Ата-аналар комитеттерімен кездесу
Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған қызметті ұйымдастыру бойынша 2016 жылға араналған кешенді жоспарды іске асыру мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаментімен мектепке дейінгі мекемелердің, орта білім беру орындарының ата-аналар комитеттері өкілдерімен кездесулер өткізілуде.
Кездесу барысында Департамент қызметкерлері отбасында, оның ішінде өскелең ұрпақты жастайынан сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік қатынастар құндылығына тәрбиелеу және оны бойларына сіңіру, сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру бағытында түсінік жұмыстарын жүргізуде.
