Мәжіліс ҰЭМ-ге бюджеттік қаражаттың тиімді жұмсалуына қатаң бақылау орнатуды ұсынды
«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру тұрғын үймен қамту мәселесін толықтай шешпейді, деді Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов Мәжілістегі Үкімет сағатында.

«Тұрғын үй құрылысының негізгі проблемасы – жүзеге асыру кезіндегі келісудің жоқтығы. «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 2015-2016 жылдары жалға беру және несиелік тұрғын үй құрылысына 180 млрд теңге бөлінді. 2016 жылдың 10 ақпанында қосымша 202 млрд теңге бөлінді. Республика бойынша 2015 жылы тұрғын үй құрылысына 740 млрд теңге инвестицияланды, 2016 жылдың қаңтар-шілдесінде 422 млрд теңге бөлінді», - деді Н.Сабильянов.
Ол айтып өткендей, бұндай қаржы тұрғын үй құрылысын бірқатар үдемелей түсуі керек еді.
«Алайда, мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру тұрғын үйге тапшылық мәселесін толық шешкен жоқ. Ұлттық экономика министрлігі бюджеттік қаржының тиімді жұмсалуына бақылау орнатуы тиіс», - деді ол.
Депутаттың пікірінше, мемлекеттік бағдарламаның операторлары мен құрылыс агенттерінің ақша ресурсын әрқалай бөлуі күмән тудырады.
Ақпарат көзі: strategy2050.kz
