Мазмұнға өту

Жаңа

2016 жылғы қазанның 28-інен бастап қарашаның 03-ін қоса алғандағы кезең ішінде

  1. Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Мемлекеттік тізілімінде 115 нормативтік құқықтық акті тіркелді;
  2. «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 136 нормативтік құқықтық акті ресми жарияланды;
  3. Құқықтық ақпараттық қызмет азаматтардың 3351 сұрақтары бойынша консультация көрсетті;
  4. «Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкі» ақпараттық жүйесіне 293 нормативтік құқықтық акті енгізілді.
 
0
0
457

«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жаршысы» журналына жазылу науқаны жалғасуда

Назар аударыңыздар!
«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жаршысы» журналына 2017 жылға жазылу науқаны жалғасуда
«Қазпочта» АҚ каталогындағы жазылу индексі – 74823
Журналға «Қазпочта» АҚ бөлімшелерінде жазылуға болады
Жарты жылдық жазылым бағасы -7 982,5 теңге
Бір жылдық жазылым бағасы – 15 965 теңге
0
0
320

Қала тұрғындарына бос қызмет жәрмеңкесі өткізілді

Жас келсе, іске! Павлодар облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» бүгін қала тұрғындарына кезекті бос қызмет жәрмеңкесін өткізді. 26- ға жуық жұмыс беруші кәсіпорындар мен ірі ЖШС өкілдері, АҚ мүшелері түрлі бос қызмет орындарын ұсынды.

Бүгінгі жәрмеңкеге «ПРЭК»АҚ-сі, «Гелиос» ЖШС,  «Казпочта» АҚ,  «Күзет» АҚ,  «Горкомхоз-Павлодар» ЖШС,  «Смак-ПВ» ЖШС, «Крендель» ЖШС, «Казэнергокабель» АҚ,  «KSP Still» АҚ, «Павлодарэнерго» АҚ,  «Кастинг» ЖШС, «Трамвайное управление» АҚ, «Рубиком» ЖШС т.б. қатысты.

Сан түрлі мамандықтан өз қызметін табуды көздеп келген жастардың қарасы көп болды. Жұмыс іздегендерге 270 тен аса қызмет орындары ұсынылды. Олар түйіндемелерін қалдырып, жұмыс берушімен сұхбаттасып, кеңес алды.

 
0
0
411

ОҚО-да ЕАЭО нарығындағы бәсекелестікті реттеу жайы қаралды

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінде Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі Нұрлан Алдабергеновтың қатысуымен мәжіліс өтті, деп хабарлады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Жиынға төрағалық еткен облыс әкімі Жансейіт Түймебаев Еуразиялық экономикалық одақтың бүкіл қазақстандық кәсіпкерлерге үлкен нарыққа жол ашқанын жеткізді.

«Одаққа мүше болғанға дейін облысымыздың Ресеймен сыртқы сауда айналым көлемі 2010 жылы 225,3 млн. АҚШ долларын құраса, өткен жылы бұл көрсеткіш 3,4 есеге артып 756,6 млн. АҚШ долларына дейін жеткен. Оның ішінде, экспорт 5,8 есеге өссе, импорт 2,2 есеге көбейген»,-деді облыс әкімі.

Өз кезегінде, сөз алған министр Н.Алдабергенов өзі жетекшілік ететін комиссиядағы Еуразиялық экономикалық одақ аясында бәсекелестікті реттеу мәселелері туралы баяндама жасады.

Жиын барысында, облыстағы тарифтердің қалыптасуы бойынша аймақ басшысының орынбасары Жақып Бөкенбаев баяндама жасады. Онда ол Оңтүстік Қазақстан облысында электр энергиясы тапшы екенін айтып, жетіспейтін бөлігі республиканың өзге аймақтарынан тасымалданатынын жеткізді.

Сондай-ақ, Ж.Бөкенбаев Оңтүстік Қазақстан облысында тұтынылатын жылдық 1 млрд. м3 табиғи газдың 65 пайызын өндірістік мекемелер мен шағын орта бизнес өкілдері пайдаланатынын атап өтті.

Яғни тариф бағасы, шығарылатын тауарлардың өзіндік құнының өсуіне алып келетіні рас. Ал ауыз су және жылу қызметтерінің тарифтері өндірілетін өнімнің өзіндік құнына, оның тауар айналымындағы бағасының жоғары болуына айтарлықтай әсерін тигізбейді екен.

Оңтүстік Қазақстанда табиғи газ бен электр энергиясының тарифтерін қайта қарау қажеттігін айтқан Нұрлан Алдабергенов Еуразиялық экономикалық одақ нарығына шығарылатын бәсекеге қабілетті өнімдердің қатарын көбейту қажеттігіне назар аударды.

Мәжілісте жоғарыда аталған мәселелерге қатысты табиғи газ бен электр энергиясы тарифін мүмкіндігінше төмендетіп, еліміздегі аймақтар арасындағы бағалық айырмашылықты азайту мақсатында бірыңғай бағаны әзірлеп бекітуді және шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында коммуналдық тарифтерді субсидиялауды енгізу ұсынылды.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
632

Жамбыл облысында 1456 гектар аумаққа «жасыл белдеулер» жасау жоспарлануда

Жамбыл облысында 1456 гектар аумаққа «жасыл белдеулер» жасау жоспарлануда. Бұл жайында Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы С.Қойбақов мәлімдеді.

Басқарма басшысының айтуынша, өңірдегі ормандарды қорғау, олардың қорын молайту және жаңадан орман өсіру шараларымен 14 орман шаруашылығы мекемелері мен «Ормандарды қорғау жедел қызметі» айналысады.

Бүгінде орман қорының жалпы аумағы 4,4 млн. гектарды құрайды. Оның орманды жерлері 2,2 млн. гектар. Жалпы орман қоры жерлері облыс аумағының 30,8 пайызын алып жатыр.

2016 жылы жергілікті бюджеттен 718 млн.теңге бөлінді, оның ішінде мекемелерді ұстауға 629 млн. теңге, өртке қарсы шаралар жүргізуге 33,6 млн.теңге жұмсалды.

2016 жылы ерте көктемінде орман қоры аумағына сексеуіл және тағы басқа орман көшеттері арқылы 900 гектарға орман ағаштары отырғызылды. Күзде 4100 гектарға сексеуіл алқаптарын тұқымдары арқылы себу жұмыстары жоспарлануда.

Орман тұқымбақтарын қалпына келтіруге және орман ағаштарының көшеттерін өсіруге - 12,1 млн теңге бөлінді. 2016 жылға 34 га жерге тұқымбақ себілу жоспарлануда, оның ішінде 5 га жерге көктем айында қарағаш тұқымы себілді. Ағымдағы жылдың күз айында 29 га сексеуіл тұқымын себу жұмыстары жоспарлануда, - деп хабарлады спикер.

Сонымен қатар, елді мекендерді көгалдандыру арқылы жасыл белдеулар жасаудың 2016-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары жасалды. Онда елді мекендер айналасынан жасыл аймақтар құру және білім, денсаулық сақтау нысандары, көшелер мен саябақтар, автокөлік жолдары жағалауларын көгалдандыру арқылы жасыл белдеулер құру жоспарланды.

Жалпы 2016-2017 жылдарға арналған жоспар бойынша Тараз қаласы мен аудандарда 1456 гектар аумаққа «жасыл белдеулер» жасалынады деп жоспарлануда. 2016 жылы көктем айында 366,7 га жасыл белдеулер отырғызылды.

Сондай-ақ, Серік Мамыртайұлының мәлімдеуінше, орман өртінің жылдам таралуына тосқауыл қою мақсатында бұрынғы жылдары жасалынған 7000 шақырым минералды жолақтарға күтіп-баптау жұмыстары жүргізілді.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
481

БҰҰ бөлімшесі Н.Назарбаевтың жасыл технологияларды ілгерілету бойынша халықаралық хаб құру жөніндегі идеясын қолдайды

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқармасының Төрағасы Ахметжан Есімов Біріккен Ұлттар Ұйымы Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасының (ЮНЕП) ЮНЕП-тің Еуропа бойынша өңірлік бюросының директоры Ян Дусик және Орталық Азияға арналған субөңірлік кеңсенің директоры Наталия Алексеевамен кездесті, деп хабарлады Ұлттық компания.

Ахметжан Есімов көрменің «Болашақ энергиясы» тақырыбының ЮНЕП айналысатын мәселелермен үндестігін атап өтті - ол қоршаған ортаны қорғау, климаттың өзгеруімен күрес, атмосфераға шығарылатын зиянды заттар көлемін қысқарту және экология мәселелерін шешу.

«Көрмеге халықаралық қоғамдастық тарапынан қызығушылық жоғары. ЭКСПО көрмесіне 17 халықаралық ұйым қатысады және олардың арасындағы жетеуі БҰҰ-ның ұйымдары – олар ЮНИДО, ЮНЕСКО, МАГАТЭ, ПРООН, ЭСКАТО, ЮНИСЕФ, Баршаға арналған тұрақты энергетика ұйымы және т.б. Олардың барлығы халықаралық ұйымдар плазасында орналастырылатын болады. Егер Сіздер қаласаңыздар осы павильоннан орын ұсынуға әзірміз», - деді Ахметжан Есімов.

ЮНЕП-тің Еуропа бойынша өңірлік бюросының директоры Ян Дусиктің айтуы бойынша, ЭКСПО-2017 көрмесіне «Болашақ энергиясы» тақырыбын таңдап алу тұрақты энергетикаға көшу тұрғысынан өте уақытылы болып табылады. Ұйымның осы тақырыпты Миландағы  ЭКСПО-2015 көрмесінде ілгерілету тәжірибесі бар. Онда ЮНЕП қоршаған ортаны қорғаудың жаһандық күнін өткізуге бастамашылық етті, сонымен қатар ең тұрақты және жасыл павильон байқауын өткізді. Осындай іс-шаралар Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 көрмесінде де орын ала алады.

«Сонымен бірге біз Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы базасында ұзақ мерзімдік ынтымақтастық мүмкіндіктерін қарастырудамыз, бұл идеяны Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев БҰҰ Бас ассамблеясында көтерген болатын. Сондай-ақ, біз көрме аяқталғаннан кейін де бірлескен жұмысты жалғастырамыз деп сенеміз», - деп қорытындылады сөзін Дусик.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
507

Екі бірлік массивтер бойынша үшінші массив құрастырылады, құрамында басында бірінші массивтің элементтері аяғында екінші массивтің элементтері.

import java.util.Scanner;
/*
* To change this license header, choose License Headers in Project Properties.
* To change this template file, choose Tools | Templates
* and open the template in the editor.
*/
/**
*
* @author DMyrzaka
*/
public class Esep1 {
public static void main(String[] args){
double[] a = new double[100];
double[] b = new double[100];
double[] c = new double[100];
int i;
// Длина первого масиссива
Scanner in = new Scanner(System.in);
System.out.println("Введите длину первого массива ->");
int n1 = in.nextInt();
for (i=0;i<n1;i++){
System.out.print("a["+i+"]=");
a[i]=in.nextDouble();
}
//Длина второго массива
System.out.println("Введите длину второго массива ->");
int n2 = in.nextInt();
for (i=0;i<n2;i++){
System.out.print("b["+i+"]=");
b[i]=in.nextDouble();
}
// Заполняем третий массив  первым массивом
for (i=0;i<n1;i++){
c[i]=a[i];
}
// Заполняем третий массив вторым массивом
for (i=0;i<n2;i++){
c[n1+i]=b[i];
}
for (i=0;i<n1+n2;i++){
System.out.print("c["+i+"]="+c[i]+" ");
}
}
}
 
0
0
1038

Нақты А=(a1,a2,...,a9) векторының бірінші оң компонентінен кейінгілерін 0,5 кемітіңіз. Бастапқы мәндер: -7,4; 0; -21; 4,6; 3; -2,6; 2,5; -1,3; 0,4

import java.util.Scanner;
/*
* To change this license header, choose License Headers in Project Properties.
* To change this template file, choose Tools | Templates
* and open the template in the editor.
*/
/**
*
* @author DMyrzaka
*/
public class Esep1 {
public static void main(String[] args){
double[] a = new double[100];
int i,k=0;
Scanner in = new Scanner(System.in);
System.out.println("Введите длину массива ->");
int n = in.nextInt();
for (i=0;i<n;i++){
System.out.print("a["+i+"]=");
a[i]=in.nextDouble();
}
for (i=0;i<n;i++){
if(a[i]>0){
k=i;
break;
}
}
System.out.println("k="+k);
for (i=k+1;i<n;i++){
a[i]-=0.5;
}
for (i=0;i<n;i++){
System.out.print("a["+i+"]="+a[i]+" ");
}
}
}
 
1
0
331

Білім үрдістері арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие беру

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаментімен қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша көптеген шаралар өткізілуде.

Солардың бірі, Орал қаласы білім беру бөлімінің №3 және №5 ЖОББМ мен Батыс Қазақстан индустриалды колледжінің оқытушы құрамымен өткізілді.

Дөңгелек үстелдер барысында департамент өкілдері мемлекеттік қызмет пен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша елімізде жүргізіліп жатырған саясатты түсіндіріп, қойылған сұрақтарға жауаптар берді.

Сондай-ақ, шара барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлық деңгейін анықтайтын сауалнамалар жүргізіліп, оларға бейнероликтер көрсетілді.

 
0
0
629

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегия – табысты бизнес

2016 жылдың 2 қарашада БҚО «Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша Департаментінің қолдауымен Ұлттық кәсіпкерлер палатасының облыстық филиалының ғимаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру бойынша облыстық кәсіпкерлер форумын өткізді.

Форумға мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар, құқық қорғау жүйесі, бизнес-қауымдастық өкілдері мен кәсіпкерлер қатысты.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру және «Ашық келісімді» жүзеге асыру» тақырыбында Департаменттің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Б.Хайруллин  баяндама жасады. Өз сөзінде ол Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдары қызметінің негізгі басымдықтарының бірі бизнесті жемқорлық қатерлерінен қорғау, кәсіпкерлік қызметіне заңсыз араласуды болдырмауға бағытталғандығын атап өтті.

Сондай-ақ, құқық қорғау органдары және кәсіпкерлік өкілдері баяндама жасады. Форум күн тәртібіндегі мәселе бойынша талқылаумен   аяқталды.

     
0
0
353