Алматы қаласының техникалық, кәсіби, жалпы білім беру және жоғары оқу орындарының педагогикалық ұжымдарымен кездесу өтті
Алматы мемлекеттік бизнес колледжінде (бұдан әрі – Колледж) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің (бұдан әрі – Департамент) Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының өкілдері Алматы қаласы Білім басқармасымен бірлесіп Алматы қаласының техникалық, кәсіби, жалпы білім беру және жоғары оқу орындарының педагогикалық ұжымдарымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім, тәрбие және сауаттандыру мәселелері» атты тақырыпта кездесу өткізді.
Департаменттің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Мақсатхан Анапин Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының негізгі бағыттарын түсіндіріп, өскелең ұрпақтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру мақсатында оқу бағдарламаларын жетілдірудің маңыздылығын айтып өтті.
Колледж директорының тәрбие жөніндегі орынбасары Руслан Сарсенбаев әр оқытушы өз деңгейінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытта жұмыс жүргізетінін айтып, колледжде жаппай оқу өткізілетіні, студенттік өзін-өзі басқару жұмыс жасайтыны, тәлімгерлік жүйесі қалыптасқаны және «Жас Отан» жастар қанатының бөлімшесі жұмыс істейтіні туралы айтып өтті.
Алматы технологиялық университетінің аға оқытушысы Гүлшат Ақбаева студенттердің 2016 жылдан бастап оқу бағдарламасына енгізілген «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің негіздері» атты пәнін оқитынын айтып, балаларды отбасылық құндылыққа оқытуды ұсыныс ретінде енгізді.
Алматы қаласы №106 орта мектептің тарих жөніндегі мұғалімі Ляйлә Черкесова мектепте «Алдар көсе» және Крыловтың мысалдары бойынша креативтік әдістер бойынша оқу жүргізілетінін айтты. Мектепте сапалы тәрбиенің негізі отбасыдан басталатынын айтып, тәрбие берудің сапасын арттыру бағытында педагогикалық ұжыммен жүйелі түрде жұмыс жасауға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комитет құрылды.
Талқылау барысында қатысушылармен білім берудің барлық деңгейлерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті қалыптастыру бағытында арнайы оқу әдістемесін жасауға ұсыныс енгізілді.
Іс-шара сұрақ – жауап форматында өтті.
