Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Ақмола облысының басқармаларының персоналды басқару қызметтері үшін тағылымдама өткізді
А.ж. 13-15 қыркүйегі аралығында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) облыстық басқармалардың персоналды басқару қызметтері үшін тағылымдама өткізді.
Конкурстық іріктеу, мемлекеттік қызметшілердің қызмет бабында өсуі, тағылымдаманы ұйымдастыру, тәлімгерлік, қызметшілерді бағалау, оқыту және т.б. мәселелер талқыланды.
Тағылымдама барысында департамент қызметкерлері мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы практикалық тұрғыда қолдану бойынша әдістемелік және түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Барлық сұрақтарға қанағаттанарлық жауаптар берілді.

