады.

Сонымен қатар соңғы 10 жылда 4,5 миллион шаршы мертлі   тұрғын үй салу жоспарланып отыр. Жергілікті атқарушы органдардың желісі бойынша салынатын тұрғын үй   біздің салымшылар арасында 50/50 ұстанымы бойынша өткізілетін болады, яғни:  пәтердің 50 %-ы  Банк салымшыларына,  50 %-ы ЖАО кезегінде тұрғандарға беріледі.

Пәтерлер өңірлерді дамыту бағдарламасының сызбасы бойынша орналастырылады. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі желісі бойынша тұрғын үйлерді  іске асыру автоматтандырылған  және   баллдарды есептеу  адами факторды алып тастайтын бағдарламалық қамтамасыз етудің   көмегі арқылы жүргізіледі.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
427