Мазмұнға өту

Жаңа

Гонконг делегациясы Алматының инвестнарығын зерттейді – әкімдік

Алматы әкімі Бауыржан Байбек «Гонконг» арнайы әкімшілік ауданының қаржы хатшысы Джон Цангтың төрағалығымен келген Гонконг бизнес делегациясын қабылдады, деп хабарлады қала әкімдігі. Тараптар Алматы мен Гонконг арасындағы екіжақты тығыз байланысты атап өтіп, экономиканың бірқатар салаларында ынтымақтастықты жалғастыру қажеттігі туралы айтты. Сондай-ақ, Қазақстан мен Гонконг арасындағы іскерлік ынтымақтастықты «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясында дамыту мәселесі қаралды. Айта кетейік, 2016 жылдың қаңтар-шілде айларында екі қала арасындағы тауар айналымы 4,2 млн долларды құрады. Ол 2015 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда екі есеге көп. Алматыда 6 бірлескен кәсіпорын мен 17 гонконг капиталының қатысуымен құрылған кәсіпорын бар. «Біз өзіміз үшін басым қалаларды анықтадық, олардың тәжірибесі…

0
0
264

Қазақстанның электр станцияларының отын қоймаларында 3 млн тоннадан астам көмір жинақталған

Қазіргі кезде Республикамызда электр қуатын өндіру сағатына 63 млрд. киловатты, бұл ретте тұтыну сағатына 61,9 млрд. киловатты құрайды, бұл көрсеткіштер өткен жылдың деңгейіне сәйкес келеді, деп хабарлады Энергетика министрлігі. Тұтас алғанда Қазақстанның энергетика кәсіпорындарында алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындық ұйымдасқан түрде өтіп жатыр. Сонымен қатар, шарттар мен кестелерге сәйкес, электр және жылу қуатын тұтынушыға жеткізу тұрақты қамтамасыз етіледі. Қазіргі кезде электр станциялардың отын қоймаларында 3,2 млн. тонна көмір және 122 мың тонна мазут жинақталған. 2016 жылға Қазақстанның бірыңғай энергетикалық жүйесі электр станцияларының негізгі жабдықтарын жөндеудің бекітілген кестесіне сәйкес, 2016-2017 жж. күзгі-қысқы кезеңде елдің тұтынушыларын тұрақты энергиямен жабдықтау үші…

0
0
315

Астанада 12 мың бірінші сынып оқушысы көлік карталарына ие болады

Бүгінгі таңда ASTRA PLAT жол жүру ақысын төлеудің электрондық жүйесін енгізу, Астана қаласының қоғамдық көліктер саласының дамуындағы маңызды мәселелердің бірі. Астана қаласы мектептерінде биылғы жылдың күзінде мектеп көлік картасын беру жұмыстары жүреді. Мектеп көлік картасын тек ASTRA PLAT арнайы мектеп порталында тіркелген оқушылар ғана ала алады. ASTRA PLAT мектеп порталымен жұмыс істейтін арнайы жауапты маман бекітілген. Жаңа оқу жылының басталуына байланысты Астанада 12 000 бала алғаш рет мектеп табалдырығын аттаған, міне, осы балаларға көлік карталарын беру жоспарланып отыр. Сонымен қатар, елордалық орта білім беретін мекемелерде өткен оқу жылының соңында кейбір оқушылар көлік карталарын алып кетуге үлгермеген. Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылдың көктемінде жүргізілген дайындық…

0
0
589

Ақтөбеде медициналық көмек көрсететін бірыңғай диспетчерлік орталық ашылады

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің жауапты хатшысы Аида Құрманғалиева Ақтөбе облысындағы мемлекеттік -жеке меншік серіктестік жобаларымен танысты, деп хабарлады облыс әкімдігі. Нысандарды аралау барысында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев мемлекеттік -жеке меншік серіктестік аясында тартылған инвестициялар жоғары медициналық кластердің қалыптасуына әсер ететіндігін мәлімдеді. «Мемлекет басшысы Тәуелсіздіктің алғашқы күніне бастап медицинаға зор көңіл бөлді. Бірқатар мемлекеттік бағдарламалар қабылданды. Ел бойынша бағдарламалар аясында мыңдаған медициналық мекемелер салынды. Бүгінде денсаулық сақтау саласы айтарлықтай алға жылжығанын көріп отырмыз», - деді Б. Сапарбаев. Ақтөбедегі «Дару» оңалту орталығының маңынан «Дару жарығы» офтальмологиялық орталығы салынып жатыр. Мұнда…

0
0
376

Молданазар и его новая песня «Өзің ғана»

Не так давно я впервые побывала на концерте Галымжана Молданазара. Ощущения были волшебные. Романтика теплого летнего вечера, благодарная публика и, конечно же, талантливейший парень, творческое видение которого заставляет по-новому взглянуть на музыку отечественного производства. Музыкой Молданазара хочется гордиться, хочется делиться, чтобы как можно больше народу вышло из неведения и тоже влюбилось в эти песни на прекрасном казахском языке. Во время концерта с моих уст не сходила улыбка. Настолько душевно были исполнены композиции, настолько была уютная и теплая атмосфера. Люди поддерживали исполнителя такими криками как "молодец!", "давай, братишка!", как будто на сцене выступает не посторонний, а кто-то совсем родной. Чувствовалось, что публика переживает, болеет и переполняется горд…

19
5
1671

К. Штюрмер: Қазақстандағы машина жасаудың басты тренді – жаһандандыру

Германиядағы Price Waterhouse Coopers агенттігінің үздік халықаралық сарапшысы Кристоф Штюрмер Қазақстанның машина жасаушыларының IV форумы аясында әлемдік автоиндустрияның тәуекелдерін атап өтті. Айтылған әр тәуекел қазақстандық автоөндіріске әсер етеді. Машина жасаудың басты тренді жаһандану екенін атап өтті . «Автокөліктердің мегатренді – жаһандану. Қазақстан үлгі болып табылады. Екі онжылдық бұрын ел болмаған, қазір гүлденіп жатыр, жаңа нарықтар даму үстінде. Ал, өндірістік кәсіпорындар нарықта сұранысқа ие», - деді К. Штюрмер. «Біз қалаларға шоғырландыру әдісін де көріп отырмыз. Қалаға ауылдық жерлерден адамдар шоғырланып жатыр, мен Астана статистикасын көрдім. Қазір Астанада келгендерді қосып санағанда 3 млн адам өмір сүріп жатыр дейді. Демек, екі миллион адам ауылдық жерлерден жина…

0
0
552

Атырау облысы Астанадағы жәрмеңкеге 30 тонна балық өнімін жеткізеді

Атырау облысы Астанадағы жәрмеңкеге 30 тонна балық өнімін жеткізеді, деп хабарлады ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да Атырау облысы әкімінің орынбасары Әлібек Наутиев. 17-18 қыркүйек күндері Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында «Қуатты өңір – қуатты Қазақстан» атты – Атырау облысының Астана қаласындағы күндері өткізіледі.Жәрмеңкеде облыстың 36 тауар өндірушілері қатысып, жалпы көлемі 90,1 тонна өнім шығару жоспарлануда: балық – 31 тн., картоп және көкөніс өнімдері – 38 тн., сүт өнімдері – 4,6 тн., ет өнімдері – 6,3 тн., шұжық өнімдері–2 тн., консервіленген ет өнімдері– 5200 дана, жұмыртқа – 100 мың, салат өнімдері – 250 дана, бөдене жұмыртқасы – 7 мың дана. “Сонымен қатар, жәрмеңке барысында облыстың өнер шеберлерінің концерттік бағдарламасы өтеді. Концертке Жылыой, Махамбет, Мақат аударының шығ…

0
0
369

М. Пішембаев: Машина жасаудағы бір жұмыс орны іргелес өнеркәсіп салаларындағы 100 жұмыс орнына тиесілі

Машина жасау саласында ашылған бір жұмыс орны мультипликативтік әсерге ие және ол іргелес өнеркәсіп салаларында 100 жұмыс орнын құру мүмкіндігіне ие, деп «Қазақстан машина жасаушылар Одағы» ЗТБ төрағасы Мейрам Пішембаев Қазақстан машина жасаушыларының IV форумында айтып өтті. «Біздің шарамызға Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың машина жасау саласының дамуына көңіл бөлетіндігі ерекше маңыздылық береді. Президенттің арқасында еліміздің индустрияландыруында белсенді саясат жүргізілуде және индустрияландырудың жүрегі машина жасау болып табылады. Машина жасаумен құрылған бір жұмыс орны мультипликативтік әсерге ие және оларда көршілес өнеркәсіп салаларында 100 жұмыс орнын құру мүмкіндігі бар»,-деді ол. М. Пішембаевтың айтуы бойынша, Қазақстанда машина жасау өндірісін оқшаулауға мүдделі және үлест…

0
0
355

Қазақстандық автоөндірісте даму күтілуде – Лаврентьев

Мемлекеттің уақытылы қолдауының нәтижесінде қазақстандық автомокөліктер авто нарығында 30 пайызға жетті, деді Қазақстандық автобизнес қауымдастығының президенті Андрей Лаврентьев. Қазақстанның машина жасаушыларының IV форумында сөз сөйлеген Андрей Лаврентьев Қазақстандық автоөндірісте даму күтіліп отырғандығын айтты. «Барлы күмән келтірушілерге айтатыным, қазақстандық машина жасаудың құлдырауы туралы тұжырымдар тым әсіреленіп жіберілген. 2016 жылы біздің компаниялар қолдан келгендерін жасады. Hyundai компаниясы экспорттық нарыққа шықты, «СИМАЗ» компаниясы комбайн мен себеттің локализациялық үрдісін толық аяқтады. Қостанайлық автокәсіпорын – Peugeot автокөліктерін бояу мен Jac автомобильдерінің экспортын қамтамасыз етпек. «АзиаАвто» компаниясы жүзеге асырып отырған толық циклді зауыт ресей…

0
0
357