ru
Default banner
Разное
426 297 жазбалар48 тіркелуші
Всяко-разно
0

Отандық өндірісті қолдау – мемлекетті индустрияландырудың негіздерінің бірі

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы қаласы бойынша департаменті Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтің Жарлығымен бекітілген 2015-2025 жылдарға арналған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын және бес институционалды реформаны іске асыруды талқылау мақсатында «Казлегпром-Алматы» ЖШС тігін және аяқ киім мекемесінің ұжымымен кездесті. Мекеме директорының орынбасары Дана Қаражанова – «Казлегпром-Алматы» ЖШС Қазақстан нарығында жеңіл өндіріс саласындағы жоғары технологиялық мекемелерінің қатарына кіретінін айтты. Мекеменің республикалық ЖІӨ қосқан үлесі 5% құрайды. Аяқ киім тігін фабрикасының құрылғанынан бастап жұмысшылардың саны 30 дан 450 ге дейін, яғни 15 есеге өсті. «Казлегпром-Алматы» ЖШС өндірістік күші әртүрлі сегменттер: әскери және әлеуетті нысанды киім нарығы, өндірістік мекемелер үшін арнайы киімдер мен аяқ киімдер нарығы, ер адамдардың киімдер мен аяқ киімдер азаматтық нарығы және мектеп киімдер нарығы үшін 1,5 млн. дейін әртүрлі тігін бұйымдар мен жылына 500 мың жұп аяқ киім өндіруге мүмкіндік береді.

«Казлегпром-Алматы» ЖШС жанында «Шебер» атты оқу орталығы жұмыс істейді. Аталмыш орталық мамандарды тігін және аяқ киім өндірісі бағытында 7 бағдарлама бойынша даярлап және қайта даярлап жұмысқа орналасуға қамтамасыз етеді. Аз уақыт аралығында «Шебер» атты оқу орталығы тігін және аяқ киім өндіріс саласы бойынша 300 ден астам мамандарды оқытты.

Департаменттің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының өкілдері Жаннат Юсупова мен Нұрбол Бейсеков сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын дамыту, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа ықпал ететін себептермен жағдайларды жою мақсатында қоғамның барлық институттарын тарту аясында енгізілген нормативтік-құқықтық актілері туралы түсініктеме берді.

Іс-шара сұрақ-жауап форматында өтті.