Мазмұнға өту

Жаңа

«Біз жемқорлыққа қарсымыз» акциясы

А.ж. 11 қазанда Есіл ауданының Свободное орта мектебінің оқушылары «Біз  жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбындағы мектептен тыс іс-шара өткізді.

Оқушылар Елбасының бес институционалдық реформасын іске асыруды қолдайтындықтарын өз үлгілерінде көрсетті. Осынау әлеуметтік жауыздықпен күресу керек деген ұранмен  акцияға 196 оқушы қатысты.

Оқушылардың жігерлілігі жас ұрпақ үшін осы іс-шараның маңыздылығын көрсетеді. Өйткені зұлымдыққа деген шыдамсыздық, қазақстандықтардың адал өмір салты – Отанымыз Қазақстан Республикасының өркендеуінің кепілі.

Департамент госслужбы

0
0
376

«Біз адал жолды таңдадық»

А.ж. 11 қазанда Есіл ауданында орта мектептердің 10 сынып оқушыларының арасында «Адал Жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны аясында «Біз адал жолды таңдадық» акциясы өткізілді.

Іс-шаранын  мақсаты: оқушылардың жемқорлық іспетті әлеуметтік құбылыс, оның туындау себептері, оның дамуына себепші болатын факторлар туралы білімдерін нығайту.

Аудандық білім бөлімінің құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі әдіскері  А. Гордя акцияның ашылу салтанатына кіріспе сөз сөйледі.

Іс-шараға 25 адам қатысты.

Департамент госслужбы

0
0
355

«Біз адал жолды таңдадық»

11 октября т.г.  В Есильском районе среди  учащихся 10 классов средних школ  в рамках антикоррупционного марафона «Адал Жол – Честный путь» проведена акция « Біз адал жолды  таңдадық».

Цель мероприятия: углубление    уровня знании учащихся такого явления, как коррупция, причин возникновения, факторов, способствующих ее развитию.

С вступительным словом выступила методист по профилактике правонарушений районного отдела образования А.Гордя.

В мероприятии приняли участие 25 человек.
Департамент госслужбы

0
0
385

Юрий Пактың ісі бойынша сот үкіміне қатысты БАҚ үшін ақпарат

Қарағанды қ. Қазыбек би аудандық соты а.ж. 3 қазанында Юрий Пакты терроризм актісі туралы жалған хабар таратқаны үшін 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасын берді.

http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/akparaty/yuriy-paktyn-isi-boyynsha-sot-ukimine-katysty-bak-ushin-akparat


0
0
434

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жаңа стандарттары – сыбайлас жемқорлықты азайту кепілі

Ағымдағы жылдың 12 қазанында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің БҚО бойынша департаментінде Мемлекеттік корпорация филиалдары департаменттері және үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатысуымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізілді.

Өткізілген семинардың күн тәртібінде көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету сапасын анықтау мақсатында қызмет алушылар арасында жүргізілген сауалнама нәтижелері тыңдалып, көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету саласында ҚР заңнамасында кездесетін құқықтық олқылықтар бойынша талдау қорытындысы талқыланды. Сонымен қатар, көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету сапасын анықтау мақсатында қызмет алушылардың сауалнамалары нәтижесі туралы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Мемлекеттік корпорация филиалы өкілінің және көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету саласында ҚР заңнамасында кездесетін құқықтық олқылықтар бойынша талдау қорытындысы туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің БҚО бойынша департаменті өкілінің баяндамалары тыңдалды.

Шара соңында «Азаматтық альянс», «Батыс Ақсай», «Жайық дауысы» және «Үміт әйелдер одағы» қоғамдық ұйым өкілдері тарапынан айтылған ұсыныс пікірлер ортаға салынып, назарға алынды.

 
0
0
250

Ақтөбе облысының 8,6 мыңнан астам тұрғыны «Әлеуметтік проблемаларды шешу» Республикалық акциясының аясында медициналық тексеруден өтті

Ағымдағы жылғы 29 қыркүйек пен 3 қазан аралығында «Әлеуметтік проблемаларды шешу» Республикалық акциясының аясында Ақтөбе облысы Алға, Қандыағаш, Шалқар аудандарының тұрғындарына 8,6 мыңнан астам медициналық тексеру жасалып, оның ішінде 3312 адам Астана және Алматы қалаларының ғылыми орталықтары мен ғылыми-зерттеу институттары мамандарының кеңесін алды. Медициналық тексеру нәтижесі бойынша 117 пациент (24 бала) мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек алу үшін республикалық орталықтарға жіберілді.

«Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ Басқарма басшысы, ҚР ДСӘДМ штаттан тыс бас нейрохирургі Серік Ақшолақов Шалқар ауданының инсульт және ауыр түрдегі бас сүйек-ми жабық жарақатын алған адамдарға кеңес беріп, оның ішінде 3 азаматты Астанадағы «Ұлттық нейрохирургия орталығына жіберді.

Сонымен бірге, облыстық орталықтардың жетекші мамандары Алға, Қандыағаш аудандарының 1942 мектеп оқушысын профилактикалық тексеруден өткізіп, оның 433-ін сауықтыруға жіберді.

«Денсаулық» медициналық пойызы қозғалысының аясында ҚР ІІМ ТЖК «Теміржол апаттық медицина госпиталі» АҚ дәрігерлері Алға, Қандыағаш, Шалқар аудандарының 3509 тұрғынын тексеріп, оның ішінде 922 азаматты диспансерлік есепке алды.

Тұрғындар арасында амбулаторлық-емханалық көмек көрсету, дәрілермен қамтамасыз ету, туберкулездің алдын алу және т.б. мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Медициналық ұйым қызметкерлері үшін республикалық орталық мамандары алғашқы медициналық-санитарлық көмек аясында медициналық қызметтердің сапасын жетілдіру мәселелері, сонымен қатар, 5 ауру (миокардтың жіті инфаркті, мидағы қан айналымының ауыр ауытқулары (инсульт), қатерлі ісік аурулары, сынықтар, жүктілік және босандыру) бойынша медициналық көмек көрсетудің  біріктірілген үлгісін енгізу, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың негізгі қағидалары жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Бүгін дәрігерлік десант жұмысты әрі қарай жалғастыру үшін Темір ауданына жіберілді.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР ДСӘДМ «Әлеуметтік проблемаларды шешу» акциясын өткізу үшін Ақтөбе облысына республикалық ҰЗИ мен ҰО-ның балалар мен ересектер бағыты бойынша 20 жетекші маман жіберілген болатын. Акция аймақ тұрғындарына мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға негізделген. Ағымдағы жылғы 29 қазанға дейін республикалық емхана дәрігерлері облыстың 5 ауданында медициналық тексерулер мен консультациялар өткізеді.

 
0
0
309

Абай мен Мәшһүр – Жүсіптің партияға көзқарасы

«Кобзардың жалынды гуманизм мен бостандықты аңсауы, өз халқына деген перзенттік адалдығы, бауырмалдығы, әділдігі адамдарға шексіз қымбат. Ақынның колониализм мен милитаризмді әшкерелеуі, қырсық пен қанаушылықтың қандай түріне болсын ерлікпен қарсы күресуі, өзінің шыншыл да жалынды жырларымен адамдарды жігерлендіруі бізге бұл күнде соншалықты жақын және қымбат».

Кезінде «Правда» газетінде Тарас Шевченконың шығармашылығы жөнінде қалам тартқан сыншы О.Гончардың «Бессмертие Кобзаря» атты мақаласынан алынған осы жолдарды қазақ әдебиетінің асқар шыңы, классигі Абай Құнанбаев пен жерлесіміз, тарихшы, ақын Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің партия тақырыбына жазған өлеңдеріне шолу жасау кезінде бір жазып, бір өшірдім.

Оған себеп кейінгі кезде кейбір зиялылардың: Сендер Абайды қазақтың Пушкині дейсіңдер, сөйтіп Абайдың қадірін қашырасыңдар, одан да Пушкинді қазақтың Абайы десендер өмір бойы өзгелерге кетіп келе жатқан есеміз сәл де болсын қайтып, еңсеміз бір тіктеліп, елдігіміз айдай әлемге айшықтана түспес пе еді деген пікірлері еді.


Обалы не керек, бір қарағанда қаймана қара қазақтың жыртысын жыртып тұрғандай-ақ. Тек бір қарағанда ғана олай дейтініміз ой сарабына сала келсеңіз мұның өзі әлемдік әдебиет атанған жер жүзі халықтарының ортақ рухани қазынасынан қазақ оқырманына шектеу болып шықпақ. Бұдан кімнің не ұтатынын кім білсін.

Тек бір нәрсенің басы ашық. Ол — мұндай жағдайда қазақ әдебиеті өзінің бүгінгі жеткен биігінен құлдырамаса, шыңға шырқап шығуы екіталай, қалай десек те «Ортақ өгізден оңаша бұзау артық» деген қағида, біздіңше, әдебиетке жүрген емес, жүрмек те емес.

Сонымен қатар ұлы Абай да, біздің аруақты ақын жерлесіміз, философ, тарихшы Мәшһүр - Жүсіп Көпеев те Украинаның Кобзары — Тарас Шевченко сияқты колониализм мен милитаризмді әшкерелеу, қорлық пен қанаушылықтың, қай түріне болсын өздерінің азаматтық ар-ождандарымен қарсы тұруы, сонымен қатар халқымыздың ұлттық ерекшелігіне тән шаруаға қырсыздығын, білімге құлықсыздығын ашына айтудан бір де кенде емес, тіпті Кобзармен үндес жатыр десе де болғандай.

Оны Абай мен Мәшекеңнің партияны сөз ететін төмендегі өлендерінен айқын аңғаруға болады.

Абай «Болды да партия» атты өлеңінде:

Болды да партия,

Ел іші жарылды.

Әуремін мен тия,

Дауың мен шарыңды, - деп онсыз да алтыбақан алауыз халықтың ұясына «партия» атты шоқ түсіп, ел арасы жарылып, бүлінгенін күңірене, күйзеле сөз етсе, Мәшекең «Қазақтың қылып жүрген жұмысы» атты өлеңінде Абай ақын көтерген мәселеге жаңа бір қырынан келіп:

Бөлініп жұрт екі жақ партиялап,

Қалмайды ұрғашыдай сол қиялап.

Басқа орын босағадан тимейтінді,

Бас қылып, бас жегізіп.тәрбиелеп, - деу арқылы партияға бөліну саясатының астарында жатқан зымиян қулық пен аярлықты айқын аңғартады. Ақын, біздіңше, «Басқа орын босағадан тимейтінді» деген жолға ерекше салмақ артқан.

Бұл арада ол партиялап шауып . жүргендерді бай, кедейге бөліп, таптық тұрғыдан келуден аулақ сияқты, оның есесіне партияны басқарып отырғандардың ел іргесі бүтін кезде пәтуалы ісінен гөрі ел ішіне іріткі салып, содырлыққа бой ұрған тентек, ақыл аясы тар, көрсеқызар, ұр да жық жандар екенін мегзейтіндей.

Сөйтіп партия құрушылардың соларды бас қылып, бас жегізіп, тәрбиелегенсіп, күні ертең партияға мойын ұсынғысы келмеген жұртқа итше айтақтамақ ниет ұстанып отырғанын астарлап жеткізеді. «Қазақтың мұнан кетер берекесі, жоқ болып ынтымағы, мерекесі» деп бұл сияқты партияшылардың қазақты тығырыққа тақайтынын жаны ауыра отырып ескертеді.

Абай:

Барымта мен партия,

Бәрі мастық жұрт құмар.

Сыпыра елірме, сұрқия, .

Көп пияншік нені ұғар, — десе,

ал Мәшекең:

Сол күнде азғырушы толып жатыр,

Шайтан да помогайтшыл болып жатыр, - деп «пияншік, помогайтшыл» деген бөгде сөздерді келтіру арқылы қазаққа пәле болып жабысқан партияның түп тамыры қайда жатқанын да тамыршыдай тап баса білген.

Ал мұның өзі колониализм мен милитаризмді әшкерелеу емес пе?! Сол сияқты Абай да, Мәшһүр-Жүсіп те қазақтың өзіне ғана тән қырсығы мен кесірін, «ел қағынды, мал сабылды, ұрлық, өтірік гу де гу» (Абай), «Мал сойысып болады татуласқан, ет жеу үшін бас қосып татуласқан, сәуір, мамырда тәп-тәтті тату болса, күмәнін шөп шабарда ағус ашқан» (Мәшһүр-Жүсіп) деп ұрлық пен өтірікке жанын салатын қазекеңнің берген сертіне, тіпті батасына берік еместігін өткір сынға алады.

Бір ескерте кетер жай, біз осы мақаланы жазғанда Мәшһүр-Жүсіпті Абайдай поэзия әлемінің асқар шыңымен иық тірестірсек деген ойдан әсте аулақпыз. Көздерінің тірісінде-ақ аттары аңызға айналып, алты алашқа мәлім болған Абай мен Мәшекеңнің өз замандарындағы партияға, оған қазақтың, қатысына көзқарастарының үндес шығып, көпшілік жағдайда бірін - бірі толықтырып, молықтырып отыратынын, партия ісіне араласқан замандастарына ризашылықтарынан гөрі кейістерінің көп болғанын, өйткені партияның қазақ үшін әкелер жақсылығы жоқ екенін данышпандықпен көре білгендіктерін айту.

Қос ақынның партияға көзқарасында қазіргі кезде партия құрып шала бүлініп жүргендер үшін де  зер салып оқыса, (уақыт алшақтығына қарамастан) тәлім аларлық, ой түйерлік жайлар жеткілікті дегіміз келеді.

Сүлеймен Баязитов

1
0
1078

Таңғажайып хайуанаттар және олардың мекені. Автор жайлы

Джоан К. Роулинг - Таңғажайып xайуанаттар және олардың мекендеу жерлері

Автор жайлы

Ньютон "Ньют" Артемис Фидо Скамандер ("аты мықты екен" - Гарри Поттердің жазуы. Ауд.ескертуі) 1897 жылы дүниеге келген. Оның анасы асыл тұқымды гиппогрифтерді асыраған және баласына сиқырлы xайуандарға қызығуышылық дарытқан. Хогвартс Мыстандар мен Сиқыршылар мектебін бітірген соң Скамандер мырза Сиқыр министрлігінің Сиқырлы жаратылыстарды бақылау бөліміне қызметке орналасады. Екі жыл Үй-елфтерін тіркеу басқармасындағы өзі айтқандай "жаман жалықтыратын жұмыстан" кейін ол Хайуанаттар бөлімшесіне ауысып, сол жерде өзінің сиқырлы xайуанаттар туралы терең білімінің арқасында қызметтік сатымен жылдам көтеріле бастады.

1947 жылғы Құбылтектер тізілімін толықтай дерлік жасаған осы кісі болғанымен, ол өзінің ең мақтанарлық жетістігі деп Британия аймағында асырауға келмейтін неше түрлі жаңа құбыжықтардың пайда болуының алдын алған 1965 жылы қабылданған Тәжірибелік өсірімді тыйдыру туралы заңды есептейді. Айдаһарларды зерттеу және шектеу бюросында жұмыстеу кезінде ол шетелдік іс-сапарларға жиі шығып, солардың барысында өзінің қазір елу екінші басылымында шығып отырған "Қиял-ғажайып xайуанаттар және олардың мекендеу жерлері" атты әлемдік бестселлеріне мәліметтер жинаған.

Ньют Скамандер сиқырлы xайуанаттарды зерттеу, яғни Сиқырлы зоологияға қосқан маңызды үлесі үшін 1979 жылы Екінші дәрежелі Мерлин орденімен марапатталған. Қазір ол зейнетке шығып, жұбайы Порпентинамен және Хоппи, Милли, Моулер атты сүйікті үй жануарлары - жүрмелектермен бірге Дорсетте тұрады.

5
3
870