Мазмұнға өту

Жаңа

Жоғарғы Сотта экономикалық қылмысқа байланысты істер бойынша өзекті проблемаларды талқылады

Жоғарғы Сотта 2016 жылғы 20 қазанда «Экономикалық қылмысқа байланысты істерді қарау кезіндегі өзекті проблемалар» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

«Дөңгелек үстелдің» жұмысына Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Абай Рахметулин, Бас прокурордың орынбасары Ерлік Кененбаев, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының  басшысы Талғат Татубаев, Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Тілеу Жаңғарашев және «Атамекен» республикалық ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқармасы төрағасының орынбасары Рустам Жүрсінов  қатысты.

Аталған тақырыпты судьялар, Бас прокуратураның,  Мемлекеттік кірістер комитетінің, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының, Ішкі істер министрлігінің және адвокатураның өкілдері  талқылады.

Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы А.Рахметулин кездесуді ашу кезінде экономикаклық қылмысқа, оның ішінде жалған кәсіпкерлік  бойынша қылмыстық істерге қатысты мәселелердің ерекше өзекті болып отырғанын атап өтті. Оның Мемлекет басшысының республикадағы бизнес ахуалды 2050 Стратегиясының басымдықтарына сәйкес жақсарту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында мәні зор. Қолданыстағы заңнаманың және нормативтік қаулылардың талаптарын сақтамау жалған кәсіпорынның контрагенттерінің, атап айтқанда адал кәсіпкерлердің құқықтарын бұзуға алып келеді. Олар қылмыстық процесте қорғалу құқығынан айрылған және олардың саны бір ғана қылмыстық іс бойынша жүздеген заңды тұлғаларды  құруы мүмкін.

«Дөңгелек үстелдің» барысында Жоғары Соттың судьясы Өмірсерік Қожабаев сөз сөйлеп, «Жалған кәсіпкерлік туралы заңнаманы қолданудың кейбір мәселелері туралы» 2009 жылғы 12 қаңтардағы №1 және «Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарды саралаудың кейбір мәселелері туралы» 2004 жылғы 18 маусымдағы №2 нормативтік қаулыларға енгізілген өзгерістерді түсіндірді.  Судья бір қылмысты екіншісінен ажырату қағидаларын нақты  тұжырымдады,  заңсыз кәсіпкерлік қызметтің және қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті заңдастырудың (жылыстатудың) белгілері өзектендірілді.

«Атамекен» республикалық ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқармасы төрағасының орынбасары Рустам Жүрсінов Қылмыстық кодекстің жалған кәсіпкерлік туралы 215-бабының құрылымын қайта қарау қажеттілігін атап өтті.

Қостанай облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі төрағасы Арман Шәмшиев «дөңгелек үстелге» қатысушыларды жалған кәсіперлікке байланысты қылмыстық істерді қарау кезінде сот практикасында туындайтын проблемалық мәселелер туралы  хабардар етті. Экономикалық қылмыстар туралы қылмыстық істерді  тергеп-тексеру практикасы жөнінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының  Тергеу департаменті басшысының  міндетін атқарушы Сергей Перов айтып берді.

Бұдан кейін  Мемлекеттік кірістер комитетінің профилактикалық жұмыс және бақылау басқармасы басшысының орынбасары Абзал Байманов сөз сөйледі.

«Дөңгелек үстелдің» қорытындысы бойынша кәсіпкерлердің  заңды құқықтарын қорғау бойынша одан әрі бірлесіп жұмыс жүргізу үшін ұсынымдар әзірленді.

http://sud.gov.kz/kaz/news/zhogargy-sotta-ekonomikalyk-kylmyska-baylanysty-ister-boyynsha-ozekti-problemalardy-talkylady

0
0
718

Б.Майлыбаев: Елдің әлеуметтік саласын дамыту дамыған елдердің қатарына енуге септігін тигізеді

Елдің әлеуметтік саласын дамыту Қазақстанның дамыған елдердің қатарына енуіне әсер етеді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің жетекшісі Б.Майлыбаев Астанадағы «Қазақстан Республикасы: Тәуелсіздікке 25 жыл. Нәтижелер мен перспективалар» атты саясаттанушылардың xалықаралық форумы барысында.

«Біздің ел үшін мақтануға тұрарлық факторлардың бірі - елорда, күн сайын өсіп келе жатқан жаңа қала ел өңірлері мен шет елдерден қонақтарды қабылдап отыр. Бүгінде ел ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуге дайындалып жатыр. Оңтайлы нәтижелер әрбір облыста байқалып отыр», - деді Б.Майлыбаев.

Сондай-ақ, ол әлеуметтік саладағы түбегейлі өзгерістер туралы айтып өтті.

«Тәуелсіздіктің 25 жылында білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру саласында бірқатар өзгерістер орын алды. Білім берудің сапасын арттырған қозғаушы күш «Болашақ» бағдарламасы, Назарбаев университеті мен елдегі зияткерлік мектептердің ашылуы  болды. Соңғы  15 жылда елде  мыңдаған аурухана мен  100 мектеп, 4 мың балабақша ашылды», - деді ол.

Сарапшы айтып өткендей, Елбасының «Жалпыға бірдей еңбе қоғамы» идеясы Қазақстанның әлеуметтік дамуының негізіне айналды, ол  дамыған елдердің қатарына енуге септігін тигізеді», - деді ол.

«Ширек ғасыр бұрын Қазақстанда  бұрынғы одақта сияқты барлығы мемлекетке тиесілі болды, бүгінде елде гүлденіп жатқан кәсіпорындар, кәсіпкерлер бар, шағын және орта бизнес дамып жатыр. Қазақстандық ұлттық компаниялар, ірі бизнес пен банктерді барлық әлем таниды. Елде индустриялды – инновациялық бағдарлама дамып жатыр, жылына екі рет Елбасы индустрияландыру күнін өткізеді. Бұл барлық бағыттар бойынша экономикалық дамудың нәтижесін көру», - деді Б.Майлыбаев Астанадағы «Қазақстан Республикасы: Тәуелсіздікке 25 жыл. Нәтижелер мен перспективалар» атты саясаттанушылардың xалықаралық форумы барысында.

Сондай-ақ, ол өзге елдермен орнатылған достастық қарым-қатынасты  атап өтті.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
416

Хирургияның қазіргі заманғы әдістері пациенттердің өмірін ұзартуға мүмкіндік береді - Баймаханов

Алматы қаласында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Қазақстан хирургия қызметінің жетістіктері мен даму перспективалары» атты халықаралық конференция өтуде. Оның барысында трансплантологияның өзекті мәселелері, шұғыл хирургиялық көмек көрсетудің заманауи тәсілдері, интервенциялы кардиологиядағы, аритмологиядағы, ангиохирургиядағы жаңа бағыттар қарастырылады.

ҚР ДСӘДМ А.Н. Сызғанов атындағы хирургияның ұлттық ғылыми орталығы (әрі қарай - ХҰҒО) ұйымдастырған шараға 500-ден астам отандық дәрігерлер мен алыс-жақын шетелдің 20 елінен келген 50 жетекші мамандар қатысады.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағанда, шара барысында ҚР ДСӘДМ Жауапты хатшысы Аида Құрманғалиева ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрі Тамара Дүйсенованың атынан сөз сөйлеп,  А.Н. Сызғанов атындағы хирургия ұлттық ғылыми орталығы – хирургиялық және трансплантологиялық көмекті дамыту бойынша жетекші емханалардың бірі екенін атап айтты.

«2015 жылы 298 трансплантацияның 68-і А.Н. Сызғанов атындағы ХҰҒО-да өткізілді, сонымен бірге, 5 мыңға жуық хирургиялық ота жасалып, 4 мыңнан астам пациентке хирургиялық көмек көрсетілді. Бүгінде орталық аймақтық ауруханаларда көрсетілетін білікті әрі сапалы медициналық көмекке, азаматтар арасындағы өлім-жітімді азайтуға негізделген инновациялар енгізу шаралары сәтті жүзеге асырылып келеді», - деп көрсетілген Тамара Дүйсенованың алғысөзінде.

Министрдің пікірінше, аталған конференция ҚР тұрғындарына көрсетілетін хирургиялық көмектің жаңа тәсілдері мен әдістерін енгізу үшін тиімді алаң болып, денсаулық сақтау  саласы, халықтың өмір сүру ұзақтығы мен сапасын арттыру бағытында елдер арасындағы байланысты нығайта түспек.

ҚР ДСӘДМ Бас хирургі, А.Н. Сызғанов атындағы ХҰҒО басқарма басшысы, академик Болат Баймаханов конференция Қазақстандағы хирургияның даму деңгейін көрсетеді деп есептейді.

«Қазіргі таңда 155 бауыр трансплантациясы, оның ішінде 1 жасқа дейінгі балаларда – 11, 720 бүйрек трансплантациясы өткізіліп, жүрек-қантамырлар жүйесін емдеудің заманауи хирургиялық тәсілдері, инвалидизацияға жол бермей, пациенттердің өмірін ұзартуға мүмкіндік беретін пластикалық хирургия саласындағы заманауи әдістері енгізілді», - деп айтты Болат Баймаханов.

Жуырда конференция аясында А.Н. Сызғанов атындағы ХҰҒО-да О. Альфиери (Италия), А.Богачева–Прокофьева (Ресей), Кengo Кanateka (Жапония), Болат Баймаханов (Қазақстан) сынды белгілі мамандардың қатысуымен кардиохирургия, интервенциялы кардиология, гепатопанкреато-билиарлық хирургия, бауыр трансплантациясы, өңеш және ішек-қарын жолдарының  хирургиясы, нефрология, бүйрек трансплантациясы бойынша шеберлік сыныптары өтті.

Әрі қарай отандық хирургтар шетелдік сарапшылар бөліскен тәжірибені өз емханалық ісінде қолдана алады.

Конференция соңында үздік мамандар Министрдің алғыс хаттарына ие болды.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
982

Бразилияда Қазақстанға Дүниежүзілік тау-кен конгресінің эстафетасы табысталады

Рио-де-Жанейрода (Бразилия) 24-ші Дүниежүзілік тау-кен конгресі шеңберінде 2018 жылы Астана қаласында өтетін Дүниежүзілік тау-кен конгресін өткізу құқығы эстафетасының Қазақстанға салтанатты түрде табысталуы өтеді.

2016 жылғы 18-21 қазан аралығында Рио-де-Жанейрода (Бразилия) XXIV World Mining Congress & Expo 2016 (WMC) 24-ші Дүниежүзілік тау-кен конгресі және тау-кен өнеркәсібіне арналған жабдық пен технологиялардың мамандандырылған көрмесі өтеді. Оқиғаға әлемнен 4500-ден астам маман қатысады.

Оқиға шеңберінде 21 қазанда Қазақстанға 2018 жылы Астана қаласында өтетін Дүниежүзілік тау-кен конгресін өткізу құқығы эстафетасының салтанатты түрде табысталуы өтеді. Қазақстандық делегацияның құрамына Қазақстанның мемлекеттік құрылымдарының, сондай-ақ ірі бейінді ТМК компанияларының өкілдері кіреді, деп хабарлады Алматы қаласының әкімдігі.

«2018 жылы Қазақстанда Дүниежүзілік тау-кен конгресінің өткізілуі, ең алдымен, тау-кен саласының инвестициялық әлеуетін ашуға, әлемдік компаниялар мен юниор-компанияларды тартуға ықпал етеді. Астанада АММ тау-металлургия конгресі жеті рет өтті және бізде мұндай ауқымдағы халықаралық іс-шараларды өткізуде жақсы тәжірибе жинақталған», - деді ҚР Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Альберт Рау.

Қазақстандық делегация әлемдік тау-кен компанияларының, сондай-ақ тау-кен институттары мен университеттерінің басшылығымен екіжақты кездесуге қатысатыны және оның аясында ықтимал бірлескен жобалар мен ғылым саласындағы өзара іс-қимыл талқыланатыны атап өтіледі. Сондай-ақ, ДТК ХҰК жабық отырысы өтеді, онда Қазақстанның ТМК әлеуеті және 2018 жылғы ДТК-ге дайындық кезеңдері таныстырылады.

Одан басқа, қазақстандық делегацияның Рио-де-Жанейроға сапарының мақсаты халықаралық әріптестермен ынтымақтастықты кеңейту және Қазақстанға әлемдік тау-кен бизнесі мен ғылымды тарту болып табылады.

Еске сала кетейік, 2013 жылы Монреалда 23-ші Дүниежүзілік тау-кен конгресі (World Mining Congress 2013) өткен болатын, оның күн тәртібі тармақтарының бірі Қазақстан Республикасының 2018 жылы Астана қаласында Дүниежүзілік тау-кен конгресін өткізуге өтінім беруі болған еді. Конгрестің Ұйымдастырушылық комитетінің мүшелері Қазақстанның өтінімін қолдауға бірауыздан дауыс берді.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
371

Әлемнің 30 мемлекетінің өкілдері Астанадағы кітап көрмесінде бас қосады

9-12 қараша аралығында өтетін «Eurasian Book Fair – 2016» Еуразия халықаралық көрме-жәрмеңкесі ТМД, Еуропа және Азияның 30-дан астам мемлекеті өкілдерінің басын қосады. Бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде өткен шараны ұйымдастырушы комитеттің отырысында Астана тарихындағы ең ірі кітап көрмесіне дайындық барысы талқыланды.

Еуразия кеңістігіндегі ең ірі мәдени-ағартушылық шара болып табылатын «Eurasian Book Fair – 2016» Еуразия халықаралық көрме-жәрмеңкесі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай ұйымдастырылады. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі және Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен өтетін көрменің ұйымдастырушысы – «Фолиант» баспасы.

Іс-шара ірі ағартушылық алаңда ТМД, Еуропа мен Азия мемлекеттерінің баспа, кітап саудасы, ғылыми-ағартушылық және полиграфия компаниялардың басын қосады. Оқырмандар мен сатып алушыларға жақын және алыс шет мемлекеттердің кітап шығару және полиграфия саласындағы жетекші баспа үйлерінің заманауи кітап өнімдерінің ассортименті және жаңа технологиялары ұсынылатын болады.

«Eurasian Book Fair – 2016» Еуразия халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі дирекциясы директорының орынбасары Раушан Тұрлынова іс-шараның негізгі тақырыбы еуразияшылдық идеясы болатындығын хабарлады:

«Қазақстан Республикасының Президенті айтып кеткендей, еуразияшылдық – мәдени және ұлттық біртектілік сақталғандағы әлеуметтік жаңғырту мен экономикалық даму болып табылады. Сондықтан алдағы уақытта болатын жәрмеңкенің кілт тақырыбы ретінде еуразияшылдық идеясы таңдап алынды».

Көрме шеңберінде кең мәдени бағдарлама жүзеге асырылатын болады. Шара ұйымдастырушыларының ақпаратына қарағанда, көрме-жәрмеңке жұмыс істейтін күндердің әрқайсысының әр сағатында түрлі мәдени-сауық, ғылыми шаралар өткізіледі. Бұндай шаралардың қатарына ғылыми-тәжірибелік конференциялар, тұсаукесерлер, дөңгелек үстелдер, танымал мәдениет қайраткерлері, жазушылар мен ақындар, соның ішінде әдебиет саласындағы Нобель сыйлығының иегерлерімен кездесу, форумдар, байқаулар мен викториналар кіреді.

Көрмеде іскерлік сұхбаттар да орын алады деп күтілуде. Іс-шара барысында ресми тұлғалар, баспа үйлерінің, кітап саудасы ұйымдарының басшылары, халықаралық сарапшылар, танымал жазушылар мен ақындар, баспа жобаларын қолдайтын ұйымдар мен қорлардың, кітапхана, білім беру және ғылыми қоғамдастықтардың өкілдері сала дамуының өзекті мәселелерін талқылап, мемлекеттік, қоғамдық және және кәсіпкерлік құрылымдардың рухани-өнегелі ағартушылық, білім және мәдениет саласында халықаралық мәдени, іскерлік байланыстарын жүзеге асыруға барлық жағдай жасалады.

Еуразия кітап көрме-жәрмеңкесіне дайындық барысы туралы кеңеске ҚР Мәдениет және спорт министрлігнің Жауапты хатшысы Қуатжан Уәлиев, «Нұр Отан» партиясы төрағасы бірінші орынбасарының кеңесшісі Әлия Ғалымова, «Eurasian Book Fair – 2016» Еуразия халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі дирекциясының басшылығы, Астана қаласының әкімдігі, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі, астаналық жоғары оқу орындарының өкілдері және т.б. қатысты.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
473

СҚО-да жыл басынан бері 2 мыңнан астам маман БЖК бағдарламасының қатысушылары атанды

СҚО-да жыл басынан бері 2 мыңнан астам маман БЖК бағдарламасының қатысушылары атанды. Бұл туралы Петропавл қаласында өткен Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығы аясында «Тәуелсiздiктiң жас жұлдыздары» атты өңiрлiк жастар форумында мәлім болды.

«Жас ұрпақтың бойында қазақстандық патриотизмдi қалыптастыру, оларды жұмыспен қамту, саламатты өмiр салтын ұстану, талантты жастарды қолдау мемлекеттiк жастар саясатының басты басымдықтары саналады. Сiздерге аға буынның iзiн жалғастыру, бәсекеге қабiлеттiлiктi арттыру, ХХI ғасырда Қазақстанның өркендеуi мен әлемге танылуын қамтамасыз ету мiндетi жүктелiп отыр», — деп атап өттi өңiр басшысы.

Облыс әкiмi Ерiк Сұлтанов өз сөзiнде жастарға сапалы бiлiм беру мен жұмыспен қамтудың мемлекеттiк бағдарламаларының сәттi жүзеге асырылуын, сондай-ақ қолжетiмдi баспанамен қамтамасыз ету жөнiнде де атап өттi.

«Жыл басынан берi «Жасыл ел» бағдарламасын жүзеге асыру барысында 15 мыңнан астам адам жұмысқа орналастырылған. «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асыру аясында облыстың бес ауданында еңбек жастарын тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында алты жастар жатақханасы салынуда. Жыл басынан берi 2 146 жас маман аталған бағдарламаның қатысушылары атанған. «Жастар тәжiрибесiнен» өтуге 1 997 адам жiберiлген.

«Дипломмен ауылға!» бағдарламасы аясында 1007 жас маман 134 млн. теңге көлемiнде көтермеақы алған, ал бағдарламаның 540 қатысушысына 1 337,9 млн. теңге несие берiлдi.

Өңiрлiк форум аясында дәстүрге сай осы жылы айтарлықтай жетстiкке жеткен солтүстiкқазақстандық жастар бiрқатар марапаттарға ие болды, деп хабарлады әкімдік.

«Жас Дарын» аталымы бойынша Тимур Кәрiмжанов үздiк деп танылса, «Үздiк жас ғалым» атағына Татьяна Ермолаева ие болды, ал «Үздiк жас инноватор» марапатына Маржан Аманжолова қол жеткiздi.

Мағжан Жұмабаев ауданынан Иван Горбаль «Жас батыр» аталымы бойынша марапатталды. Иван қауiптiлiкке қарамастан, құтқарушыларды күтпей, жанып жатқан үйге кiрiп, екi кiшкентай баланы құтқарды. Оның ерлiк жiгерi мен батырлығының арқасында үш бала аман-есен қалған.

Сондай-ақ, солтүстiкқазақстандық жастар арасында «Үздiк маман» аталымына Дәулет Серғазин, «Үздiк спортшы» аталымына Рустам Набиуллин және «Үздiк студент» аталымына Олжас Төлеген лайық деп танылды.

«Ең үздiк әлеуметтiк жоба» аталымы бойынша «Улыбка» балалар қайырымдылық қоры танылса, «Жастар iсi бойынша үздiк комитет» болып Мемлекеттiк-техникалық колледжiнiң жастар iсi бойынша комитетi, «Үздiк жастар ұйымы» аталымы бойынша Ғ. Мүсiрепов атындағы ауданның әскери-патриоттық «Ел тiрегi — опора страны!» клубы жеңiмпаз атанды.

«Жастар саясатын жарықтандыратын үздiк бұқаралық ақпарат құрал» аталымында «Молодежная -Жастар» газетi марапатталды.

Форум аясында жас мамандар, жас кәсiпкерлер, спортшылар, Тәуелсiздiк құрдастары, сондай-ақ «Серпiн-2050», «Дипломмен ауылға» бағдарламаларының қатысушылары сөз сөйледi.

Iс-шара облыстық филармония әртiстерiнiң даярлаған концерттiк бағдарламасымен аяқталды.

Форум аясында «Жастар ұйымдары мен қозғалысының қызметi», «Жас кәсiпкерлер», «Тиiмдi мемлекеттiк басқару» атты үш пiкiрталас алаңының жұмысы жоспарланған.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
488

Таңғажайып хайуанаттар және олардың мекені. Кіріспе (1)

Кіріспе

Кітап туралы

"Таңғажайып xайуанаттар және олардың мекендеу жерлері" көпжылдық саяxаттар мен зерттеулердің нәтижесі болып табылады. Өткен жылдар айнасына  бет бұрып, өз бөлмесінде Хокламптардың іш-құрылысын сағаттар бойы зерттеп отыратын жеті жасар сиқыршыға қарасам, қызғаныш сезімі пайда болады. Өйткені оның таңғажайып саяxаттары әлі алда: сол xоркламп сүйгіш бала есейе келе, қараңғы джунглиден жарқыраған шөл далаға дейін, тау шыңдарынан сазды батпаққа дейін аяқ басып, осы кітапта сипатталған жануарларды кездестіреді. Мен бес континенттің үңгірлерін, індері мен ұяларын аралап шығыппын, жүздеген елдегі сиқырлы xайуанаттардың қызықты мінез-құлықтарын бақылаппын. Олардың құдіреттілігіне куә болып, сенімін иелендім, және кей кездері олардан қорғану үшін қазанымды да пайдаландым.

"Таңғажайып xайуанаттардың" алғашқы басылымы 1918 жылы "Обскурус" баспасындағы Август Шұбалша мырзаның редакциясымен шыққан. Ол кісі көп ұзамай оның баспасы үшін кітапты толықтырып, жинақ ретінде шығаруды ұсынғанда, мен бірден келістім. Ол кезде аптасына екі сикл ғана жалақысы бар Сиқыр министрлігіндегі шағын қызметкер болатынмын, оған қоса демалыстарымды жаңа сиқырлы xайуанаттар түрлерін іздеп, саяxаттап өткізу мүмкіндігі ашылды. Кітаптың бұдан кейінгі тарихына үңілсек: “Таңғажайып хайуанаттар” қазір елу екінші басылымда шығып отыр.

Бұл кіріспенің мақсаты 1927 жылы бұл кітап алғаш шыққаннан бастап менің пошта жәшігіме апта сайын келіп отыратын ең жиі сұрақтарға жауап беру. Соның ішіндегі ең маңыздысы – “хайуан” деген не?

“Хайуан” деген не?

(аяқтары тым көп жүн басқан дәу бір бәле)

“Хайуан” сөзінің анықтамасына байланысты пікірталас ғасырлар бойы жалғасып келеді. Магизоологияны енді оқи бастағандарды бұл жайт таңғалдырар, бірақ сиқырлы жаратылыстардың үш түрін қарастырып көрсек, мәселенің қыры ашыла түседі.

Құбылтектер уақытының басым бөлігін адам кейпінде өткізеді (сиқыршы болсын, магл болсын). Қайткенмен, айына бір рет олар өлім көксеген, адами қасиеттен жұрдай, төртаяқты сұрапыл хайуанға айналып отырады.

Кентаврлардың мінез-құлқы адамдыкінен бөлек; олар жабайы өмір сүріп, киім киюді қаламайды, сиқыршылар мен маглдардан оңаша мекендеуді жөн көреді, дегенмен ақыл-ойы адаммен тең.

Тролльдардың түрі адамға ұқсас, тікжүргіш, бір-екі ауыз қарапайым сөз үйретуге болады, дегенмен олар ең аңқау жалғызмүйізден де ақымақ болады, және орасан зор күшінен басқа сиқырлы қабілеттері жоқ.

Енді сұрақ: осы аталғандардың қайсысы «жаратылыс», яғни сиқырлы әлем үкіметінде дауыс бере алатын заңды тұлға болуға құқылы тіршілік иесі, ал қайсысы - «хайуан»?

Ертеректе сиқырлы жаратылыстардың ішінен хайуанды анықтау тәсілдері тым қарапайым болған.

Сиқыршылар кеңесінің төрағасы Бэрдок Малдун (Сиқыр министрлігінен бұрын Сиқыршылар кеңесі болған) он төртінші ғасырда сиқырлы қауымның екі аяқпен жүретін мүшелері осыдан былай «жаратылыс» деп аталатын болады, ал қалғандары «хайуандар» болады деп бекітіпті. Достық сезімі толқып тұрған сәтте ол бүкіл «жаратылыстарды» сиқыршылармен кездесіп, жаңа сиқырлы заңдарды талқылау үшін құрылтай ұйымдастырады. Бірақ жиналысқа келген гоблиндер өздерімен бірге екіаяқтылардың бүкілін ертіп әкелгенде, Малдун мырза мүлт кеткенін түсінеді. Батильда Бэгшот өзінің «Сиқыр тарихы» атты туындысында бұл туралы былай деп жазады:

«Дириколдардың шыңғырған дауысынан, Авгурлардың қайғылы күңкілінен және Бажылдақтардың өткір, безілдеген әуендерінен ештеңе есту мүмкін болмады. Мыстандар мен сиқыршылар алдындағы құжаттырын талқыламақ болғанда үстінен неше түрлі феялар мен елфтер шиқылдап ұшып, маза бермеді. Бір топ тролльдар шоқпармен дүңкілдетіп, бөлмедегінің бәрін қирата бастады, ал жезтырнақтар залды аралап, жеуге тұрарлық кішкентай балалар бар ма екен деп тіміскілеп жүрді. Кеңес төрағасы құрылтайды ашу үшін орнынан тұрып еді, Порлоктың нәжісіне тайып түсті де, балағаттап, залдан шығып кетті».

Өзіңіз көріп тұрғандай, жаратылыстың екіаяқты болуы оның сиқырлы үкімет істеріне араласа алатынына не араласқысы келетініне кепілдік емес. Ал ашуы қайнаған Бэрдок Малдун бұдан былай адам тәрізді емес жаратылыстарды Сиқыршылар кеңесіне шақырудан бас тартқан.

 
5
0
2056

Әсел Садуақасова ана атанды ма?

Әсел Садуақасова ана атанды! Ол Ерболат Беделханның жанұясының кіндік шешесі атағына ие болды. Бұл жайлы актриса өзінің инстаграм парақшасында хабарлады. Осыдан бір ай бұрын «Орда» тобының продюсері және мүшесі Ерболат Беделханның отбасы үшінші сәбимен толықты. Асыл Беделхан жұбайына кішкентай ханшайым сыйлады.

Ата-анасы кенжелеріне Інжу деген есім беріпті, ал кіндік шешесі ретінде Әсел Садуақасованы лайық деп есептепті. Бұл қуанышты жаңалығымен инстаграм парақшасында бөліскен Әсел қызына зор денсаулық пен бақыт тіледі.

Инстаграмдағы Әселдің оқырмандары оны бұл жаңалығымен құттықтап, тезірек тұрмысқа шығуын ұсынды.

0
0
2450

Сенат ЖОО сапасын жұмысқа орналастырылған түлектердің саны бойынша бағалауды ұсынады

Түлектерді іс жүзінде жұмысқа орналастыру көрсеткіші Қазақстандағы ЖОО жұмысын бағалау критерийлерінің бірі болуы тиіс, деді ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Жұмыспен қамтудың жол картасын құқықтық қамтамасыз ету тақырыбына өткен дөңгелек үстел барысында.

Қасым-Жомарт Тоқаев «2015 жылғы 30 қарашадағы ҚР Президентінің жолдауы тұрғысынан жұмыспен қамтудың жол картасын құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» тақырыбына өткен дөңгелек үстел барысында жұмысқа орналастырылмаған қазақстандықтардың жалпы санының 38%-ын құрайтын жастардың жұмыссыздығы проблемасына назар аударды.

«Әсіресе бұл жұмыс тәжірибесі мен тиісті дағдыларының болмауына байланысты, еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігі анағұрлым аз ЖОО түлектеріне қатысты. Бұл жерде білім беру жүйесінің еңбек нарығымен байланысының болмауы туралы сөз қозғалып отыр – жұмысқа орналастырылғандар үлесі бұрынғысынша төмен деңгейде. Кадрларды даярлау қазіргі жұмыс берушінің қажеттіліктеріне сәйкес келуі тиіс», — деп атап өтті Сенат спикері.

Қ. Тоқаевтың айтуы бойынша, жастардың жұмыссыздығын жеңу үшін негізгі мүмкіндіктер шағын және орта бизнесті дамыту саласында жатыр. Сенат спикері ЖОО-ның 80%-ында кәсіпкерлік және инновациялар бойынша міндетті немесе факультативтік курстары бар Қытайды мысал ретінде келтірді. Онда осы саладағы жобаларды іске асыру үшін арнайы қорлар ашылған, ал талап етілетін бағдарламаларды іске асыру үшін Қытайдың жоғарғы оқу орындары жұмыс берушілерді тартады.

«Бірқатар еуропалық елдерде білім басқармасының реформалары оның нәтижелілігін бағалауды ескере отырып, бюджет қаражатын пайдалануды қамтиды. Мысалы, Германияда өз түлектерінің 70 пайыз жұмысқа орналастырылуын қамтамасыз етпейтін оқу орны бюджеттік қаржыландырудан айырылады. Түлектердің іс жүзінде жұмысқа орналастырылуының көрсеткіші біздің елімізде ЖОО жұмысын бағалау критерийлерінің біріне айналуы тиіс», — деп атап өтті парламенттің жоғарғы палатасының төрағасы.

БҰҰ бағалауы бойынша, ағымдағы жылы әлемдегі жастар жұмыссыздығының деңгейі жарты миллионға ұлғайып, 71 млн. адамға жететінін атап өтейік. Жастар жұмыссыздығының проблемасы Қазақстан үшін де өзекті болып табылады және ол баса назар аударуды талап етеді.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
402

2016 жылы ауылдағы шағын несиелендіру үшін бөлек 10 млрд. теңге бөлінген

Осы жылы ДСӘДМ ауыл шаруашылығы кооперативтеріне бірігуге ынталандыру үшін шағын несиелендіру көлемін 6 млн. теңгеге дейін ұлғайтты, осылайша, осы мақсаттарға ағымдағы жылы бөлек 10 млрд. теңге бөлінді, деді ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова 2015 жылғы 30 қарашадағы ҚР Президентінің Жолдауы тұрғысынан «Жұмыспен қамтудың жол картасын» құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы дөңгелек үстел отырысы барысында.

«5 жыл ішінде 41 600 адам шағын несиелер алған, соның ішінде 27 200 адам алғаш рет кәсіпкер болған. Осы жылға дейін шағын несиелендіру арқылы біз ауыл тұрғындарына өздерінің жаңа шағын бизнесін бастауға мүмкіндік бердік. Жалпы, ағымдағы жылы біз 9 мыңнан астам шағын несие беруді жоспарлап отырмыз, оларды алушылар ауылды жерлерде 12 мыңға жуық қосымша жұмыс орнын ашады», - деп хабарлады министр.

Оның айтуы бойынша, алдыңғы жылдардың практикасы бағдарламаға қатысушылар шағын несиелерді негізінен ауыл шаруашылығында, әсіресе мал шаруашылығында пайдаланатынын көрсетеді, себебі бұл ауылдағы ең түсінікті әрі қолжетімді бизнес, сондықтан, осы жылы ДСӘДМ  ауыл шаруашылығы кооперативтеріне бірігуге ынталандыру және жеке қосалқы шаруашылық негізінде ұсақ тауарлы өндіріс құру үшін шағын несиелендіру мөлшерлерін 6 млн. теңгеге дейін ұлғайтқан.

«Кооперация азық, өнім өткізу мәселелерін бірлесіп шешуге, өнімді жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге және, сәйкесінше, ауыл тұрғындары үшін қосымша жұмыс орындарын ашуға көмектеседі. Осы мақсаттарға ағымдағы жылы бөлек 10 млрд. теңге бөлінді», - деп атап өтті Т. Дүйсенова.

Жалпы, есепті кезеңде 6834 адам шағын несие алған, соның ішінде 54%-ы алғаш рет өз ісін ашқан, оның 92%-ы салық органдарында жеке кәсіпкерлер ретінде тіркелген.

«Жаңа кәсіпкерлер 9,6 млрд. теңге сомасында зейнетақы аударымдарын, 4,3 млрд. теңге сомасында әлеуметтік сақтандыру жарналарын аударған. Табыс салығы түрінде бюджетке түсетін салық кірістерінің ең аз көлемі 4,2 млрд. теңгеге бағаланады, бағалау бойынша өндірістік өнім көлемі бағдарламаның іске асырылуының басынан бастап 120,4 млрд теңгені құраған. Егер халықтың кәсіпкерлік бастамаларын қолдаудың осындай шаралары болмаса, бүгінгі таңдағы жұмыссыздық деңгейі 2015 жылғы 5%-дың орнына 5,8%-ды құрар еді», - деп түйіндеді министр.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
425