«Қолда барда алтынның қадірі жоқ!
"Қолда барда алтынның қадірі жоқ" демекші, осы "алтын" сөзін қазақ тілінде "алтын тұлпар", "алтын қол", "алтын жүрек" деп пайдалану қаншалықты дұрыс, олар "қанатты тұлпар", "ісмер не шебер қол", "ақ жүрек" емес пе, осы калькалар-ақ шаршатты!
Айтқандай "Алтын домбыра", "Алтын белес", "Алтын Орда", "Алтын Дала", "алтын күн", "алтын дән", "Алтын сақа" сияқты тағы да дұрыс та бұрыс та қолданылатын сөздер мен сөз тіркестері бар. Сіз тағы не қосар едіңіз?
Мына баланың бас киіміндегі жазуды оқыған кезде еске түсіп кеткені!
"Арпа-бидай ас екен, алтын-күміс тас екен" деп атам қазақ бекерден айтып кетті дейсіз бе?! "Алтынның" қадірін кетіріп алмайықшы өзі!

