Мазмұнға өту

Жаңа

Қазақстанда тұмауға қарсы вакциналауға жататын 53,8% тұрғын егілді

Қазақстанда ағымдағы жылғы 19 қазандағы жағдайға сәйкес тұмауға қарсы 782 мың 957 адам егілді. Бұл вакциналауға жататын азаматтардың жалпы санының 53,8% құрайды, оның ішінде 117 мың 410 медициналық қызметкерлер, 40 мың 321 жүкті әйелдер, созылмалы аурулары бар 206 мың 313 бала, 85 мың 118 мектеп оқушылары, 25 мың 197 мектеп, жоғары және орта білім беру ұйымдарының оқытушылары мен студенттері, 45 мың 959 қарт адамдар, 262 мың 639 жұмыс ұжымының өкілдері бар.

Аймақтардағы денсаулық сақтау басқармалары мамандары өткізетін аулаларды тексеру шараларының барысында жүкті әйелдер мен 1 жасқа дейінгі балалар, сонымен қатар, вакциналанған адамдардың арасында тұмаумен сырқаттану жағдайлары тіркелмегені анықталды.

Естеріңізге сала кетейік, тұмауға қарсы жаппай вакциналау 3 қазан күні басталды.

0
0
349

2017 жылдың соңына қарай 4G стандартындағы мобильдік байланыс Қазақстанның барлық аудан орталықтарында қолжетімді болады

Қазақстанда 2017 жылдың соңына қарай 4G стандартындағы мобильдік байланыс елдің барлық аудан орталықтарында қолжетімді болады. Бұл жөнінде ҚР ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев 2016 жылғы 9 ай ішіндегі жұмысты қорытындылауға арналған министрліктің алқа отырысында айтты. «Телекоммуникацияны дамытудың басты басымдылықтарының бірі интернетке кеңінен қолжетімділік болып табылады. Бүгінгі таңда интернетке халықтың 73 пайызы қосылып отыр, бұл көрсеткіш Қазақстанның Дүниежүзілік Экономикалық форумының бәсекеге қабілеттіліктің жаһандық индексі бойынша 41-ші орынға шығуына себепші болды. 10 мың және одан артық халқы бар елді мекендерде 3G мобильдік байланысы бар. 50 мың немесе одан көп аймақтарда 4G стандарты енгізілді. 2017 жылдың соңына қарай 4G стандартындағы мобильдік байланыс…

0
0
425

Қарағандыда «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 1200 орындық мектеп ашылды

Қарағандыда «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 1200 орындық мектеп ашылды.Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед Қарағанды облысына барған жұмыс сапары кезінде мәлімдеді. Мұхтар Құл-Мұхаммед облыстағы жетекші кәсіпорындардың бірі – «Имсталькон» металлконструкция зауытында болды. «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары зауыт жұмысшыларымен кездесуінде мемлекеттік индустриалдық бағдарламалар аясында соңғы бес жылда өңірде 174 миллиард теңгенің 72 жобасы жүзеге асқанын айтты. Соның арқасында 5 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды. Индустрияландырудың екінші бесжылдығында 1 триллион 200 миллиард теңгенің 36 жобасын іске қосу жоспарланған. Бұл 6 жарым мыңнан астам жұмыс орнының ашылуына мүмкіндік береді. «Сарыарқаның қақ төрінде орналасқан Қар…

0
0
493

«Бәйтерек» холдингі үлескерлер ақшасының 50 %-нан астамын кепілдендіреді

Астанада «Бәйтерек» холдингі өз еншілес ұйымы – «Қазақстанның ипотекалық кредиттерге кепілдік беру» АҚ негізінде құрылған «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру» акционерлік қоғамын ресми түрде таныстырды, деп хабарлады холдингтің баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы 2016 жылғы 7 сәуірде «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Заңға қол қойды. Бүгін, 13 қазанда, Заң күшіне енді және үлестік тұрғын үй құрылысын ұйымдастырудың 3 тәсілін көздейді: Кепілдік беру қорының кепілдігін алу; екінші деңгейдегі банктің жобаға қатысуы; құрылыс салушының жеке қаражаты есебінен тұрғын үй ғимаратының қаңқасы тұрғызылғаннан кейін үлескерлердің ақшасын тарту. Үлестік салымдарға кепілдік беру жүйесін құру үшін ҚР Үкіметінің қаулысымен «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы – «Қазақстанның ипотекалық кредиттер…

0
0
459

Н. Ермекбаев: Қазақстандық қоғам елде салафизмнің таралуына жол бермеуге қабілетті

Қазақстанда салафизм қабылдауға келмейтін және жосықсыз діни ағым болып табылады, Қазақстанның тәжірибелі және зайырлы қоғамы білімді және демократиялық Қазақстан құру пайдасына таңдау жасай отырып, заңнамалық тыйым салусыз еліміз үшін жат осы діни ағымның таралуына жол бермеуге қабілетті. Бүгінгі таңда елімізде 23 террористік және экстремистік ұйымға тыйым салынған. Бұл жөнінде Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев ОКҚ баспасөз конференциясы барысында хабарлады. Қоғамда бүгінгі күні салафизмге тыйым салуды қолдау туралы және оған қарсы пікірлер айтылып жатыр, осыған орай, Н. Ермекбаев дін саласындағы уәкілетті орган ретінде министрліктің салафизм діни ағымына қатысты ұстанымын айтты. «Министрлік басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп, осы мәселені толық зерттеуде, Қаз…

0
0
285

Мәжіліс Байқоңырдағы қосарланған салық салуды алып тастау туралы заң жобасын мақұлдады

Парламент Мәжілісі «1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Байқоңыр қаласының мәртебесі және ондағы атқарушы өкімет органдарын құрудың тәртібі мен олардың мәртебесі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» ҚР Заңының жобасын мақұлдады. «Осы Хаттаманың мақсаты қосарланған салық салу мәселелерін жанама салық салумен реттеу болып табылады – ҚҚС, акциз. Бүгінгі күні біздің кәсіпкерлер Байқоңыр қаласындағы тауар өткізу бойынша айналымдарға қосылған құн салығын салады. Өз кезегінде байқоңырлық (ресейлік) салық төлеушілер бұл ҚҚС-ты ресейлік заңнама бойынша есепке жатқызуға құқылы емес және тауар құны осы сомаға ұлғаяды. Бұл ретте Ресей Федерациясының Салық кодексі бойынша 18% мөлшерінде ҚҚС есептеледі», - деп хабарла…

0
0
429

Таңғажайып хайуанаттар және олардың мекені. Алғы сөз

Алғы сөз Ньют Скамандердің "Таңғажайып xайуанаттар және олардың мекендеу жерлері" кітабының бұл арнайы басылымына алғы сөз жазу мен үшін үлкен құрмет болды. Ньюттің бұл туындысы баспадан шыққан сәтінен бастап Хогвартс Мыстандар мен Сиқыршылар мектебінде оқулық ретінде бекітіліп, біздің студенттеріміздің «Сиқырлы жаратылыстарды зерттеу» пәнінен жоғары нәтиже көрсетіп отыруына елеулі үлес қосты. Дегенмен, бұл кітаптың пайдалану аясы тек мектеп қабырғасымен шектеліп қана қоймайды. Хоркламптарды қалай газоннан құртудың ең жақсы жолын, Авгуридің мұңлы үндеуін ұғынуды немесе үйдегі Орамүлпектерді дәретханадан су ішпеуге үйретуді іздеп, талай ұрпақ парақшаларын тоздырған кітап данасын кез келген сиқыршылар отбасының кітапxанасынан табуға болады. Алайда бұл туындыны тек сиқыршылар қауымдастығына…

3
0
619

Қазақстан судьялары «Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы коммерциялық медиация» тақырыбында халықаралық форумға қатысты

2016 жылғы 11-12 қазанда Минск қаласында (Беларусь Республикасы) «Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы коммерциялық медиация» тақырыбында халықаралық форум өтті. Іс-шараға он бір мемлекеттің делегаттары қатысты. Олардың ішінде: Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Рессей, Украина, Тәжікстан және Монғолия. Одан басқа форумның жұмысына Еуропалық қайта құру және даму банкінің өкілдері және шетелдік сарапшылар Марш Билл (модератор) – Лондон халыхаралық медиаторы және Сербиядағы Ұлттық медиация қауымдастығының президенті Недик Блазо. Қазақстан делегациясының құрамына Жоғарғы Сот судьясы Сүлейменова Ұ.А. мен Павлодар облыстық сотының судьясы Джаппарова Г.С. кірді. Семинар барысында өңірлердегі медиация дамыту жөніндегі негізгі мәселелерді шолу, семинарға қатысушы елдердег…

0
0
517

600-ден астам арнайы мектептің медпункттерін білім беру жүйесінен денсаулық сақтау жүйесіне беру жоспарлануда

Мәжіліс депутаттары заңға мектеп медицинасын білім беру жүйесінен денсаулық сақтау жүйесіне беру туралы толықтырулар енгізуде. ДСӘДМ БҒМ-мен бірлесіп, 601 мамандандырылған оқу ұйымын ведомстволар арасында қосымша бөлмек, деді ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Алексей Цой «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша жұмыс тобы отырысының барысында. «Алғашында негізгі идея мектеп медицинасы мен орта білім беру ұйымдарын беру болған, бұл жерде біз орта білім беру ұйымдарын бөліп көрсеткен едік, депутаттар енгізіп жатқан толықтыруларға келетін болсақ, басқа да медициналық мекемелерді қосу ұсынылады – тағы 601 ұйыммен толықтыру ұсынылады: бұл интернаттар, санатор…

0
0
367

Әкімдіктерге жергілікті бюджетті жерасты суларының қорларын барлауға пайдалану қажет – ҚР АШМ

Жергілікті атқарушы органдарға халықты сумен қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламаны іске асыру мақсатында жерасты суларының қорларын барлау үшін республикалық бюджетке сенбей, жергілікті бюджетті пайдалану ұсынылды. Бұл жөнінде ҚР ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов ҚР Үкіметінің отырысы барысында айтты. «ҚазСуШар» балансында халық саны 1 млн адамнан астам 495 ауылдық елді мекенге (АЕМ) су беретін 26 топтық су құбыры бар. Соның ішінде «ҚазСуШар» 180 АЕМ-ге қызмет көрсетеді, қалған 315-іне әкімдіктердің коммуналдық кәсіпорындары қызмет көрсетеді. Алайда, халықты тәулігіне 24 сағат бойы ауыз сумен қамтамасыз етуге олардың барлығы бірдей қабілетті емес. Оның себебі балансында су құбыры желілері бар коммуналдық пайдалану кәсіпорындарының мүмкінсіздігі болып табылады. Осыған…

0
0
407