Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Облыс аумағында «Түнгі қаладағы балалар» жедел профилактикалық іс-шарасы басталды

Ағымдағы жылдың 16-20 қыркүйек күндері аралығында республика көлемінде «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілетін болады.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдердің қатысуымен жасалатын, оның ішінде түнгі уақытта жасалатын қылмыстардың алдын-алу, сондай-ақ, жасөспірімдерге қарсы жасалатын қылмыстарды болдырмау, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта себепсіз жүрмеуін қадағалау, олардың түнгі уақыттарда ойын-сауық орындарда болуына жол бермеу, жасөспірімдерді құқық бұзушылық пен қылмыс жасауға тартатын ересек адамдарды анықтау болып табылады.

Іс-шараға жергілікті атқарушы органдарының, прокуратура, білім беру, денсаулық сақтау органдарының, ата-аналар комитеттері мен үкіметтік емес ұйым өкілдерін қатыстыру жоспарланып отыр.

Іс-шара аясында көңіл көтеретін орындарда, ойын клубтарында, үй-жайлар мен адам көп шоғырланатын қоғамдық орындарда арнайы рейдтер ұйымдастырылатын болады.

   

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

 
0
0
354

Осы тақырып бойынша

Облыс аумағында «Түнгі қаладағы балалар» жедел профилактикалық іс-шарасы басталды - Yvision.kz