Б.Майлыбаев: Елдің әлеуметтік саласын дамыту дамыған елдердің қатарына енуге септігін тигізеді
Елдің әлеуметтік саласын дамыту Қазақстанның дамыған елдердің қатарына енуіне әсер етеді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің жетекшісі Б.Майлыбаев Астанадағы «Қазақстан Республикасы: Тәуелсіздікке 25 жыл. Нәтижелер мен перспективалар» атты саясаттанушылардың xалықаралық форумы барысында.
«Біздің ел үшін мақтануға тұрарлық факторлардың бірі - елорда, күн сайын өсіп келе жатқан жаңа қала ел өңірлері мен шет елдерден қонақтарды қабылдап отыр. Бүгінде ел ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуге дайындалып жатыр. Оңтайлы нәтижелер әрбір облыста байқалып отыр», - деді Б.Майлыбаев.
Сондай-ақ, ол әлеуметтік саладағы түбегейлі өзгерістер туралы айтып өтті.
«Тәуелсіздіктің 25 жылында білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру саласында бірқатар өзгерістер орын алды. Білім берудің сапасын арттырған қозғаушы күш «Болашақ» бағдарламасы, Назарбаев университеті мен елдегі зияткерлік мектептердің ашылуы болды. Соңғы 15 жылда елде мыңдаған аурухана мен 100 мектеп, 4 мың балабақша ашылды», - деді ол.
Сарапшы айтып өткендей, Елбасының «Жалпыға бірдей еңбе қоғамы» идеясы Қазақстанның әлеуметтік дамуының негізіне айналды, ол дамыған елдердің қатарына енуге септігін тигізеді», - деді ол.
«Ширек ғасыр бұрын Қазақстанда бұрынғы одақта сияқты барлығы мемлекетке тиесілі болды, бүгінде елде гүлденіп жатқан кәсіпорындар, кәсіпкерлер бар, шағын және орта бизнес дамып жатыр. Қазақстандық ұлттық компаниялар, ірі бизнес пен банктерді барлық әлем таниды. Елде индустриялды – инновациялық бағдарлама дамып жатыр, жылына екі рет Елбасы индустрияландыру күнін өткізеді. Бұл барлық бағыттар бойынша экономикалық дамудың нәтижесін көру», - деді Б.Майлыбаев Астанадағы «Қазақстан Республикасы: Тәуелсіздікке 25 жыл. Нәтижелер мен перспективалар» атты саясаттанушылардың xалықаралық форумы барысында.
Сондай-ақ, ол өзге елдермен орнатылған достастық қарым-қатынасты атап өтті.
Ақпарат көзі: strategy2050.kz
