Мазмұнға өту

Жаңа

Мәжіліс ҰЭМ-ге бюджеттік қаражаттың тиімді жұмсалуына қатаң бақылау орнатуды ұсынды

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру тұрғын үймен қамту мәселесін толықтай шешпейді, деді Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов Мәжілістегі Үкімет сағатында.

«Тұрғын үй құрылысының негізгі проблемасы – жүзеге асыру кезіндегі келісудің жоқтығы.  «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша  2015-2016 жылдары жалға беру және несиелік  тұрғын үй құрылысына  180 млрд теңге бөлінді. 2016 жылдың 10 ақпанында  қосымша 202 млрд теңге бөлінді. Республика бойынша 2015 жылы  тұрғын үй  құрылысына  740 млрд теңге инвестицияланды, 2016 жылдың қаңтар-шілдесінде 422  млрд теңге бөлінді», - деді Н.Сабильянов.

Ол айтып өткендей, бұндай қаржы   тұрғын үй құрылысын бірқатар үдемелей түсуі  керек еді.

«Алайда, мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру тұрғын үйге тапшылық мәселесін толық шешкен жоқ.  Ұлттық экономика министрлігі  бюджеттік қаржының тиімді жұмсалуына бақылау орнатуы тиіс», - деді ол.

Депутаттың пікірінше, мемлекеттік бағдарламаның операторлары мен құрылыс агенттерінің  ақша ресурсын әрқалай   бөлуі күмән тудырады.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
479

Елбасы Талдықорғандағы Оқушылар сарайына барды

Қазақстан Президенті Оқушылар сарайында болды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы биология, физика кабинеттерін, техникалық шығармашылық модельдері көрмесін, хореография залын, үлкен концерт залын аралап көріп, көркемөнер галереясындағы суреттер экспозициясымен танысты.

Елбасы назарына ән және би өнері бойынша балалардың концерттік нөмірлері ұсынылды.

Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев Оқушылар сарайына келетін балалармен және олардың ата-аналарымен әңгімелесіп, шығармашылық табыс пен бақ-береке тіледі.

Соңында Мемлекет басшысы Оқушылар сарайына жайлы автобус тарту етті.

Ғимараттың жалпы алаңы – 13 мың шаршы метрден астам. Мекеме инфрақұрылымы шеберхана, зертхана, көрме және мәжіліс залдарын, сондай-ақ музей, медиатека, дыбыс жазу студиясы мен обсерваторияны қамтиды.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдағы жаңа мектепке барды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласының №168 мектебіне барды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы мектептің оқу бөлмелерін аралап, материалдық-техникалық жабдықталуымен танысты.

Сондай-ақ, Елбасы оқушылардың ата-аналарымен және педагогтармен кездесті.

Әңгімелесу барысында Қазақстан Президенті қазір мемлекет-жекеменшік серіктестігінің арқасында елімізде жаңа әлеуметтік инфрақұрылым нысандары салынып жатқанын атап өтті. Жаңа салынған мектеп тиімді ынтымақтастықтың жарқын мысалы болып саналады.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев жиналғандарды жаңа оқу орнының ашылуымен құттықтап, алға қойылған міндеттерге қол жеткізу жолында табыс тіледі.

Жаңа ғимараттың жалпы алаңы – 8390 шаршы метр. Мектеп заманауи құрылғылармен жабдықталған және 600 оқушыға арналған. Мұнда гуманитарлық ғылымдар тереңдете оқытылып, мемлекеттік тілде білім беріледі.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
490

ДСӘДМ басшысы семинарлар аясында қазақстандықтарға медициналық сақтандырудың негізгі қағидаларын түсіндіруде

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу бойынша аймақтық штабтардың мүшелерін оқыту семинарларының циклі басталды, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі.

19-26 қыркүйек аралығында ҚР ДСӘДМ басшысы Тамара Дүйсенова селекторлық тәртіпте МӘМС-тің негізгі қағидаларын түсіндіреді.

Оқыту шаралары аяқталған соң, аймақтық штаб мүшелері 1 қазаннан бастап халық арасында түсіндіру жұмыстарын бастайды. Олар жұмыс берушілермен, кәсіпорындар мен ұйымдардың еңбек ұжымдарымен, бюджеттік сала қызметкерлерімен, ҮЕҰ және кәсіподақ ұйымдарының өкілдерімен, сонымен қатар, ауылдық жерлердегі түрғындармен кездесулер өткізеді деп күтілуде.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда үздік халықаралық тәжірибені есепке ала отырып мемлекет, жұмыс беруші және әрбір адамның ынтымақты жауапкершілігінің негізінде әзірленген медициналық сақтандыру жүйесін енгізу жұмыстары басталады.

Сонымен қатар, мемлекет экономикалық белсенділігі төмен халық үшін жарна төлейтін болады. Жұмыс берушілер – жалдамалы жұмысшылар үшін, қызметкерлер мен салық органдарында тіркелген өзін-өзі қамтыған азаматтар өздері үшін төлейтін болады.

Мемлекет азаматтарды тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемімен (әрі қарай - ТМККК) әрі қарай қамсыздандыруын жалғастырады. Олардың қатарына әлеуметтік мәні бар аурулар, шұғыл жағдайлар, жедел медициналық көмек, санитарлық авиация мен вакциналау кіреді.

Азаматтардың денсаулығын қорғаудың жалпыға бірдей құқығын қамтамасыз ету мақсатында сақтандырылмаған азаматтарға 2020 жылға дейін ТМККК аясында амбулаторлық дәрілермен қамсыздандырылған амбулаторлық-емханалық көмек көрсетілетін болады.

МӘМС аясында сақтандырылған азаматтарға жоғарғы технологиялық медициналық қызметтер, стационарды алмастыратын технологиялар, ұзақ мерзімді мейіргерлік күтім, амбулаторлық дәрілермен қамсыздандырылған амбулаторлық-емханалық көмек көрсетілетін болады.

Сонымен қатар, егер азаматтар ерікті сақтандыруға қатысатын болса, МӘМС жүйесінде қарастырылмаған медициналық көмек ала алады. Ол жеке сақтандыру компанияларымен бекітілген келісім шарт негізіне жүзеге асырылады.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
526

Қарағанды облысында өнеркәсіп кәсіпорындарының өнімді өндіру көлемі 3,1%-ға өсті

Ағымды жылғы қаңтар-тамызда облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары 1185,4 млрд. теңгеге өнім өндірді, деп хабарлады Қарағанды облысының статистика департаменті.

Ағымды жылғы қаңтар-тамызда облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары 1185,4 млрд. теңгеге өнім өндірді, бұл 2015 жылғы тиісті кезеңнен 3,1%-ға артық. Облыстың өнеркәсіп өндірісі көлемінің негізгі үлесі өңдеу өнеркәсібіне тиесілі – 79,5%, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау – 9,6%, кен өндіру және карьерлерді қазу – 9,5%-ды, сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылау 1,4%-ды құрайды.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің (қызмет) шығару көлемі 2016 жылғы қаңтар-тамызда 106,9 млрд. теңгені құрады, бұл 2015 жылғы тиісті кезеңнен 1,4%-ға көп. Жоғарылау мал шаруашылығы өнімін өндірудің 2,6%-ға, оның ішінде сиыр сүтін өндірудің 3,3%-ға өсуіне байланысты.

Ағымдағы жылдың басынан бастап бөлшек сауда айналымы 425,1 млрд. теңгені құрап, өткен жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда  2,7%-ға кеміді (тұрақты бағаларда).Бөлшек сауданың негізгі көлемін жеке сауда қызметін жүзеге асыратын және базарларда сауда-саттықпен айналысатын жеке тұлғалар қамтыды.  Олардың тауар айналымы 285,2 млрд. теңгені құрады немесе өткізудің жалпы көлемінен 67,1%.

Жүк тасымалдау көлемі 481,9 млн. тоннаны құрады, бұл 2015 жылғы қаңтар-тамызға қарағанда 0,1%-ға көп. Көліктің барлық түрлерімен, жеке тасымалдауды қоса алғанда, жолаушыларды тасымалдау 0,2%-ға өсіп, 1560,2 млн.адамды құрады.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
526

Оралда азаматтық бақылау белсенді жұмыс жүргізуде

2016 жылдың 15 қыркүйекте «Азаматтық бақылау» жобасының шеңберінде қоғамдық бақылауда кезекті азаматтық қабылдау өткізілді.

Қабылдауды Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының лицензиялау және аттестациялау бөлімінің басшысы Тажбаев Ғайса Бектемісұлы, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы бөлімінің бас маманы Абдрахманова Айзада Айнабекқызы өткізді.

Қабылдауда облыс аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, сәулет саласындағы қызметті лицензиялау және аттестациялау және құрылыс материалдарын өндірудегі құрылыс-монтаждық жұмыстардың орындалуын бақылау және қадағалау сұрақтары талқыланды.

 
0
0
320

Қ.Бишімбаев: 2017 жылға Ұлттық қордан мектептердің құрылысына 70 млрд теңге қарастырылған

2017 жылы мектеп құрылыстарына Ұлттық қордан қосымша 71,7 млрд теңге беру қарастырылған, сонымен қатар мектептердің сейсмикалық тұрғыда нығайтылуына 8,3 млрд теңге бағыттау көзделіп отыр, деді ҚР ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Мәжілістегі үкімет сағатында.

«Мемлекет басшысы 2018 жылға қарай үш ауысымды оқытуды жою, апаттық жағдайдағы мектептердің санын қысқарту және 2020 жылға қарай 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды толығымен мектепке дейінгі білім берумен қамтамасыз ету бойынша тапсырма берді. 2015-2016 жылдары 77,3 млрд теңге бөлінді, 2015 жылы – 19,4 млрд теңге, 2016 жылы- 57,9 млрд теңге 96 білім беру нысандарының құрылысы үшін бөлінді. Олардың ішінде -77 мектеп және 19 балабақша бар»,-деді Қ.Бишімбаев.

Оның айтуынша, бүгінгі күні білім берудің 41 нысаны пайдалануға берілді, оның ішінде 21 мектепті үш ауысымды оқытуды жою үшін пайдалануға берді, 6 мектеп апаттық  жағдайда тұрған мектептерді ауыстырды  және 14 балабақша ел игілігіне тапсырылды.

«Жылдың соңына дейін қосымша 8 мектеп пен 4 балабақша салынатын болады. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін 2017 жылы біз Ұлттық қордан қосымша 71,7 млрд теңге беруді қарастырдық, сондай-ақ мектептерді сейсмикалық нығайтуға 8,3 млрд теңге қарыстырылған»,-деді министр.

«Экономикалық өсім барған сайын шикізат секторымен қамтамасыз етілуде. 8 ай ішінде өңдеу өнеркәсібінің өсімі 0,7%-ды құрады. Металлургия өнімдерінің өндірісі 8,3 пайызға, азық-түлік 3,8 пайызға, мұнай өңдеу 0,6 пайызға, пластмасса 2,4 пайызға, сонымен қатар фармация 2,5 пайызға өсті»,-деді Қ.Бишімбаев.

Министрдің айтуы бойынша, шикізат тауарлары  үшін экспорттың құрылымы да ұлғайтылды.

«Жоғары өңделген өнімдердің экспорты өсті – бұл тамақ өнеркәсібі: қант және тәтті тағам өнімдері  17,2 мың тоннаға дейін, яғни 84,0 пайызға  май және тоң май 26,9%, ет және ет өнімдері 12,5 пайызға өсті, химиялық тыңайтқыштар: 82,2 пайызға (114,5 мың тоннаға дейін), тоқыма материалдар 4,4 пайызға, дайын метал өнімдері: мойынтірек 51,2 пайызға өсті»,-деді министр.

Ведомство басшысы айтып өткендей, өңір бойынша өнеркәсіптің өсуі 9 аймақта байқалса, кему 7 аймақта тіркеліп отыр.

«Өнеркәсіп өндірісінің жоғары өсімі Оңтүстік Қазақстанда 4,5 пайызға, Ақмолада 4,2 пайызға және Шығыс Қазақстан облысында 4,1 пайызға жетті. Ал,  мұнай өндірудің    азаюына   орай, Қызылорда облысында 10,6 пайызға және Маңғыстау облысында 3,9 пайызға төмендеу байқалады. Қостанай облысында 4,1 пайызға төмендеу байқалады», - деді ол.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
351

Қазақстанның құрылыс индустриясы жан-жақты қолдауды қажет етеді - сарапшы

Қазақстанның құрылыс индустриясы ШОБ саласы сияқты тұрақты әрі жан-жақты қолдауды қажет етеді. Бұл туралы Сәулетшілер, дизайнерлер және өзге құрылыс индустриясының кәсіби қатысушылары қауымдастығының төрағасы Лаура Шәріпова Еуропа мен Азия сәулетшілері мен дизайнерлерінің халықаралық кездесуінде айтты.

«Жалпы, құрылыс индустриясы мен шағын бизнес өкілдері бизнесті енгізуде қолдауды қажет етеді. Сәулетшілер мен дизайнерлер қаншалықты шығармашыл болса да, олар бизнесті енгізеді. Бұл келісімге отыру мен  есептік тіркеу, салық төлеу болып табылады. Адамдар бұл қолдау мен білімді бір жақтан алуы керек. Біздің қауымдастықтың мақсаты  осы көмекті жүзеге асырады. Біз консультация, шеберлік сыныптары мен семинарларды өткіземіз. Сондай-ақ, біздің сайтта  сәулетшілер мен дизайнерлерді ақпараттандыратын арнайы алаң құрылады», - деді ол.

Л.Шәріпова айтып өткендей, қазақстандық  құрылыс индустриясының  жас өкілдері өте белсенді және халықаралық байқауларға жиі қатысып тұрады.

«Біздің жас дизайнерлер  өткен жылы Қазақстанның намысын милан көрмесінде қорғады. Бұл біздің дизайнерлердің үнемі ілгерілеп отыратындығын көрсетеді. Олар Қазақстанның осы сала өкілдерін әлемге танытпақ ниетте», - деді ол.

Оның айтуынша, еңбек нарығында  қазіргі кезде дизайнер мамандығы  сұранысқа ие, оны заманауи деп атауға болады.

Бұл құрылыстың қарқындаған шағында байқалды, барлық мамандар осы мамандыққа қайта  оқып, жұмыс істей бастады.

Айта кетейік, форум аясында Қазақстан, Қырғызстан, Ресей мен Сербия  мамандары ішкі көрініс саласында дизайн әдістерімен бөлісті.

Еске салайық, Сәулетшілер,  дизайнерлер және өзге құрылыс индустриясының  халықаралық кездесуі аясында Астанада Еуропа мен Азияның ішкі көрініс нарығының форумы өтті.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
582

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Ақмола облысының басқармаларының персоналды басқару қызметтері үшін тағылымдама өткізді

А.ж. 13-15 қыркүйегі аралығында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) облыстық басқармалардың персоналды басқару қызметтері үшін тағылымдама өткізді.

Конкурстық іріктеу, мемлекеттік қызметшілердің қызмет бабында өсуі,   тағылымдаманы ұйымдастыру, тәлімгерлік, қызметшілерді бағалау, оқыту және т.б. мәселелер талқыланды.

Тағылымдама барысында департамент қызметкерлері  мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы практикалық тұрғыда қолдану бойынша әдістемелік және түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Барлық сұрақтарға қанағаттанарлық жауаптар берілді.

Департамент госслужбы

0
0
474

Ninety One тобын Шымкентке жолатпау дұрыс қадам ба?

Жақында жаңалықтарда Ninety One тобына Шымкентке кіруге тыйым салынды деген хабар тарап кетті. Осы орайда маған "Халық неге бұл жігіттерді ұнатпайды?" деген ой келді. Себебі бірден белгілі болады: киген киімдерін, шаш бояуын оңтүстік тұрғындары ерсі көреді. Бірақ тек осы себеппен ғана бұл әншілерді жеккөрген дұрыс па? Бұл сұрақтың жауабын толығырақ менің видео жазбамнан көре аласыздар:


0
3
2218

2016 жылы Солтүстік Қазақстанда инвестиция көлемі 3,2 %-ға ұлғайды

2016 жылғы қаңтар-тамызда ауыл шаруашылығының көлемі – 13,2%, құрылыс жұмыстарының көлемі – 5,9%, инвестициялар көлемі – 3,2% ұлғайды, деп хабарлады СҚО статистика департаменті.

2016 жылғы қаңтар-тамызда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 93 млрд теңгені құрады.

Шаруашылық жүргізетін субъектілердің меншікті қаражаты негізгі капиталға салынған инвестицияларды қаржыландырудың басым көзі (63,6%) болып табылды, оның көлемі 59,2 млрд теңгені құрады.

«Ауыл, орман және балық шаруашылығы – 38,6%, өнеркәсіп – 21,4%, көлік және қоймалау – 19,5%, жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар – 8,3% - негізгі капиталға салынған инвестицияларды игеру бойынша басым салалар болып табылады.»2016 жылғы қаңтар-тамызда ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 108 млрд теңгені құрады. Мал мен құстың барлық түрлері тірідей салмақта союға 54,4 мың тонна өткізілді, сиыр сүті 378,2 мың тонна сауылды, тауық жұмыртқасы 409,3 млн дана алынды», - делінген хабарламада.

2016 жылғы қаңтар-тамызда облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарымен (шағын кәсіпорындарды, қосалқы өндірістерді, үй шаруашылықтары секторын қоса) қолданыстағы бағада 112,9 млрд теңгенің өнімі өндірілді, немесе 2015 жылғы қаңтар-тамызға 100,1%-ды құрады.

Өнеркәсіп өндірісі құрылымында 70,6% алатын өңдеу өнеркәсібінде 79,7 млрд теңгенің өнімі өндірілді.2016 жылғы қаңтар-тамызда ішімдіктер – 2,4 есе, ұн – 31,8%, кептірілген нан және печенье; ұзақ сақталатын кондитерлік өнімдер және пирожныйлар – 20,6% артық өндірілді.Фармацевтикалық өнімдерін өндіру – 2,4 есе, тоқыма бұйымдарын өндіру – 2 есе, химиялық өнеркәсіп өнімдерін өндіру – 22,4%-ға ұлғайды. Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда – 11,7%-ға, сумен жабықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылауда – 5,3%-ға өсті.

Ерлерге арналған жұмыс киім - 46,2%, пластмассадан жасалған есік және терезе – 12,5% артық өндірілген.

Барлық меншік нысанындағы құрылыс-монтаж ұйымдарының өз күшімен 31,9 млрд теңгенің мердігерлік жұмыстары орындалды.

2016 жылғы қаңтар-тамызда 350 жаңа ғимараттың құрылысы аяқталды, оның ішінен 304 тұрғын және 46 тұрғын емес мақсаттағы ғимараттар. Негізгі құрал-жабдық 73,1 млрд теңге сомасына іске қосылды, одан 47,7% - ауыл, орман және балық шаруашылығына, 22,5% - көлік және қоймалауға, 16% - өнеркәсіпке, 4,3% - жылжымайтын мүлікпен жасалатын операцияларға, 3,1% - көтерме және бөлшек сауда, автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеуге.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
346