Алматы қаласы мемлекеттік органдарының тәртіптік комиссиялары қызметіне 2016 жылдың 9 айының қорытындысы негізінде жүргізілген талдау нәтижелері бойынша кеңейтілген жиын өткізілді
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Министрлігінің Алматы қаласы бойынша Департаментімен Алматы қаласы мемлекеттік органдарының тәртіптік комиссиясы төрағаларының қатысуымен тәртіптік комиссия қызметіне 2016 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша жүргізілген талдаудың нәтижесі жөніндекеңейтілген жиын өткізілді.
Жиында Алматы қаласы мемлекеттік органдарының тәртіптік комиссияларының атқарған жұмыстарының нәтижелері қарастырылып,Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 152 Жарлығымен бекітілген мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану Қағидаларының талаптарын бұзған жергілікті және аумақтық органдардың тәртіптік комиссиялары төрағаларының баяндамалары тыңдалды.
Өткізілген жиынның қорытындысы бойынша тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселесіне қатысты заңнамалардың жеке ережелері бойынша түсініктемелер беріліп, қолданыстағы заңнама нормаларының бұзылуына жол бермеу мақсатында бірқатар ұсыныстар енгізілді.
Жиын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Министрлігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің басшысы - Камалов Бахтияр Камалұлының төрағалығымен өткізілді.
