2016 жылдың 15 қыркүйекте «Азаматтық бақылау» жобасының шеңберінде қоғамдық бақылауда кезекті азаматтық қабылдау өткізілді.
Қабылдауды Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының лицензиялау және аттестациялау бөлімінің басшысы Тажбаев Ғайса Бектемісұлы, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы бөлімінің бас маманы Абдрахманова Айзада Айнабекқызы өткізді.
Қабылдауда облыс аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, сәулет саласындағы қызметті лицензиялау және аттестациялау және құрылыс материалдарын өндірудегі құрылыс-монтаждық жұмыстардың орындалуын бақылау және қадағалау сұрақтары талқыланды.