Мазмұнға өту

Жаңа

БҚО Тәуелсіздіктің 25 жылдығына 60-тан астам ірі шаралар өткізеді

Батыс Қазақстан облысы Тәуелсіздіктің 25 жылдығына қызу дайындалып жатыр. Мерекеге орай, облыста жаңадан бірнеше нысан пайдаланылуға беріледі. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Арман Өтеғұлов айтты. «Тәуелсідіктің 25 жылдығына орай, 20 қараша мен 15 желтоқсан аралығында "Жұлдызды 25 күн" өткізіледі. Одан бөлек, 60-тан астам ірі шаралар ұйымдастырылады. Атаулы мерекеге орай бірнеше әлеуметтік нысан пайдаланылуға берілді. Сонымен қатар Орал қаласының тұрғындарына 90 мың шаршы метр яғни 1562 пәтер кілті тапсырылады. Оқушылар сарайы, көпсалалы ауруxана желтоқсан айының басында ашылады. Қазіргі таңда облыста 7150 жұмыс орыны ашылды. Соның ішінде "Жол картасы 2020" бағдарламасы аясында 2235 адам жұмыспен қамтылды. Үш ауысымдық мектепт…

0
0
250

307 мыңнан астам қазақстандыққа «Денсаулық жолы-2016» акциясының аясында медициналық қызметтер көрсетілді

ҚР ДСӘДМ Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығының мәліметінше, «Денсаулық жолы – 2016» акциясының аясында екі айдың ішінде жылжымалы медициналық кешендерімен республиканың шалғай аймақтарындағы ауылдық жерлерге барған терапевтер және бейінді мамандар (эндокринологтар, пульмонологтар, кардиологтар, педиатрлар, офтальмологтар, онкологтар, фтизиатрлар, ЖИТС-пен күрес аймақтық орталықтарының қызметкерлері) 307 мың 965 адамды медициналық тексеруден өткізді. ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 119364 адам флюрографиялық зерттеуден өткізілді, оның ішінде 857 адамда патологиялық өзгеріс жағдайы диагностикаланды, 51 туберкулез жағдайы анықталды. Пациенттер әрі қарай тексерілуге, диагнозды анықтауға және кешенді емделуге…

0
0
213

Мәжілісте Депутаттық әдеп кеңесі құрылды

Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палатаның Бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі. Халық қалаулылары назарына халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың қызметін жалғастыру туралы келісімді ратификациялауға қатысты заң жобасы ұсынылады. Қазіргі уақытта аталған орталыққа 38 мемлекет мүше. Қазақстан мүшелікке енген 21 жылдың ішінде орталық 200-ден астам қазақстандық жобаларды қаржыландырған. Оған 5000-нан астам отандық ғалым тартылған. Сонымен бірге, осы күні Тәжікстанмен Стратегиялық әріптестік туралы шартты ратификациялауға байланысты заң жобасы талқыланбақ. Жалпы отырыста Мәжіліс депутаттары 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Ресеймен Байқоңыр қаласының мәртебесі және ондағы атқарушы өкімет органдарын құр…

0
0
374

Астанада Қазақстан машина жасаушыларының IV форумы өтіп жатыр

Астанада Қазақстан машина жасаушыларының IV форумы өз жұмысын бастады. Форум тақырыбы: «Дамыған машина жасау саласы – бәсекеге қабілетті Қазақстан» деп аталады. Форумға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Асқар Мырзахметов қатысып жатыр. Шараға 20 елден келген 180 делегация және қазақстандық машина жасау өнеркәсібіндегі ірі өндірушілер қатысуда. Форумның негізгі мақсаты - отандық машина жасау саласының даму әлеуетін көрсету және әлемдегі өнеркәсіп алыптарын ынтымақтасуға тарту. «Жыл сайын біздің форумның нәтижесі бойынша жобалардың саны артуда. Жалпы отырыстардан кейінгі секциялық отырыстарда келешектегі машина жасаудың маңызды мәселелері талқыланатын болады. Бұл тау-кен, энергетика, көлік және темір жол саласы, қорғаныс өнеркәсібі»,-деді «Қазақстан машина жасаушылар Одағы» ЗТБ төрағасы Мей…

0
0
386

Жамбыл облысында 37,7 млрд теңгенің мүлкі жария етілді

Жамбыл облысында 37,7 млрд. теңгеге 7342 мүлік жария етілді. Акция басталғалы түскен өтінімдердің ішінен құны 24,1 млрд. теңге тұрғын және 13,6 млрд. теңге тұрғын емес жылжымайтын мүліктер жария етілді. Облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, бүгінгі күні Жамбыл облысы бойынша құны 36,4 млрд. теңгені құрайтын 7784 жылжымайтын мүліктерді жария етуге өтініштер қабылданды. Құжаттары толық болмауына байланысты 299 өтініштер қайтарылса, қалғаны құрылған комиссиялармен қаралу үстінде. Халық арасында мүліктерді жария етуді насихаттау мақсатында 351 семинарлар және «дөңгелек үстелдер» өткізілді, бұқаралық – ақпарат құралдарында 246 мақалалар жарияланды, 67 тематикалық сюжеттер берілді және жарнамалық мақсатта 143 билбордтар орналастырылды. Интернет – ресурстарда 187 түсіндірмелік, жарнамал…

0
0
334

ҚТЖ әмбебап контейнерлермен астық тасымалдауды ұйымдастыру жоспарлануда

Қазақстандық теміржолшылар жыл басынан бері 7 миллион тоннадан астам астық тасымалдады. 2015-2016 астық тасымалы науқаны маусымында 12 миллион тонна астық тиелді, деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі. «Қазақстан темір жолы ҰК» АҚ-ында вице-президенті Қанат Алпысбаевтың төрағалығымен өткен жаңа астықты тасымалдау мәселесіне арналған кеңес өткізілді. Кеңеске мемлекеттік органдар, «ҚТЖ –Жүк тасымалы» АҚ, Азық түлік корпорациясы» ҰК» АҚ, «Астық Транс» АҚ, трейдерлер мен Қазақстанның астық нарығындаы кәсіпорындар мен мекемелер өкілдері қатысты. Қ. Алпысбаев астық тасымалын барынша жинақы өткізудің маңыздылығына тоқталып, компанияның осы бағытта атқарып жатқан жұмыстарына тоқталды. «Қазақстандық астық Орталық Азия, Таяу Шығыс, Ресейге экспортқа шығарылуда. Қытай бағдарын…

0
0
524

Бішкекте ТМД елдерінің көшбасшылары қауіпсіздікті қамту жөніндегі құжаттарды қарайды

2016 жылдың 16 қыркүйегінде Бішкекте өтетін ТМД Мемлекеттері басшылары кеңесінің мерейтойлық отырысында гуманитарлық ынтымақтастық пен қауіпсіздікті қамту саласындағы саяси байланыс құжаттары қарастырылады, деп хабарлады ұйымның сайты. ТМД Мемлекет басшылары кеңесінің отырысы күннің екінші жартысында «Ала-Арча» мемлекеттік резиденциясында өтеді. Оған дейін ТМД сыртқы істер министрлерінің кеңесі өтеді. Бағдарламаға сәйкес, мемлекет басшылары кеңесінің екі отырысын өткізу жоспарланған, шағын және кеңейтілген отырыс Қырғызстан Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаевтың төрағалығымен өтеді. ТМД атқарушы комитетінің ақпараттық-сараптмалық департаменті хабарлағандай, маңызды жобаларға келесілер жатады: - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының қатысушы елдері басшыларының ТМД-ның 25 жылдығына о…

0
0
387

Ақтөбеде аймақтық медициналық кластерды құру жобасы талқыланды

Бүгін Ақтөбе қаласында денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің «Кластерлік медицина, мемлекеттік-жекенменшік серіктестік. Халықаралық байланыстарды жетілдіру. Аймақтық денсаулық сақтау саласының күн тәртібіндегі жаңа мәселелері» форумы өтті. Жиынға алыс-жақын шетелдердегі медициналық ұйым басшылары, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Дүниежүзілік банк өкілдері қатысты. Форумда сөз сөйлеген ҚР ДСӘДМ Жауапты хатшысы Аида Құрманғалиева Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың аясында денсаулық сақтау жүйесі инфрақұрылымын дамыту мен жақсарту бойынша жұмыс әрі қарай жалғасатынын атап айтты. «Аймақтардағы және медициналық көмек көрсетудің әртүрлі деңгейлеріндегі денсаулық сақтау инфрақұрылымдарын дамытудың бірегей перспектив…

0
0
390

Н.Назарбаев: ТМД өзінің өміршеңдігін, тиімділігін және перспективалылығын дәлелдеді

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы біздің елдерді жақындастыратын бірегей алаң болып табылады. Достастық өзінің тұрақтылығын, мақсаттылығын және келешегінің зор екендігін дәлелдеді, деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Бішкекте өтіп жатқан ТМД Мемлекет басшылары кеңесінің шағын құрамда өткен отырысында. «1991 жылы қол қойылған Алматы декларациясы арқылы негізі қаланған Тәуелсіз мемлекеттер достастығы бүгінде елдерімізді жақындастыра түсетін бірегей алаң болып қала береді. Біздің Достастық жұмысын жалғастырып және болашаққа деген жоспарларды іске асыра отырып, өзінің өміршеңдігін, тиімділігін және перспективалылығын дәлелдеді. Сондай-ақ, Достастықтың тәжірибесі ЕАЭО және ШЫҰ тәрізді интеграциялық ұйымдарға да септігін тигізді. Осылайша, Алматыда 1991 жылы 21 желтоқсанда ТМД-ның құрылуы зор тарихи…

0
0
437

Бішкекте ТМД елдерінің көшбасшылары қауіпсіздікті қамту жөніндегі құжаттарды қарайды

2016 жылдың 16 қыркүйегінде Бішкекте өтетін ТМД Мемлекеттері басшылары кеңесінің мерейтойлық отырысында гуманитарлық ынтымақтастық пен қауіпсіздікті қамту саласындағы саяси байланыс құжаттары қарастырылады, деп хабарлады ұйымның сайты. ТМД Мемлекет басшылары кеңесінің отырысы күннің екінші жартысында «Ала-Арча» мемлекеттік резиденциясында өтеді. Оған дейін ТМД сыртқы істер министрлерінің кеңесі өтеді. Бағдарламаға сәйкес, мемлекет басшылары кеңесінің екі отырысын өткізу жоспарланған, шағын және кеңейтілген отырыс Қырғызстан Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаевтың төрағалығымен өтеді. ТМД атқарушы комитетінің ақпараттық-сараптмалық департаменті хабарлағандай, маңызды жобаларға келесілер жатады: - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының қатысушы елдері басшыларының ТМД-ның 25 жылдығына о…

0
0
250