Шекара қызметінде дөңгелек үстел өткізілді
Ағымдағы жылдың 9 қараша күні Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полиция департментінің 11 бөлімі, шекара қызметі әскери бөлімдерінің жеке құрамында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат және осы саладағы заңнаманы түсіндіру бойынша дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелге Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агентігі Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің қызметкері Е.Т.Төлепқалиев, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полиция департменті 11 бөлімінің аға анықтаушысы С.Б.Болатов, 2029 әскери бөлімінің жеке құрамы қатысты.
Отырыс барысында Департамент қызметкерімен ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясының орындалуы, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» Заңы, қылмыстық Кодексіндегі өзгерістер туралы баяндама оқылды.
Сонымен бірге, жеке құрамға жемқорлық профилактикасы бағытында және call-center 1424 жұмысы туралы видеороликтер көрсетілді.
