Мазмұнға өту

Жаңа

Б.Сағынтаев Мемлекет басшысына елдің биылғы 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелерін баяндады

Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевты қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Б.Сағынтаев Мемлекет басшысына елдің биылғы 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелері және басты мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы туралы баяндады.

Қазақстан Президенті қазіргі уақытта жүзеге асып жатқан барлық бастаманы келесі жылы одан әрі тиімді жалғастыру үшін қажетті негіз қалыптасқанын атап өтті.

«Біріншіден, бюджетке тиісті өзгерістер енгізілді. Сондай-ақ, барлық қажетті мемлекеттік бағдарламалар қабылданды. Атап айтқанда, республиканың қарқынды индустриялық-инновациялық дамуын қамтамасыз ету және тиімді көлік-логистика инфрақұрылымын қалыптастыруды көздейтін «Нұрлы жол» даму бағдарламасы аясында тұрғындардың әл-ауқатын арттыру үшін шаралар қабылдаудың маңыздылығы анық», – деді Елбасы.

Баяндамасында Премьер-Министр республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының барлық негізгі көрсеткіштері жөнінен оң серпін бар екенін айтты.

Б.Сағынтаев Қазақстан Президентінің биылғы 9 қыркүйектегі кеңейтілген Үкімет отырысында берген тапсырмаларының уақытында орындалып жатқанын мәлімдеді. Атап айтқанда, ел экономикасының одан әрі дамуына ықпал ету мақсатымен қосымша 481 млрд теңге көлемінде қаражат бөлу мәселесі шешілді.

Премьер-Министр күніне 90 мың баррель мұнай өндірілетін Қашаған мұнай-газ кен орнының іске қосылғанына назар аударды.

Бұдан бөлек, Б.Сағынтаев Елбасыға ең алдымен азық-түлік пен аса қажеті тауарлар бағасы, тұрғындар мен әлеуметтік мекемелерді үздіксіз жылумен қамтамасыз ету мәселесі, сондай-ақ тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында жоспарланған нысандарды уақтылы тапсыру тұрақты бақылауда екендігін мәлімдеді.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаевқа елдің экспорттық әлеуетін одан әрі арттыру үшін қабылданып жатқан шаралар туралы хабарланды.

Қазақстан Президенті республикада жиын-терін науқанының аяқталғанына тоқталып, енді Үкіметке астықты экспорттау мәселесін пысықтау қажет екендігін атап өтті.

« Ірі дәнді-дақыл өсіруші болып саналатын көптеген елдерде егіннің жақсы шыққанын байқап отырмыз. Осыған байланысты бұл нарықта бәсеке жоғары болады. Біз осыған дейін бірқатар елдермен астық экспорты жөнінде келісім жасадық. Осы уағдаластық аясында жеткізілетін өнім көлемін  анықтап алуу қажет», – деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
403

Астанадағы Бейбітшілік пен келісім сарайының ашылғанына 10 жыл толды

Бүгін Бейбітшілік және келісім сарайы өзінің бірінші мерейтойын тойлайды. Оның ашылғанына 10 жыл болды.Ғимарат Қазақстандағы достықтың, бірлік пен бейбітшіліктің белгісі.

Астана қаласының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы хабарлағандай, ерекше конструкциясы үшін «Пирамида» деп аталып кеткен ғимарат осы жылдар ішінде елордамыздың көрікті орындарының біріне айналды.

Бейбітшілік және келісім сарайын құру идеясы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі. Мемлекет басшысы оны 2003 жылы Әлемдік және дәстүрлі діндердің тұңғыш съезінде таныстырған болатын. Сөйтіп, діндер басшыларының екінші съезі Пирамидада өткізілді. Сарайдың ашылу салтанатында әлемдік опера әншісі Монсеррат Кабалье сахнада өнер көрсетті.

Пирамидада  конфессияаралық форум өткізілді, олардың жұмысына Дүниежүзілік Ислам Лигасының Бас хатшысы Шейх Ат-Турки, Орыс Православ Шіркеуінің Патриархы Алексии ІІ, Рим Папасы Иоанн Павел ІІ, Израильдің Бас ашкеназий раввині Иона Мецгер және басқа да көптеген діни көшбасшылар қатысты.

Сонымен қатар, жыл сайын ауқымды шаралар, соның ішінде опералар мен сирек кездесетін өнер туындыларының көрмелеріұйымдастырылады. Бейбітшілік және келісім сарайы Астананың мәдени өміріне айтарлықтай үлес қосуда.

Бейбітшілік және келісім сарайы ғимаратында қорында танымал түркологтардың ондаған мың кітабы мен қолжазбалары сақталғанТүркі кітапханасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени орталықтары, «Құланшы» қазіргі заман өнер орталығы, халықаралық мәдениет және дін орталығы, сондай-ақ ежелгі ғасырдан бастап қазіргі заманға дейін түркі әлемінің тарихы туралы ғылыми зерттеулерді үйлестірумен, түркі тілі мен әдебиетін зерттеумен айналысатын халықаралық түркі академиясы орналасқан.

Аталған бірегей туындының авторы – белгілі британдық сәулетші Норман Роберт Фостер. Суретші Брайан Кларктың нағыз өнер туындысы – Қазақстан жерінде тұратын ұлттар мен ұлыстарды білдіретін 130 көгершін бейнеленген витраж Пирамиданың ұшарбасының көркін келтіріп тұр. Ғимараттың жылжымалы қаңқасы климатты ескере отырып жасалған, ал лифттер 60 градус көлбеу диагональмен қозғалады, мұндай лифттер Эйфель мұнарасында және Лас-Вегаста «Люксор» қонақ үйінде ғана бар.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
1409

Сенаторлар азаматтық қорғау туралы заңнаманы іске асыру мәселелерін қарады

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Дариға Назарбаеваның төрағалығымен Алматыда өткен көшпелі отырыста «Азаматтық қорғау туралы» заңды іске асыру мәселесі қаралды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

2014 жылғы 11 сәуірде қабылданған «Азаматтық қорғау туралы» заң төтенше жағдайларға қарсы іс-қимыл саласындағы бұрын қолданылған алты заңнамалық актінің ережелерін біріктірді және жүйеледі. Бұл заңмен облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы төтенше жағдай жөніндегі департаменттердің төтенше жағдайлардың алғышарттары мен тууы туралы жеке және заңды тұлғалардан хабарларды қабылдау және пысықтау үшін кезекші-диспечерлік бірыңғай қызметтерінің мәртебесін, құқықтары мен міндеттері бекітілді. Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин сенаторларды заң күшіне енгеннен кейін төтенше жағдайға әсер ету қызметінің ісіндегі өзгерістер туралы хабардар етті, сондай-ақ шешуді талап ететін өзекті мәселелерді баяндады.

Отырыс барысында Алматы әкімінің орынбасары Р.Тауфықовтың, төтенше жағдайлар жөніндегі қалалық департаменттің бастығы С.Әубәкіровтің, сейсмология және азаматтық қорғаныс саласы сарапшыларының баяндамалары тыңдалды. Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшелері де өз пікірлерімен бөлісті. Отырысты қорытындылай келіп, комитет төрағасы Д. Назарбаева «Азаматтық қорғау туралы» заңмен реттелетін мәселелер аса маңызды екенін және оны шешу белсенді араласуды талап ететінін атап өтті. Егжей-тегжейлі талқылау заңды іске асыруға кедергі келтіретін және төтенше жағдайлардың алдын алу мен олардың зардаптарын жою жөніндегі қызметке теріс әсер ететін өзекті мәселелерге назар аударуға мүмкіндік берді. Д. Назарбаева атап өткендей, бұл мәселелерді шешу және тиісті мемлекеттік органдардың жауапкершілігін күшейту мақсатында таяу уақытта Сенат комитетінің атынан Премьер-министрге үндеу жіберілетін болады.

Парламентшілер еліміздің ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетін қаржыландыруды ұлғайту және оның материалдық-техникалық базасын жақсарту мақсатында тиісті заңнамалық актілерге өзгеріс енгізуге ниеттеніп отыр. Алматыға сапар аясында сенаторлар «Республикалық жедел-құтқару отряды» бас басқармасының, «112» бірыңғай кезекші-диспечерлік қызметінің, Дағдарыс орталығының, Төтенше жағдайлар және жаппай апат қаупін азайту жөніндегі орталықтың жұмыстарымен танысты. Сондай-ақ депутаттар ертең Үлкен Алматы өзеніндегі бөгетті көреді, Алматыдағы республикалық «Жас Ұлан» «әскери мектебінде және Әскери-инженерлік радиоэлектроника және байланыс институтында болады, онда оқу орындарының оқытушылар құрамы және оқушыларымен кездеседі.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
469

ҚР заңнамалық актілеріне ақпарат және коммуникациялар мәселелері бойынша түзетулер Мәжіліске 2017 жылы енгізіледі

Министрлік 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында ҚР Парламентінің Мәжілісіне «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне ақпарат және коммуникациялар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын енгізуді жоспарлап отыр. Бұл жөнінде ҚР ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев 2016 жылғы 9 ай ішіндегі жұмысты қорытындылауға арналған министрліктің алқа отырысында айтты.

«Министрлік «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне ақпарат және коммуникациялар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірлеуде. Тұжырымдаманы біз жалпыға ортақ талқылауға қойдық, сәйкесінше, заң жобасы барлық қажетті рәсімдерден өтеді. Оң пікірлер де және сол сияқты сыни пікірлер де ескерілетін болады. Қазіргі уақытта біз мемлекеттік органдардың, депутаттық корпустың, азаматтық қоғамның өкілдерінен және сарапшылардан тұратын жұмыс тобын құрып жатырмыз»,- деді Д. Абаев.

Ведомство басшысы сөз барысында ҚР ақпарат және коммуникациялар вице-министрі Алан Әжібаевқа 2016 жылғы қараша – желтоқсанда заң жобасын халықпен кеңінен талқылауды, ал қарашаның соңына дейін жұмыс тобының мүшелерімен бірлесіп, мәтінін аяқтауды тапсырды.

«2017 жылғы наурызға дейін барлық мүдделі мемлекеттік органдармен келісілген құжатты - ҚР Үкіметіне, ал 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында Парламент Мәжілісіне енгізу қажет»,  - деп тапсырды министр.

«Қазіргі уақытта Министрлік мемлекеттік ақпараттық саясаттың жаңа тәсілдерін іске асыру бойынша жұмыс жүргізуде. Контент қалыптастырудың екі негізгі параметрін қамтитын Ақпараттық жұмыс стратегиясы әзірленген: қазақстандық қоғамның рухани бірігуін нығайтуға және отбасы табынушылығын, білімді, патриоттылықты және «Мәңгілік ел» патриоттық актінде айтылатын өзге де құндылықтарды ілгерілетуге бағытталған «Құндылықтар картасы»; азаматтарды салалық бағдарламалар туралы ақпараттандыруға және ең алдымен Ұлт жоспарын түсіндіруге бағытталған «Мемлекеттік PR – стратегия», - деді Д. Абаев.

Министр 2017 жылдан бастап Бірыңғай республикалық және 2016 жылдан бастап өңірлік медиа-жоспарларға көшу жоспарланғанын хабарлады. Оның айтуы бойынша, бүгінгі таңда ақпараттық өріс 58 медиа-жоспар бойынша жұмыс істейді.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
329

Парижде Алматының 1000 жылдығын кеңінен атап өтті

Парижде ЮНЕСКО штаб пәтерінде Алматы қаласының 1000 жылдығын кеңінен атап өтті. Францияның астанасында қазақ халқының тарихынан сыр шертетін ғасырлық бұйымдар мен бірегей артефактар қойылған көрме өтті, деп хабарлады қала әкімдігі.

Атаулы салтанатты шараны музыкалық сүйемелдеумен «Сазген сазы» фольклорлық- этнографиялық ансамбль және қазақстандық орндаушылары келді. Тарихи сәтке Алматы қаласының басшысы Б.Байбектің қатысты.

"Біз Алматы қаласының мың жылдығын мына дәл Париждің ортасында, жүрегінде өткізіп, жалпы біздің мәдениетімізді, дәстүрімізді, тілімізді, мәдениетімізді дүниежүзіге паш етейік,- деп жатырмыз. Сондықтан, бүгінгі көңіл-күй өте жақсы. Басқа елдердің ЮНЕСКО-дағы елшілері келіп жатыр. Көптеген қонақтар, енді өзіміздің дәстүрімізді тағы бір рет көрсететінімізге өте қуаныштымыз",- деді Алматы қаласының әкімі, Бауыржан Байбек.

Оңтүстік шаһар басшысы ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан -2030» стратегиясында еліміздің азаматтары өмір сүру сапасының жаңа деңгейіне көтерілетін әлемнің үздік 30 елдер қатарына кіру мақсатқа қойған. «Қазір Алматы жағымды инвестициалық климатымен адамдардың өмір сүріп жұмыс жасауына жағдай жасалған Орта Азияның ірі мегаполисіне айналды. Қалада тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін үлкен көңіл бөлуде. Мен баршаңызды біздің қаламызға келіп, оның сұлулығына тәті болуға шақырамын »,- деді Б.Байбек.   Сондай ақ қала әкімі ЮНЕСКО және оның бас директоры Ирине Боковойға осы атаулы шараны өткізуге қолдау білдіргені үшін алғысын білдірді. ЮНЕСКО Бас директорының орынбасары Геташев Енгида алғы сөзінде Алматының 1000 жылдығы бұл әлемдік көлемдегі атаулы оқиға деп атап өтті. «Алматының 1000 жылдығын атап өту біз үшін өте қуанышты.

Қазақстанның халықаралық маңыздылығының өсуі де қуантады. Алдағы уақытта өтетін Универсиада 2017 Қазақстанға бұдан да көп көңіл аудартатынына сенімдімін. Көрмеде бұл елдің тарихымен және мәдениетімен танысатын көптеген балалар суреттерін көріп, танымал қазақстан әртістерінің орындауында музыкалық шығармаларды тыңдауға болады. Бүгін Алматының 100 жылдығын атап өтудегі шарықтау шыңы болады»,-деп аяқтады.   Негізгі көрмеде қазақстандық қол өнер шеберлерінің туындылары ұсынылды.

Басты екпін қазақстанда әлі де сақталған танымал және олармен мақтан тұтатын ұлттық әшекей бұйымдары, музыкалық аспаптар. Сондайақ Парижде Алматы қаласының 1000 жылдығын атап өте аясында ЮНЕСКО штаб пәтерінде киіз үй мен алма бағы орнатылды.Киіз үйдің ішінде проекциялық экран арқылы Алматы қаласының табиғаты мен қазіргі Алматыны паш ететін бейне ролик көрсетілді. Бейнеролик дыбыстық және музыкалық спецэффектімен сүйемелденген. Киіз үй айналасында Қазақстан Республикасының 25 жылдығы символы ретінде 25 алма ағашы орнатылған.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
425

Астанада құтқару техникасының көрмесі ашылды

Астанада Құтқарушылар күніне орай Қазақстанның құтқару қызметі мүмкіндіктерінің көрмесі өтті, көрермендер үлкен өрт машиналарымен және оңтайлы қар кешкіштермен қатар жаңа суасты аквалангілерін де бағалап, құтқарушы иттермен танысты.

Астанада Құтқарушылар күніне арналған мерекелік концерт өтті. Сахнада ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери оркестрі өнер көрсетті, сондай-ақ ҚР ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин ТЖ комитетінің ардагерлері мен еңбегі сіңген қызметкерлеріне құрмет наградаларын табыстады.

«Жүйе жалпы құрылғаннан бері материалдық-техникалық жарақтандырылуы, функционалдық міндеттері тұрғысынан өзгерістерге ұшырады. 300 мыңнан астам құтқарылып, эвакуацияланды, 35 мыңнан астам адамға дәрігерге дейінгі бірінші кәсіптік көмек және дәрігерлік көмек көрсетілді.  Бұл бүгінгі таңда біз мақтанышпен айта алатын көрсеткіштер. Біздің құтқарушыларымыз қажет кезде әрқашан көмекке келеді. Қазақстан аумағы орасан зор, мұнда цунамиден басқа төтенше жағдайлардың барлық түрлері орын алуы мүмкін, сондықтан біздің құтқарушыларымыздың кәсіптік даярлығы барлық салаларды қамтиды», — деді ҚР ішкі істер министрінің орынбасары.

Қазақстанның қазіргі құтқару қызметінің айбынды мүмкіндіктерін көрсету үшін, «Конгресс-холл» алдындағы алаңда ТЖК күшінің техникасы мен жабдығының көрмесі өтті. Арнайы үйретілген құтқарушы ит шынайы құтқарушының қаншалықты дос болуы тиіс екенін көрсетті.

«Техногендік немесе табиғи сипаттағы апаттар кезінде құтқарушы иттер адам өте алмайтын қиын қолжетімді жерлерден адамдарды іздейді. Иттің иіс сезу қабілеті өте жақсы дамыған, сондықтан, осының арқасында ол үлкен аумақты құтқарушылар тобына қарағанда жылдамырақ өтеді», — деді ҚР ІІМ ТЖК кинология бөлімшесінің құтқарушы маманы Вячеслав Кислинский.

Еске сала кетейік, 1995 жылғы 19 қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен еліміздің мемлекеттік органдар жүйсінде Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитет құрылған.

Бүгін ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті – бұл төтенше жағдайды көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар табиғи және техногендік апаттардың алдын алуға күнделікті, минут сайынғы дайындықты қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары құрылымындағы қуатты күш. Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК қызметінің басым міндеті қауіпсіздікті қамтамасыз ету және әрбір азаматтың қорғалуына жағдайлар жасау болып табылады.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
625

ЕАЭО елдері көлік саласындағы білім алу аясы кеңістігін кеңейтуге мүдделі

Көлік жүйесіндегі білім беру саласында Қазақстанның транзиттік экспорттық әлеуетін халықаралық көлік жүйесіне сәйкестендіріп, жүзеге асыратын мамандар даярлау күн тәртібінде тұр, деп хабарлады «Қазақстан теміржолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.

Осыған орай М. Тынышбаев атындағы көлік және коммуникациялар академиясында (ҚазККА) өткізілген дөңгелек үстел отырысында ЕЭО аясында көлік саласындағы білім алу жүйесіндегі мүмкіндіктерді біріктіру жайы талқыланды.

Ұлыбритания Логистика және көлік корольдік институтының халықаралық серіктестік департаментінің директоры Джон Харристің айтуынша, «ЕЭО аясында білім жүйесін сәйкестендіру қажет».

Д. Харрис бірлескен білім миссиясының нәтиже бергендігін атап өтті. ҚазККА CILT бағдарламасы бойынша біліктілігін көтеру курсына тіркеуден өткен.

Қазіргі кезде Корольдік институтпен бірлесіп, ҚазККА оқу базасында «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА көліктік-логистикалық хабына кадрлер даярлау мәселесін қарастырып жатыр.

Император Николай 2 Мәскеу мемлекеттік көлік қатынасы университетінің (МИИТ) бірінші проректоры Валентин Виноградов «бірлескен бағдарлама жасай отырып, ҚазККА мен МИИТ оқу орындарын бітірген түлектердің қос диплом алатын жағдайын жасау ұсынысын жеткізді».

2017 жылғы наурыздан бастап ҚазККА студенттері Франциядағы Le Havre универститетінде PHD бағдарламасымен оқуға барады. Бұл туралы дөңгелек үстелде Le Havre университетінің профессоры Пьер Шабаль хабарлады.

Дөңгелек үстел отырысында ЕЭО аясында көлік саласындағы білікті кадрлерді даярлаудағы қатынасты тереңдете түсу туралы көптеген ұсыныстар түсті. Мәселен, «ҚХР үшінші темір жол жобалау –зерттеу институты» компаниясының бас директорының орынбасары Цзян Сианпин жүрдек пойыздардың темір жол жобаларын жүзеге асыру туралы ұсыныстарын ортаға салды.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
494

Қазақстанда egov көмегімен жыл сайын 1 трлн доллар үнемдеуге болады

Қазақстанда электрондық мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді кеңейте отырып, жыл сайын 1 трлн доллардан астам қаражат үнемдеуге болады. Бұл жөнінде «Цифрлық экономика дәуіріндегі үкіметтің өзгеруі» дөңгелек үстелінің қорытындылары бойынша Орталық және Шығыс Еуропа (SAP) өңіріндегі мемлекеттік сектор бойынша бас менеджер Наталья Панина айтты.

Сарапшының айтуы бойынша, Қазақстанда мұндай бастаманы іске асыру үшін негіз бар.

«Сіздерде мемлекет азаматтар үшін үлкен жұмыс жасап жатыр. Мысалы, Австралияда салық декларациялары алдын ала толтырылған, олар кәсіпкерлерге, бизнеске, азаматтарға жіберіледі. Ақпаратты ғана түзету қалады. Осының арқасында мемлекеттік бюджетке ақша қайтару әлеуеті анағұрлым анық бола бастайды. Қайтару сомаларын жоспарлаған оңай, төлем мерзімі қысқа болады»,  -  деді Н. Панина.

«Дүниежүзіндегі жағдай тұрақсыз, экономикалық өсу жыл сайын мемлекеттің бюджеттік моделіне салынады, зейнетақы төлемдері ауқымды бөлікті құрайды. Азамат туралы ақпараттың толықтығы мен жоспарланатын төлемдер көлемі өте маңызды. Белсенді сервистер «көпір» рөлін атқарады. Бұл мемлекеттің экономикалық моделін анағұрлым тұрақты етеді»,  -  деп қосты  Н. Панина.

Сонымен бірге, сарапшы бейінді министрлік – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі, азаматтар үкіметі осы идеяны жастармен бірлесіп іске асыра алатынын ерекше атап өтті. Ол инновациялық тұрғыда дұрыс идеялар ұсынатын қоғамның бастама жасайтын бөлігі жиі дәл осы студенттер болып табылады деп санайды.

«Көптеген елдер қазір құзырлы орталықтар құру жолымен келе жатыр. Болгарияда университеттер негізінде осындай екі құзырлы орталық ұйымдастырылуда. Біз Астанаға да осындай орталықтарды ұйымдастыруды тілейміз. Бұл қоғамның ең ілгері дамыған бөлігі», - деп түйіндеді Н.Панина.

Қорытындылай келе, Орталық және Шығыс Еуропа өңіріндегі мемлекеттік сектор бойынша бас менеджер McKinsey & Company ақпаратына сілтеме жасай отырып, мемлекеттерді цифрлеудің арқасында жыл сайын 1 трлн доллар үнемдеуге болатыны және «Қазақстанның ол үшін барлық мүмкіндігі бар» екені туралы пікір айтты.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
281

«ЖҚЖК-2020» аясында мемлекеттік қолдауға 744 мың адам ие болды

«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы жұмыс істегелі 744 мың адам мемлекеттік қолдауға ие болды, деді Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова 2015 жылдың 30 қарашасындағы ҚР Президенті Жолдауы төңірегінде Жұмыспен қамту картасы бойынша жүргізіліп жатқан шараларға арналған дөңгелек үстел барысында.

«Бүгінгі бағдарлама халықаралық еңбек ұйымы мен ЭЫДҰ және ТМД елдерінің  есебімен әзірленді. Бағдарлама жүзеге асырылғалы бері, 2011 жылдан бастап  жұмыспен қамту көрсеткіші жақсарып келеді. 2011-2013 жылдары жұмыспен қамтылғандар саны  6,3 пайызға өсіп, 17 пайызды құрады", - деді ол.

Оның айтуынша, елдегі жұмыссыздардың қатары  9 пайызға төмендеді, бұл көптеген адамдардың ашық жұмыс орнына шақырылғанын көрсетеді. «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы жұмыс істегелі  744 мың адам мемлекеттік қолдауға ие болды.

Т.Дүйсенова айтықандай, «ЖҚЖК-2020» үш бағыт бойынша жүзеге асырылып жатыр. Біріншісі – жұмыссыз бен өзін-өзі қамтығандарды тарту. Екіншісі – ауылдық инфрақұрылымды қолдау есебінде  ескірген нысандар қалпына келтірілуде.

«Келесі жылдан бастап жұмыссыз жастарды жұмыспен қамту мақсатында, біз Білім және ғылым министрлігі, ҰКП-мен бірігіп  жастарды бұқаралық  түрде компьютерлік сауаттылық пен бизнес негізіне үйретуді жоспарлап отырмыз», - деді министр.

Ведомство хабарлағандай, «Нұр Отан» партиясымен бірлесіп ҰБТ-дан өтпей қалған мектеп түлектерін жұмыс мамандықтарына үйрету жобасы басталады.

Айта кетейік, биыл әлеуметтік орында жұмысты аяқтағандардың  80 пайызы мен тәжірибені өткендердің 60 пайызы тұрақты жұмыспен қамтылды.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
375

Н. Ермекбаев: Қазақстандағы талантты жастар «Дарын» сыйлығымен марапатталады

Қазақстандағы талантты жастар «Дарын» сыйлығымен марапатталады. Бұл туралы Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Биылғы жылы мемлекеттік органдар мен жастар арасындағы  жалпыұлттық деңгейді қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің  25 жылдығына арналған Республикалық жастар форумы өтеді. Сондай-ақ, талантты жастарды қолдау  аясында Тұңғыш Президент күні қарсаңында  «Дарын» Мемлекеттік сыйлығы  беріледі.

Қазақстанда мемлекеттік жастар саясаты тиімді жүзеге асырылып жатыр.  2015 жылы  2020 жылға дейінгі мемлекеттік жастар саясаты  түсінігінің алғашқы кезеңі сәтті аяқталды, оның  негізгі мақсаты  жастар саясатын институционалды  түрде нығайту болатын. Министр айтып өткендей, өңірлерде жастар саясатын  дамыту бойынша басқармалар жұмыс істейді, жастардың  198 ресурстық орталығы  органдардың консультативтік- кеңестік рөліне бағытталған.

«Біріншіден, жастар ұйымдарын жастардың барлық санаттарын қамтитын қызмет түрлерін көрсетуге бағыттау. Екіншіден, ұйымдаспаған жастармен, әсіресе жұмыссыз және оқымайтын жастар санатымен жұмыстар жүргізу үшін жаңа әдіс-тәсілдерді жасақтау. Үшіншіден, бүгінгі жас ұрпақ өзіне қажетті ақпараттар мен қызметтерді Интернет арқылы алады», - деді Нұрлан Ермекбаев.

Осылайша, жастарға Интернет пен мобильдік қосымшалар арқылы тартымды, заманауи жобалар мен бағдарламаларды ұсыну жоспарда бар.

«Мемлекеттік жастар саясатының тағы бір тармағы жетістігі ретінде биыл «Жасыл ел» ұландарына жұмыс беруші тарапынан төленетін жалақыға қосылатын үстеме екі есеге өсірілді және осы қаражатты келер жылдан бастап трансфертпен өңірлерге берілед», - деді Нұрлан Ермекбаев.

Бұл саладағы жетістіктерді айшықтайтын жоспарлы іс-шара – биыл Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған Жастардың Республикалық форумы алғаш рет өткізіледі. Қазіргі күнде өңірлік форумдар өтуде және делегациялар қалыптасуда.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
371