Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық үкіметтік емес сектордың көзқарасымен

А.ж. 21 қыркүйекте Департамент Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған қызметті ұйымдастыру жөніндегі 2016 жылға арналған кешендік жоспарға сәйкес,  Сандықтау ауданында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық – қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенімге негізделген маңызды кәсіби стандарт» тақырыбында диалог алаңын өткізді.

Іс-шараға мемлекеттік мекемелердің, үкіметтік емес, діни, этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Диалог алаңын өткізудің мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа құқықтық, рухани-адамгершілік шаралармен ықпал етуді қолдану арқылы қоғамда сыбайлас жемқорлыққа «мүлдем төзбеушілік» қағидасын қалыптастыру. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың негізгі мазмұнын тек қана құқықтық емес, рухани-адамгершілік тұрғыдан да тыйым салынатын көрініс ретінде ашу болып табылады.

Модератор ретінде Департамент басшысы Қ.Жапақов сөз сөйледі. Брифингтің негізгі спикерлері ретінде Департаменттің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Қ. Сұлтанғазиев, Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы М. Ахметқалиев, аудандық мешіттің имамы Қ. Жұмағалиев, Лесхоз негізгі мектебінің дінтану  пәнінің мұғалімі  Л. Исаева, Сандықтау ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы  Б. Сейітжанова қатысты.

Диалог барысында қатысушылар облыста жүргізілетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат туралы көзқарастармен  және оның жағдайын жақсарту бойынша, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы, мемлекеттік қызмет туралы заңнамалардың және Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің талаптарын бұзуды болдырмау бойынша ұсыныстарымен бөлісті. Атап айтқанда, азаматтық қоғам, діни бірлестіктер институттарының сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілігін қалыптастыру, сондай-ақ, жастарды    сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті  тәрбиелеу және жастар ұйымдарын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды насихаттауға тарту бойынша мүмкіндіктер әлеуетін белсендету  мәселелері қозғалды.

Диалог алаңына қатысушылардың ұсыныстарын ескере отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы барлық бағыттар бойынша одан әрі әрекеттесу қажеттілігі туралы шешім қабылданды.

Осы іспеттес іс-шаралар облыстың барлық аудандарында өткізілетін болады.

Департамент госслужбы

0
0
1645

Осы тақырып бойынша

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық үкіметтік емес сектордың көзқарасымен - Yvision.kz