Мазмұнға өту
Обложка сообщества Мемлекет

Еуразиялық экономикалық комиссиясында алдын ала ақпараттандыру бойынша шешімді әзірлеуге кірісті

Мәскеуде Еуразиялық экономикалық комиссияның Кедендік реттеу инфрақұрылым департаменті ұйымдастырған отырыста Одақ аумағына көлікпен әкелінетін тауарлар туралы алдын-ала ақпарат беруге байланысты мәселелер талқыланды.

«Біз биыл Еуразиялық Экономикалық Одақта Кедендік кодексінің қабылдануын күтіп жүрміз, жобағда алдын ала ақпарат беруді  нормасын жетілдіру қарастырылған.  Жаңа кодекс жобасы  дайындықтың жоғарғы сатысында тұр. Сондықтан нормативтік-құқықтық актілерді дайындап, кодекс әлеуетін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді», - деді Еуразиялық экономикалық комиссияның Кедендік инфрақұрылым  департаментінің  кедендік ақпараттық технологиялар бөлімі басшысының орынбасары Алексей Гавричев.

Технологияларды іске асыру үшін қажетті жағдайлар айқындалды, қазіргі жағдай сараланып, болшақта іске асырылу керек қадамдар қарастырылды. Сценарийлердің нұсқалары әзірленді, оның барысында автоматты түрде тіркеген және автоматты түрде шығарған кезде кеден органының ақпараттық жүйесі шешім қабылдаған кезде жауапкершілік кімге жүктеледі деген сұраққа жауап берілетін болады.

Тауарларға арналған декларацияларды беру және тіркеу шарттарын автоматты түрде тіркеудің, тауарларға арналған декларацияларды автоматты түрде тіркеген кезде бақылаудың бірқатар түрлерін жүргізу, тауарларды автоматты түрде шығару мақсатында кедендік рәсімдерді таңдаудың артықшылығын және тауарларды кедендік декларациялаудың ерекшеліктерін ескере отырып, мәлімделген кедендік рәсімге сыйғызу жағдайын сақтаудың бірегейлендірілген алгоритмдері әзірленді.

Атап айтқанда, Ғылыми зерттеу жұмысы барысында деректерді іске асыру мәселелері бойынша Одақ мемлекеттерінің әрқайсысында нормативтік базаларға талдаулар жүргізілді. Соның ішінде, Еуразиялық Экономикалық Одақ Кеден кодексінің жобасын ескере отырып, ақпараттық жүйелерді пайдаланған кезде кедендік операциялар жүргізудің заңи мәнін қамтамасыз етуге қатысты жүргізілді.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
506

Осы тақырып бойынша

Еуразиялық экономикалық комиссиясында алдын ала ақпараттандыру бойынша шешімді әзірлеуге кірісті - Yvision.kz