Әдеп жөніндегі кеңес өтті
ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің БҚО-дағы Әдеп жөніндегі кеңесінің 2016 жылдың 22 қыркүйегінде өткен кезекті отырысында Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы мен Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшыларының есептері тыңдалып, БҚО тексеру комиссиясының мүшесіне қатысты тәртіптік іс қаралды.
Алдымен, Әдеп жөніндегі кеңес Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы A.H.Ғұбайдуллиннің аталған басқармада сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау негізінде жүргізілген талдау қорытындылары бойынша алынған шаралары туралы есебі тындалып, оның нәтижесі бойынша Кеңес тарапынан басқармамен атқарылған жұмыстарға оң баға беріліп, алдағы уақытта аталған жұмыстарды тұрақты түрде жүргізу туралы тиесінше ұсыныс берілді.
Әрі қарай, Әдеп жөніндегі кеңес отырысында Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы бұзушылықтардың профилактикасы бойынша жұмысының қорытындыларын қарау мәселесі бойынша басқарма басшысының м.а. К.А.Минеевтің есебі тындалып, қаперге алынды.
Сондай-ақ кеңес тарапынан алдағы уақытта мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнаманы бұзушылықтардың профилактикасы бойынша жұмыстарды тұрақты түрде жүргізу жөнінде ұсыныс берілді.
Соңында, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің ұсынысы негізінде, Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Қ.С.Алпысбаевтың өзіне бағынышты лауазымдағы қызметшіге аудиторлық тексеріс кезінде анықталған құқықбұзушылықты тексеру қорытындысы бойынша актіде көрсетпеу жөнінде тапсырма беру мәселесіне қатысты тәртіптік ісі қаралып, нәтижесінде Әдеп жөніндегі кеңесімен, аталған тұлғаның іс-әрекетінде бұзушылық белгілерінің анықталмауына байланысты тәртіптік іс тоқтатылды.
