Мазмұнға өту

Жаңа

Ақтөбе облысы Канадамен ынтымақтастықты кеңейтеді

Бердібек Сапарбаев Канаданың Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Шон Перри Стайлмен өзара тиімді ынтымақтастықтың келешегін талқылады, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. 2015 жылы өңірдің Канадамен тауар айналымы 2,6 млн. долларды құрады. Олардың негізін сырттан әкелетін ауылшаруашылық және орман шаруашылығы машиналары, қыздырылған резеңкеден жасалған бұйымдар құрайды. Облыстың сыртқа шығаратын құрлымына өлшеу және бақылау аспаптары құрал-жабдықтар мен машиналар кіреді. «Ақтөбе облысы елдің мұнай-газ, хром рудасын, ферроқорытпа және құрылыс материалдарын өндіретін индустриалды дамыған өңір болып табылады. Облыста хромның барлық отандық қоры, оның ішінде 340 пайдалы қазбалар кен орындарымен қосқанда бірегей минералдық-шикізат базасы бар. Канаданың тау-ке…

0
0
271

Мәжіліс Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы стратегиялық әріптестік туралы келісімді ратификациялады

ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы барысында депутаттар Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы стратегиялық әріптестік туралы келісімді бекітуді мақұлдады. «Қазақстан Тәжікстанды бауырлас мемлекет ретінде қарастырады. Біздің елдеріміз ТМД, ҰҚШҰ мен ШЫҰ кеңістігінде интеграциялық бірлестіктер шеңберінде оңтайлы ынтымақтасады»,-деді ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Мұхтар Тілеуберді. Оның айтуы бойынша, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша біздің елдеріміздің ұстанымдары сәйкес келеді. Осылайша, Қазақстан мен Тәжікстан халықаралық бастамаларына өзара қолдауды қамтамасыз етуде, көбінесе, Душанбе Қазақстанның 2017-2018 жылдарға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне кандидатурасын, ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін Астанада өткізу кандидатурасын қолдад…

0
0
219

Ұлт жоспары: Таразда жастарға қызмет көрсету орталығы ашылды

Қазіргі таңда 5 институциональды реформаны жүзеге асыру бойынша, «100 нақты қадам» бағдарламасының 99 қадам аясында жаңа заң қабылданып, жастарға қызмет көрсету кеңесі құрылған. «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Исламбек Дастанның хабарлауынша, «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі 2002 жылы құрылды. Қауымдастықтың басты мақсаты: жастар ұйымдарының консолидациясы болып табылады. Осы күнге дейін он бестен астам мемлекеттік тапсырыс орындалып, қауымдастықтың «Темірқазық» жастар қозғалысы, мемлекеттік «Операция Марс» секілді үлкен жобалар жүзеге асырылды. 2012 жылы қауымдастықтың мүшелігінде он жеті бірлестік болса, қазіргі таңда отыздан астам ұйымның басы біріктірілді. Оның жетпіс пайызы облыс, қала, а…

0
0
695

Қазақстан Украина АЭС-іне жанармай шығаруды жоспарлауда — Қазатомөнеркәсіп

Украинаның энергетика және көмір өнеркәсібі министрлігі мен «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басшыларының кездесуі Киевте өтті, деп хабарлады Ұлттық компанияның баспасөз қызметі. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиев Украинаның энергетика және көмір өнеркәсібі министрі Игорь Насаликпен кездесті. Бұл министрлік делегациясының Қазақстанға жасаған сапарынан кейінгі екінші кездесу болды. «Қазақстанның атом компаниясы мен Украинаның энергетикалық мекемесінің басшылары ынтымақтастық векторларын анықтап берген бұрынғы кездесудің тиімділігін атай отырып, атом энергетикасы саласындағы бұдан былайғы ынтымақтастық мәселелерін талқылады», - делінген хабарламада. Кездесуде негізінен украиналық реакторларға арнап ядролық отын өндіру мәселелеріне назар аударылды. Игорь Насалик украинал…

0
0
224

WorldSkills жеңімпаздары Түркияда тағылымдамадан өтеді

WorldSkills жеңімпазы тағылымдадан өтуге Түркияға барады, деді ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ-ның Басқарма Төрағасының м.а. Нұрғали Аршабеков. WorldSkills әдістемесі кәсіби шеберлікті бағалау және дамыту үшін әлемдегі ең озық әдістердің бірі болып табылады. Осылай аталатын «Чемпионаттық білім» салалар бойынша шеберліктің жоғары көрсеткішін анықтауға және оны әлемдік ең үздік тәжірибемен салыстыруға мүмкіндік береді. 2014 жылы осы қозғалысқа енген Қазақстан Республикасы оны еліміздің барлық көлемінде алға жүргізуде». WorldSkills – мақсаты жұмысшы мамандығының мәртебесін арттыру және дәріптеу болып саналатын халықаралық қозғалыс. Қазіргі таңда оның құрамына 75 мемлекет кіреді. Қазақстан 2014 жылы WorldSkills Ассоциациясының құрамына 70-ші мемлекет болып енді. Алғаш…

0
0
507

Банкроттық туралы заңға енген өзгерістер кәсiпорындарға бизнесiн оңалтуға бағытталған жолдарды анықтады

Банкроттық туралы заңға енген өзгерістер кәсiпорындарға бизнесiн оңалтуға бағытталған жолдарды анықтады. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк кiрiстер комитетi Салықтық бақылау департаментiнiң директоры Ерлан Нұрланбаев Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифинг барысында мәлiмдедi. «100 нақты қадам» шеңберiнде «Оңалту және банкроттық мәселелер туралы» жаңа заң қабылданды. Сол арқылы банкрот деп танылған кәсiпкерлер үшiн дағдарыстан шығудың жаңа жолдарын айқындап отырмыз. Бiрiншiден, заңда төлем қабiлетсiздiгiн реттеу қарастырылған. Кәсiпорын қарызға батқан жағдайда, ол банкроттыққа баруға мiндеттi емес. Заң борышкерге кредиторлармен қарыздарды қайтару жолдары мен мерзiмi туралы келiсiмге келуге мүмкiндiк бередi. Бұған 2 ай уақыт қарастырылған. Бұл ретте тұрақсыздық айыбын ес…

0
0
347

Қазақстанда ҚЖА-ны анықтау бойынша тексерумен 880 мыңнан астам адам қамтылды

Қазақстанда 19-28 қыркүйек аралығында қан айналымы жүйесі ауруларының (әрі қарай - ҚЖА) профилактикасы бойынша онкүндік басталды. Ол жыл сайын қыркүйек айының соңғы жексенбісінде өтетін Дүниежүзілік жүрек күнінің қарсаңында ұйымдастырылып отыр. ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, онкүндік аясында алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында бейінді мамандардың кеңес беруін қамтамасыз ететін ашық есік күндері ұйымдастырылады. Денсаулық мектептерінде артерия гипертониясы, жүректің ишемиялық ауруы, сонымен қатар, қауіп-қатердің мінез-құлық факторлары бар пациенттер үшін сабақтар өткізілетін болады. Халық көп шоғырланған жерлерде (базарлар, супермаркеттер, вокзалдар және т.б.) адамдардың артериалды қан қысымы тексеріліп, аудиороликтер кө…

0
0
737

Қазақстанда банкротқа ұшыраған кәсіпорынды атауы және тауар белгісімен сатып алуға болады

Банкроттық туралы заңға енгізілген түзетулерге сәйкес, банкрот-кәсіпорынды толық меншіктік кешенмен атауы және тауарлық белгісімен сатып алуға болады, сонымен қатар, оның жаңа меншік иесі атануына болады, деп хабарлады ОКҚ-дегі баспасөз-конференциясында ҚР ҚМ МКК Салықтық бақылау департаментінің директоры Ерлан Нұрланбаев. «Заңға сәйкес, банкрот-кәсіпорынды толық меншіктік кешенмен атауы және тауарлық белгісімен сатып алуға болады және оның жаңа меншік иесі атануына болады. Барлық кредит берушілермен есептескеннен кейін, кәсіпорынның банкроттық статусы алынып тасталынады», - деп мәлімдеді Е.Нұрланбаев. Оның айтуынша, заңның іске асырылуы қарызы бар компаниялардың бизнесін сақтап қалуға үлкен мүмкіндіктер береді. «Бұл жұмыс орындарының, салық салынатын негіздің сақталуы. Сондай-ақ, заң оңа…

0
0
1173

Қазақстан мен Ұлыбритания әскери-техникалық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

ҚР Қорғаныс министрлігінде Ұлыбритания Құрама Корольдігі және Солтүстік Ирландия Қорғаныс министрлігінің кеңейтілген Еуропа жөніндегі департаментінің бастығы Саймон Лоның сапары шеңберінде Қазақстан мен Ұлыбритания қорғаныс ведомстволарының әскери-техникалық ынтымақтастығы туралы меморандумға қол қойылды. Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, меморандумға қол қоюға өзара тиімді әскери-техникалық ынтымақтастықты жүзеге асыру үшін негіз құрудағы екі мемлекеттің қорғаныс ведомстволарының ниет білдіруі арқау болды. Қол жеткізілген уағдаластықты іске асыру қазақстандық қорғаныс-өнеркәсібі кешенін дамыту және қару-жарақ пен әскери техниканы жаңғырту мақсатында екіжақты байланысты кеңейтуге ықпал етеді. Ұлыбритания Құрама Корольдігі мен Солтүстік Ирландияның Қорғаныс министрліг…

0
0
284

Қазақстанда ақбөкендердің көші-қонын спутник арқылы бақылайтын болады

Қазақстанда жануарлардың көші-қон жолының өзгеруін білу үшін 25 ақбөкенге спутниктік қарғабау тағылады, деді АШМ орман және аң шаруашылығы комитеті төрағасы орынбасарының қызметін атқарушы Нариман Жүнісов Астанадағы брифингте. Қазақстанда ақбөкендерді қорғау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Елде аталмыш жануардың 3 түрі шоғырланған, олардың жалпы саны 108 мыңды құрап отыр. «Олардың қырылуының басты себебі пастереллез болған, себептерді анықтау жұмыстары жалғасуда. Шетелдік және отандық интитуттар қазанның соңына дейін есепті тапсыратынын айтып отыр», - деді Н.Жүнісов. Оның айтуынша, Орман шаруашылығы комитеті ақбөкендерді радиошамшырақпен қамтуды көздеп отыр. «Біз биологиялық сынаманы алып, 25 ақбөкенге радио қарғабауын тағуды жоспарлап отырмыз. Бұл олардың орын ауыстыруын бақылап отыру…

0
0
356