Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Қалқа жүрек» атты кітабының тұсаукесері мен шығармашылық кеші

Үлпілдек қылған үмітті,

Көделі, дархан атырап.

Жаратқан ақын жігітті,

Сол асыл қара топырақ.

(Ерболат Әміре)

Өлең десе ішкен асын жерге қоятын жұрттың қарасы көп. Осы сөзге дәлел Екібастұз қаласының «Ата - Мұра» орталығына жиналған кешегі өнер сүйер, жыр сүйер қауым. Жас ақын Ерболат Әміренің «Қалқа жүрек» атты кітабының  тұсаукесері мен шығармашылық кеші өтті. Журналисттер одағының мүшесі, «Отарқа» газетінің редакторы қызметін атқарған Садуақасов Жассерік  Жалелұлы жүрек жарды тілегімен кештің шымылдығын ашты. Керекулік айтыскер, ақын Жүгінісова Алмагүл жүргізген кеште осы шараның өтуіне мұрындық болған. Бүгінгі күні Ерболаттың ұстазы, ақын Алмагүл Жүгінісова.

Кеш сұхбат түрінде өрбіді.Әдеби кеш болған соң ақын сиясы кеппеген өлеңдерін оқып, Екібастұз жұршылығының қошеметіне бөленді. Бұл кешке Павлодар облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар бастамаларын дамыту орталығының» қызметкерлері арнайы барып, құттықтау лебіздерін жеткізді. Жастар бастамаларын дамыту орталығының 2016 жылдың үздік жобаларының бірі «Тұлға жолы» экпедиция аясында Ерболатпен жақын араласып,  жақын бауырына айналғаның  жоба жетекшісі Ғабит Хафиз жеткізді. «Тұлға жолы» жобасының  қатысушылары және ұйымдастырушыларының атынан естелік сый-сияпатын табыстап және құттықтау сөзімен Мақпал Шәкібаева жалғай түсті. Павлодар облысының «Алдаспан» ақындар клубының жетекшісі, журналист Замира Солтан керекулік жас ақындар атынан құттықтау сәлемін жеткізді. «Алдаспан» ақындар клубының мүшесі, айтыскер ақын Алтынбек Мақсатхан өнердегі досы Ерболатқа өзінің арнауын арнады.

Құттықтау лебіздерімен ақынның мектептегі ұстаздары да көрінді. Алғаш болып Ерболаттың ақындық өнерін байқаған да осы жандар. «Зерде» дарынды балалар мектебінің оқушылары ақынның өлеңдерін оқыса, достары әуезді әндерін орындады. Көп уақыт өтпей бәріміз күткен «Қалқа жүрек» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Салтанатты рәсім «Ата-мұра» орталығының директоры Төлеубаева Нұрсұлу Еркебайқызына бұйырды.

Абай атамыз « Ақындық-Алланың адамға берген сыйы» деген екен. Яғни, бұл бойыңа бала жасыңан, анаңның сүтімен бірге даритын қасиет деген сөз. Екібастұзда да сөздің мәнін түсінетін жас-тардың бар екенін біліп қуандық. (Сайлау Байбосын)

Іздейді мені сол өзен,

Іздейді ауыл, тал, ағаш.

...Емдеші мені тез, Өлең,

Жүрегім менің жара,рас!

 

***Сағымым тербеп күні-түн,

Туған жер шақырғанымен.

Қуантар ақын жігітін

Құр ғана топырағымен.

     
0
0
2287

Осы тақырып бойынша

«Қалқа жүрек» атты кітабының тұсаукесері мен шығармашылық кеші - Yvision.kz