Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Шын махаббат, ешқашанда солмайды

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – Ф. Шопен «Мелодия рая»

Бейнематериал авторы – Rezonans TV “Love story”

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Вконтакте –

     

Ақ сезімде, атты таңым арайлы,

Күн шуағы, шашу шашып баурайды.

Шын махаббат, ешқашанда солмайды,

Қанат бітіп, бақ сезімде самғайды.

 

Шын сүйгендер, іңкәр көзбен қарайды,

Гәкку сезім, қосағымен жайнайды.

Періштелер, сүйгендерді қолдайды,

Ақ жол сілтеп, пәк жолдарын жалғайды.

 

Қос жүректің, жетер ме екен тағаты?

Сағыныштың, ұрып жатса сағаты.

Сынамашы, ей тағдыр, махаббаты,

Салмағайсың, ауыр жүкпен салмақты.

 

Қиналады, шын сүйгендер өмірде,

Азап шегіп, мың жылайды көңілде.

Осындама, бұл тағдырдың мәні де,

Айып жоқ қой, бір көнбейтін Тәңірде.

 

https://www.youtube.com/watch?v=UldIwWlbg48

 
1
1
1173

Осы тақырып бойынша