Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазақ тілі мәртебесі

Қазақ тілі мәртебесі күннен күнге көтеріліп келеді. Еліміздің құндылығы ол тіліміз, дініміз, жеріміз, егемендігіміз, елдің ауыз біршілігі, осы аталмыш құндылықтарды сақтап келеміз. Тілімізді жоғалтпадық және жоғалту мүлдем мақсатта жоқ. Бұл жайт ескеріле отырып елімізде 3 тілдік білім алу стратегиясы ұстанып келеді. Қазақ тілі – үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді. Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз. Біздің міндетіміз – оны барлық салада белсенді қолданып, дамыту. Ал мемлекет өз тарапынан тілді дамытуға барынша қажетті жағдай жасауда. Соның ішінде мемлекеттік тілді оқытуға негізгі мектептің оқу жоспарында аптасына 5 сағат берілуі – осының бір айғағы. Сондай-ақ мемлекеттік тілді ұсынудағы білім мазмұны мен оны оқыту технологиясы да өзгертілді. Білім мазмұны да оны оқыту әдістері де халықаралық стандарттарға, технологияларға жақындатылып, теориядан тәжірибелік сөйлеу әрекеттеріне көшіріліп, жеңілдетілген, бейнелік, креативтік сипатқа келтірілуде.

0
0
1783

Осы тақырып бойынша

Қазақ тілі мәртебесі - Yvision.kz