Студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті — мемлекет экономикасының табысты негізі
Алматы қаласы жастар саясаты мәселелері басқармасы «Көзқарас» клубы жобасының аясында ҚМЭБИ университетінде «Жастардың арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында кездесу өткізді.
Кездесуге ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті, қаланың жоғары оқу орындарының проректорлары мен студентері, профессорлық-оқытушылар құрамдары мен ғылыми-эксперттік қоғамның өкілдері қатысты.
Департаменттің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Мақсатхан Анапин Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы мен 5 институционалды реформа аясындағы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын түсіндіре отырып, «Мәңгілік ел» идеологиясы контексіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен этика туралы, ежелгі заманнан бері халық дәстүрлерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қалыптасқан теріс пікірлер туралы және ежелгі грек философы Аристотельдің дәйектемелеріне мысалдар келтірді.
Алматы қаласы жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Елнұр Бейсенбаев мемлекетіміздің Еуродаққа және ДСҰ мүше болғаннан кейін студенттердің білімділігі мен жоғары мәдениеті қазіргі нарықтағы күшті бәсекелестіктерге төтеп берудің маңыздылығына тоқталды.
Кездесу барысында жемқорлықтың еліміздегі қоғамдық институттарға тигізетін әсерлері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы шаралар, студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын қалыптастыру мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы шараларды жетілдіру мәселелері жан-жақты талқыланды.
Нархоз университетінің тәрбие жөніндегі директоры Валерий Козлов өз сөзінде университетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда ауқымды жұмыстар атқарылуда, оның ішінде оқу прцесстері автоматтандырылып, аудиторияларға бейне камералар орнатылған және профессорлық-оқытушылар құрамы сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерге өз еріктерімен үлестерін қосуда, сонымен қатар, университете болып жатқан басқа да жаңалықтарға тоқталды.
Каспий университетінің академиялық мәселелері жөніндегі проректоры Оксана Киричок сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие отбасынан, мектепке дейінгі білім беру мекемелерінен басталу керек, өкінішке орай бүгінгі таңда білікті мамандардың аз екендігін атап өтті.
ҚМЭБИ университетінің құқық мектебінің деканы университете сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізіліп жатқандарына тоқталды.
