Болашақ заңгерлер мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын қолдайды
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің (Бұдан әрі – Департамент) Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының қызметкерлері Д. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясында (Бұдан әрі – Академия) профессорлық оқытушы құрамы мен студенттердің қатысуымен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға арналған стратегиясының негізгі бағыттарын, ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» және «Әдеп кодексі» Заңдарын түсіндіру мақсатында семинар – мәжіліс өткізді.
Департамент өкілі Нұрбол Бейсеков ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға арналған стратегиясының мақсатын, негізгі бағыттарын, және міндеттерін түсіндірді.
Академияның ректоры Өмірәлі Жалайыри, академияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, студенттердің академия басшылығына сенімін арттыру және «Таза сессия» бағдарламасын іске асыру бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып өтті.
Іс-шара сұрақ – жауап форматында өтті.
