Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Әділет министрлігінің сайты мемлекеттік органдар арасында үздіктердің бірі болып танылды

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңға сәйкес мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына жүргізілген мониторингті қорытындылады деп хабарлайды Today.kz(link is external) тілшісі.
Министрдің айтуынша, төрт министрлік пен өңірлердегі үш әкімдіктің интернет-ресурстары толық болып табылады.
«Біз орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңының 16-бабында белгіленген 52 индикатордың болуына үнемі мониторинг жүргізіп отырамыз. Сонымен қатар мемлекеттік органдарға интернет-ресурстың мазмұнына сәйкес ұсынымдар беріледі. Ағымдағы жылдың қазан айында жүргізілген соңғы мониторинг көрсеткеніндей, әділет, энергетика, инвестициялар және даму, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрліктерінің, ШҚО,ОҚО, Алматы облыстарының интернет-ресурстары едәуір толық» - деп атап көрсетті Дәурен Абаев.
ҚР Әділет министрлігінің
баспасөз қызметі
0
0
446

Осы тақырып бойынша

Әділет министрлігінің сайты мемлекеттік органдар арасында үздіктердің бірі болып танылды - Yvision.kz