Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Шейх Мұрат Хакім

Шейх Мұрат Хакім
Шейх Мұрат Хакім – бұл – Марат Смағұловқа Алтын мұрагерлік  Нақышбанди тариқатының  Шейхтары берген рухани есім. Ол Қазақстанда 1964 жылы 12 сәуірде дүниеге келген. Мұрат Хакімнің рухани ілім дүниесіндегі алғашқы ұстазы әкесі «құдайы қонақ» деп үйіне ертіп әкелген бір дәруіш-шейх болыпты.
Үш жасар бала қырық күн бойы үйіне келген сол бір дәруіштің жанынан шықпай түрлі әңгіме, қисса-дастандар тыңдағанын, әлгі жүзі нұрлы қарияның кітап пен Құранды қалай оқығанын көргенін жадында сақтап қалады. Оның ерекше ықыласын байқаған дәруіш те кішкене баланың жүрегіне әр күн сайын рухани ілім құя береді. Осы бір сәт өміріне жарық сәуле болып жатталып қалғандығын Мұрат Хакім кейіннен үнемі есіне алып, көз алдына келтіруге тырысатын. Кетер кезінде әлгі дәруіш оған бір түйір  миіз ұсыныпты, таңдайында дәмі қалған «сондай тәтті мейізді  әлі күнге кездестірмедім» дейді ол.
Оразаны аяқтап, кетіп бара жатқан дәруіш, қоштасарда Мұраттың ата-анасына «Бұл бала кейін Хакім болады» деп айтыпты. Бұл әңгімені бізге Мұраттың анасы баяндап берген еді.
Бұдан кейін мектептің бастауыш сыныбында оқып жүрген кезде кеңес заманында ұстазы шейх Ахмет молда үшін 10 жыл итжеккенге айдалып, түрмеде отырған ел ішінде Пірадар ата атанған Кенесары молдадан діни ілімді үйренеді. Орта мектепті аяқтағаннан кейін Мұрат Хакім, Тәжікстандағы Әбді Сәми қариден шариғат пен тариқат танымын зерделеп, білім алады. Ал одан кейін Мысырдағы Әл-Азһар университетіне түсіп, ұзақ та мағыналы 10 жыл өмірін Исламның барлық ағымдарын танып-білуге арнайды. Ол сонда жүріп, Нақышбанди тариқатының шейхы Мұхаммед Амин Әл-Курдінің ізбасары болады. Қазақстанға келгеннен кейін ғылыми жұмыстармен айналысып, діннің заманауи проблемалары мен мүмкіндіктері жайында теолог-ғалым, дінтанушы ретінде еңбек етеді. Әрине, ғалымның діни сауаттылығы мен аса терең рухани зердесін танып-білгендер оны елімізде күн сайын тамырын тереңге тарта бастаған түрлі діни ағымдарға шақыра бастайды. Бірақ, Мұрат хакім жүрегі қаламағандықтан ғана олардың ешбірінің сапына тұрып, қатарына қосылмаған еді. 2015 жылғы сәуір айында тарихқа жазылардай таңғажайып бір оқиға болды. Қазақ жеріне қасиетті шейх Ахмет Яссауи Сұлтан шәріптің мақамына зиярат етуге сонау Кипрдан шейх Баһауиддин Әділ келеді. Ал бәз бір таныстары Мұрат Хакімді сол кісіге аудармашы болуға шақырыпты. Олар үш күн бойы өте жоғары деңгейде өзара сырласып, сұхбаттасты. Сапар соңында шейх Баһауиддин шейх Махмет Мәулянаны атынан шейх Мұрат хакімді Нақышбанди тариқатының Қазақстандағы өкілі етіп, тағайындайды. Ал, сол жылдың желтоқсан айында өмірлік сынақтарды басынан өткерген шейх Мұрат Кипрге қасиетті Мәуліт мерекесіне шақырту алады.
Кипрде Нақышбанди тариқатының 40-шейхы Мұхаммед Назым Әділ Әл-Қупруси, Әл-Хаққанидің мақамы бар.
Ол Шынайылық және Құпия Тазарушы адамдардың имамы болған. 20 ғасыр соңына қарай ол Нақышбанди тариқатының Аспан тәлімгерлігі және Пайғамбар оқулары арқылы қайта жаңғыртты.
Кипрде өзінің көп уақытын шейх Мұрат Хакім рухани тазаруда жалғыздықта жеке өткізді.
Кипрдегі 4 ай бойғы оқшаулану және рухани жетілу өз нәтижесін берді.
Көптеген ізбасарлар оншақты жылда жететін биіктік пен құпия ілімдерге шейх Мұрат Хакім қысқа ғана мерзімде қол жеткізді.
Нақышбанди тариқатының 41- шейхы әулие шейх Мухаммед Әділ Ар- Раббани, төрт ай бойы Мұрат Хакімнің жүрегіне ішкі және сыртқы жасырылған рухани ілімдерді құя берді.
Төрт ай уақыт өткеннен кейін шейх Мурат Хакім еліне жиналып жатқан кезде, Әулие оған өзімен бірге Стамбұлға халуат (40-күндік қылуетте оқшаулану) жасауға баруды бұйырды.
Бұл тарихи халуат еді.
Дәл мұндай үлкен халуатты соңғы рет Пайғамбар с.а.у жоғары өкілінің міндеттері (уәзипа) Сұлтан Мәуляна Хазрет шейх Абдулла Файыз Дағыстанидан Мәуляна Хазрет шейх Мұхаммед Назым Әл--Хаққаниге берілген кезде жасаған екен.
Қазір Пайғамбар с.а.у. қалауымен бұл уазипа шейх Мұхаммед Әділ Раббаниге өтті.
Әрине, мұндай маңызды халуатқа Шығыс Еуропа, Америка және басқа да көптеген елдерден ондаған муридтер баруға таласып-тармасып жатқан болатын.
Аллах Әлім, Пайғамбар сау және біздің Мауляна 11 муридті таңдап алды. Мұрат Хакім де солардың қатарында бар еді.
Бұл Мұрат Хакім үшін күтпеген оқиға және жаңа сынақ болды.
Алланың қалауымен ол халуатты табысты әрі жақсы өткізіп қайтты. Ақыр соңында Мауляна Хазрет шейх Мұхаммед Әділ оған жаңа рухани есім берді:
- Мабрук шейх Мұрат Хакім!
Өз отанына оралған соң Мауляна Хазрет шейх Мухаммед Әділдің Қазақстан мен Орта Азиядағы өкілі етіп тағайындалған шейх Мурат Хакім, рухани тәлімгерлік пен ислами оқуларды тарата бастады. Оған осы уақытқа дейін ТМД елдерінде ешкімге берілмеген құқықтар берілді. Оның оқымысты ғалым-шейх ретінде шариғат пен тариқат мәселелері бойынша сұрақтарға жауап беруіне, адамдарды емдеуге, барлық ілімді таратуға және өз өкілдерін тағайындауға да құқығы бар. Көптеген ізбасарлар оған келіп, Нақышбанди тариқатын қабылдайды.
Адамдар одан рухани ілім үйренеді. Орта ғасырлардағы хазіреттер, ишандар мен шейхтар Исламның жандандырушы көзі, нұры болса, Мұрат Хакім де бабаларымыздың тамыры тереңге кеткен осы рухани таза жолын ұстанып, оны жаңғыртуды өз міндеті деп біледі.
Ол Аллаға апаратын ақ жолдың сапаршысы, жол көрсетушісі.
Оның қайда жүргені бәймәлім. Алайда, адамдар арасында екені, Орта Азия елдерін аралап жүргені айдан анық.
Қасиетті жолда Алла оның жолын оңғарсын және нығайта берсін!
Пайғамбарымыз Мұхаммед с.а.у. мен оның отбасына және де оның барлық ізбасарларына, барлық пайғамбарларға, әулиелерге және Нақышбанди жолының адал қызметшілеріне Алланың сәлемі мен нығметі болсын! Аумин!

1
0
957

Осы тақырып бойынша

Шейх Мұрат Хакім - Yvision.kz