Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Өскелең ұрпақты тәрбиелеу – салауатты қоғамның іргетасы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы қаласы бойынша департаменті (әрі қарай - Департамент) Алматы қаласының Білім  басқармасымен  бірлесе отырып, мектепке дейінгі  білім беру тәрбие бойынша оқытатын мектепке дейінгі мекемелердің басшыларымен және педагогикалық ұжымдарымен кездесу өткізді.

Департаментің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Максатхан Анапин өскелең ұрпақтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруда жұмыс жүргізу маңызды рөл атқарады,   жастайынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар мінез-құлқын еңгізу әлеуметтік зұлымдықты жоюға мүмкіндік береді, және  қазақстандық патриотизм мен сыбайлас жемқорлықты қабылдамау рухында тәрбиені қалыптастырады. Сондай-ақ, "Жеті Жарғы Тәуке хан", "Қасымханның Қасқа жолы", "Есімханның ескі жолы" қағидаттарында сыбайлас жемқорлықты сезіну және қабылдамау ұлттық мәдениетке жат құбылыс екендігін жеткізді.

Алматы қаласы № 162 балабақша меңгерушісі – Жанар Рысқұлова мектепке дейінгі мекемелерде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша жүргізіліп жатқан  жүйелі жұмыстары туралы атап өтті.

Алматы қаласының № 185 балабақша меңгерушісі - Гүлнар Яфарова балалардың  отанға, бір-біріне сүйіспеншілігі, және балалар арасындағы өткізілген сурет конкурстар туралы мәлімдеді.

Алматы қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары -  Гүлнар Айтқұлова балалар арасындағы өмірлік маңызды дүниетанымдық құндылықтарын қалыптастыруын жетілдіру бойынша баяндады.

Ұксас кездесулер Алматы қаласының техникалық және кәсіптік білім беру, жоғары білім беру педагогикалық ұжымдармен ағымдағы аптада жоспарланып отыр, себебі азаматтардың құқықтық  және  мәдениеттік салауаттығы құқық бұзушылық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсылық негізі болып табылады.

0
0
492

Осы тақырып бойынша

Өскелең ұрпақты тәрбиелеу – салауатты қоғамның іргетасы - Yvision.kz