Мазмұнға өту

Жаңа

Серік Елікбайдың шығармашылық кеші

Сен менен: «Кітап қалай жазылады? - дейсің

«Оңнан солға қарай» - Білесің.

«Жазбауға болмаған кезде жаз» - Білесің.

«Қаламмен жаз» - Білесің.

«Жүректен жүрекке» - Білесің.

 

Бүгін С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханасында ақын, жазушы, әдебиеттанушы Серік Елікбайдың шығармашылық кеші өтті. Әдеби кешке ақынның замандастары, шәкірттері жиналды. «Алдаспан» ақындар клубының мүшесі Ерасыл Бейбіт әуезді әнімен кеш шымылдығын ашты.

С. Торайғыров атындағы ПМУ-дің профессоры Назымбек Дүкенбай Серік Елібай жайлы біраз әңгіме өрбітіп, шығармашылықтарындағы біраталай еңбектерімен таныстырды. Назымбек Дүкенбай  қазақ хандығының негізін қалаушыларына арналған «Керей мен Жәнібек» атты ән жазса, Серік ағамыз әннің сөзін жазған екен. Қазақтың хандары мен батырлары туралы 10-ға жуық ән жарық көрген. Әндер бір жинақ кітапқа еніп, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында орын алған.

-Елбасымыз Н. Назарбаевтың «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында биыл аталып өтетін ірі шаралардың бірі әрі бірегейі ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы екені белгілі. Осыған орай ақын Серік Елікбай қазақ хандары мен батырларына арналған музыкалық-поэзиялық топтама шығару туралы идеясымен бөлісті. Біз әуелі хандығымыздың қалыптасып, бүгінгі дәрежеге дейін көтерген хандар мен батырлардың тізімін жасап, ішінен он тұлғаны таңдап алдық. Алғашқы әніміз «Керей мен Жәнібекке» арналып жазылды. Туындының сөзі - ақын Серік Елібайдікі, ал әнін өзім жаздым. Қазіргі таңда 7 әннің сөзі мен композициясы дайын тұр. Олардың қатарында «Кенесары хан», «Оспан батыр», «Бөгенбай батыр», «Қабанбай батыр» сияқты туындылар бар. Ауқымды мерейтойға павлодарлықтардың атынан осындай сый-сияпат жасамақпыз, -дейді ҚР Мәдениет қайраткері, С. Торайғыров атындағы ПМУ-дің профессоры Назымбек Дүкенбай. Сонымен қатар ақынның шәкірттері өлеңдерін оқып, жүрек жарды лебіздерін білдірді.

 
0
0
1934

Айдын Рақымбаев ЭКСПО-ның декоративті элементінің құлауын аяз бен Қытай металынан көріп отыр

ЭКСПО аумағындағы кешегі оқиғаға байланысты «BI Group» Компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Айдын Рақымбаев түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ең бастысы, адамдар құрбан болған жоқ. Түсінемін, барлығы біздің пікірімізді күтіп отыр. Оқиға орнындағы жағдайды зерттеп, әріптестермен және инженерлермен талқылау жүргізгеннен кейін, қазір тиісті мәлімдеме жасауға әзірмін. Біріншіден, конструкцияға тоқталатын болсам, бұл нысан шынымен де сәулеттік-декоративті элемент болып табылады. Оны құрастырумен және монтаждық жұмыстармен келісімшарт бойынша еліміздегі ең кәсіби компания - «Имстальком» айналысты. Біз кәсіби құрылысшылар ретінде қазірдің өзінде олардың жоғары біліктілігі мен құзыреттілігіне күмәнданбаймыз», - деп жазды А. Рақымбаев Фейсбуктегі парақшасында. Оның сөзіне қарағанда, фотосуреттерге мұқият қараған кезде, одан конструкцияның дәнекерленген жерінен немесе монтажды тіреуіштерінен сынбағанын байқауға болады. Бұл ретте суреттен конструкцияны кесіп тастаған секілді көрініп тұр. Осындай биіктіктен құлаған кезде аркалардың әйнектері сынбағанын назарға ала отырып, негізгі конструкцияның беріктігі қандай болғаны түсінікті. «Инженерлермен кеңескеннен кейінгі біздің алдын ала тұжырымға тоқталатын болсам, 90 метрлік ферма (cәулеттік-декоративті элемент) құжатта көрсетілген беріктігі тұрғысында металдың химиялық құрамының сәйкес келмеуінен аязды күнде металдың сығылысуына шыдай алмады.

Дегенмен, металл мен оны пайдалану шаралары негізінен аязды және ыстық күндер кезінде сығылысу мен ұлғаюды есепке ала отырып ескеріледі. Бұл біздің алдын ала пікіріміз екенін атап өтемін», - дейді компания басшысы. Оның айтуынша, соңғы шешімді сарапшылық комиссия жасайтын болады. Бірінші кезекте металдың химиялық құрамына талдау жасалады. Бұлар Қытайдан жеткізілген екен. Осы секілді металдан көрме аумағындағы басқа да нысандар салынды. Сонымен қатар ол шығынды өтеу тақырыбына тоқтала келе, компания осы бұзылған аралықты қалпына келтіретінін жеткізді.

   
0
0
519

ИП «Пахомов Михаил Михайлович» — программа «Кәсіпкер»

ИП «Пахомов Михаил Михайлович» Пахомов Михаил Михайлович осуществляет свою деятельность в сфере грузовых перевозок с 2011 года. Получил займ на сумму 3 млн. тенге по программе кредитования «Кәсіпкер», сроком на 54 месяца, под 6 % годовых. Заемные средства были направлены на приобретение тягача.

 
0
0
309

Қазақстан еуразиялық мультимодальдық құрлықаралық көпір құрмақ

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев бастаған делегация «Ляньюньган қаласындағы (ҚХР) «Жаңа Еуразиялық құрлықтағы экономикалық дәліз көпірін құру» атты халықаралық форумына қатысты.

Форум барысында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы сөз сөйледі.

Ляньюньганды «Жаңа Еуразиялық құрлық көпірінің шығыс қақпасы, Жібек жолының құрлық пен теңіздегі түйісетін тұсы» деп атаған ол «Ляньюньган портындағы қазақстан-қытай бірлескен терминалының зор маңызы барлығына тоқталды.

Қ. Алпысбаевтың айтуынша,порттың қолайлы географиялық орналасуы, Қытайдың қалалары мен порттарымен темір жол және теңіз коммуникациялық сабақтастығы Қазақстанмен ықпалдасуына және өңірдегі елдердің халықаралық логистикалық тізбекке қосылуына ықпал етеді.

Жобаларды жүзеге асыру арқылы мемлекетаралық «Бір белдеу- бір жол» және «Нұрлы жол» экономикалық Жібек жолы стратегиялық серіктестік белдеуін жүзеге асыруға ынталандыру нәтижесінде Қытай-Еуропа бағдарында 2020 жылдары контейнер санын екі миллионға жеткізуге болады.

Қ. Алпысбаев  көліктік-логистикалық даму туралы және Қазақстанның транзиттік әлеуеті мәселесіне тоқталды.

«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша еліміздің көлік инфрақұрылымын дамытуда ауқымды жұмыстар атқарылуда.

Қазақстан ел ішінде және шетелдегі маңызды орындарда логистикалық желілік орталықтарын құрып, Еуропалық құрлыққа бағытталған жүктерді шоғырландыру мен дистрибуциялық өңдеуді жүзеге асыратын терминальдық желіні жасақтау бойынша ауқымды жобаларды жүзеге асыра бастады.

Қазіргі таңда Қазақстан аумағы арқылы құрлықтық сауда контейнерлік пойыздар ҚТЖ серіктестерімен бірге ҚХР-дың Чунцин, Чженчжоу, Ухань, Чэнду, Сиань, Иу, Хэфей, Ланьчжоу провинцияларымен қатар ғаламдық HP, DHL, Foxconn компаниялары арқылы тиімді жасақталуда.

«Біздің мақсатымыз еуразиялық мультимодальдық құрлықаралық көпір құру. Ол арқылы Азиядан шыққан жүк Еуропаға үш бағдармен: Қытай- Еуропа-Қытай, Қытай-Кавказ- Түркия, Қазақтан- Түркменстан- Иран бағдарымен жеткізіледі»,-деді Қ. Алпысбаев.

«Қазақстан – Еуропа мен Қытайды жалғайтын Жібек жолы бойындағы бірден- бір экономикалық белдеу болып табылады»,-дей келіп, Қазақстанның Жаңа Еуразиялық құрлықтық көпірді құруға мол үлес қосып отырғындығына тоқталды.

Бұл күні «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Ляньюньган қаласының мэрі Сян Сиелонмен кездесті. Кездесу барысында екі жақты қарым - қатынас мәселелері мен «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА секілді бірлескен жобаларды дамыту жайы талқыланды. Өткен жылы Мемлекет басшысының ҚХР-на сапары барысында қытай тарапының АЭА-ты дамытуға серіктес ретінде 600 миллион доллар инвестиция бөлу туралы Келісімге қол қойған болатын.

Қ. Алпысбаевтың пікірінше, «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА аумағында тұрақты инвесторлар мен әлеуетті қатысушыларға барлық жағдайлар жасалған.

Кездесу барысында Ляньюньган – «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА Құрғақ порты бағдарында жүк тасымалын арттыру мәселесі мен «Ляньюньган портында    ШЫҰ логистикалық аймағын құру жайы қаралды.

«Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА мен Ляньюньган портын бірлесіп пайдалануды жүзеге асыру жайы Ляньюньган қалалық компартия хатшысы Ян Синшимен болған кездесуде де талқыланды.

Тараптар клиенттерге барынша қолайлы жағдайлар жасап, бәсекелестікті арттыра отырып, ықпалдастықты дамытуға бейілді екендіктерін жеткізді.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
719

Қазақстандық рельстер әлемдік өндірушілердің стандарттарына сәйкес келеді – ҚТЖ

Ақтөбе рельс арқауы зауыты «Теміржол көлігі инфрақұрылымының қауіпсіздігі туралы» Кеден одағы Техникалық регламентінің талаптары бойынша сәйкестік сертификатын алды.

Сертификат алу рельстік өнімді ЕАЭО елдеріне экспорттауға мүмкіндік береді, деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.

Мәскеудегі Бүкілресей темір жол көлігі ғылыми-зерттеу институты («БҒЗИ» АҚ) ұйымдастырған рельс өнімдерін сынаудың бірыңғай талаптарын жасау мәселесіне арналған конференцияда осы жай айтылды.

«Ақтөбе рельс арқауы зауытының ДТ350 категориясындағы рельстерін сынақтан өткізу нәтижесінде оның механикалық қалыбы, төзімділігі, жарықшаққа шыдамдылығы секілді техникалық мінездемелері сапасы бойынша әлемдік өнім өндірушілермен сәйкес келеді. Кей жағдайларда олардан да сапалы тұстары бар», деп атап өтті «БҒЗИ» АҚ зертханасының меңгерушісі А. Борц.

Рельс өнімдерінің қаншалықты ұзақ сақталатындығын анықтау үшін 750 миллион тонна бруттодан да жоғары салмақтарға сынақтар жалғасатын болады. Соған байланысты Конференция қорытындысы бойынша Ақтөбе рельс арқауы зауыты мен Бүкілресей темір жол көлігі ғылыми- зерттеу институты арасында өнімдерді сынақтан өткізу туралы келісім жасалды.

«Қазақстандық өнім өндірушілер мен ресейлік сынақ зерттеу институты орталығының арасындағы белсенді серіктестік жоғары қауіпсіздік талаптарын сақтау мен темір жол өнімдерін ЕЭО мен «1520 мм кеңістігіндегі» сапалық деңгейді тұрақтандыруға қызмет етеді», - деді бас инженер Б. Орынбасаров.

Конференция қатысушылары бұдан басқа темір жол рельстерінің мемлекетаралық стандарттары жобасын жасау тұрғысындағы мәселені талқылады. Аталмыш құжат 2017 жылы бекітілетін болады.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
566

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда 1300-ден астам денсаулық сақтау нысаны салынды

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда мемлекет қаражаты есебінен 1312 денсаулық сақтау нысаны салынып, пайдалануға берілді.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде хабарлағандай, оның ішінде 8 медициналық ғылыми орталықтары, 32 арнайы медициналық орталықтар, 176 аурухана, 144 емхана, 907 амбулатория және 45 арнайы денсаулық сақтау нысаны (қан орталықтары,  патологоанатомиялық бюро және тб.).

Барлық медициналық нысандардың 87%-ын алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін ұйымдар құрайды.

Мынадай ірі медициналық ұйымдар құрылған, олар: Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы, Республикалық балаларды оңалту орталығы, Республикалық диагностикалық орталық,  Ұлттық нейрохирургия орталығы, Ұлттық ғылыми онкология және трансплантология орталығы, Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы және т.б.

2001 және 2007 жылдардағы Қазақстан халқына Жолдауында айтылған Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау барысында, «100 мектеп жән 100 аурухана салу» жобасы іске асырылды және жалпы құны 360 млрд. теңге «350 дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік-акушерлік пункт және емхана салу» жобасының іске асырылуы аяқталуға жақын қалды.

Ағымдағы жылғы 1 қарашадағы мәлімет бойынша жоғарыда көрсетілген жобалар аясында 441 денсаулық сақтау нысандары салынды, соның ішінде: Ақмола облысында-19, Ақтөбе облысында-26, Алматы облысында-48, Атырау облысында-31, Шығыс-Қазақстан облысында-32, Жамбыл облысында-32, Батыс Қазақстан облысында-21, Қарағанды облысында-31, Қостанай облысында-20, Қызылорда облысында-32, Маңғыстау облысында-31, Павлодар облысында-23, Солтүстік Қазақстан облысында-8, Оңтүстік Қазақстан облысында- 66, Алматы қаласында-12, Астана қаласында - 9.

Қазіргі уақытта 65 денсаулық сақтау нысандың салынуы жалғасуда, соның ішінде 2017 жылы 39 және ағымдағы жылы 26 нысанды аяқтау жоспарлануда.

Денсаулық сақтау ұйымдары желісін ары қарай дамыту үшін ҚР ДСӘДМ сарапшыларымен ағымдағы жылы қолданыстағы медициналық ұйымдардың жағдайына  картографиялау және түгендеу жүргізілді, ол 8  мыңнан астам нысандар. Қазақстан-Британ техникалық университеті мамандарымен бірігіп «Медициналық көмек көрсетуді өңірлер бөлінісінде және деңгейінде денсаулық сақтау инфрақұрылымын одан әрі дамыту жоспары»  ақпараттық жүйесін әзірлеу жұмыстары басталды.

Денсаулық сақтау жүйесінің инфрақұрылымын одан әрі дамытуда бюджеттік шығындардан басқа мемлекеттік-жеке меншік әріптестік, сенімгерлік басқару және жекешелендіру механизмдері арқылы жеке сектордағы ресурстар тартылатын болады.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
544

Майлыаяқ

Үлкендігі кішігірім тайшадай қара төбет құдайдың құба жонында салдыртып келе жатыр. Қайдан шықты, қайда барады оны иттің өзі білмесе білетін жан жоқ екендігі талассыз. Ара - тұра тоқтай қалып, тұмсығын көкке көтеріп, кең тыныс алады.


Сонан соң жолын онан әрі жалғайды. Күн көкжиекке жақындап барады. Асығу керек, әйтпесе түнде түртінектеп жүріп..

Оны қайдан таппақ?


Ит санасында найзағадай жарқ еткен осы оймен қанаттас шегі шұрылдап асқазаны сағзи жөнелді. Иесі қайтыс болғаннан кейін Мергеннен кетіп қалды. Содан бері оған арнайы сорпа - суан әзірлеп құятын құдайдың құлы болмағаны иттің есіне түскен.


Өзі тентіреп барған ауылдардағы үйшікте тұратын иттердің тамағына тартып ішіп, өзек жалғаумен жүр еді. Сонысын да бұл жұрт көп көргендей ме, әйелдер жағы қарғап - сілеп, итаяққа бас қойған. Мұны қолдарына түскен әлденелерді  лақтыратын.


Олардың жарасы бұған жеңіл еді. Азу тісін ақситып «ыр - р» ете түскен де үйлеріне жып беретін. Ал еркектер болса айыр ала жүгіретін. Бүйіріне айыр қадатып бұл ақымақ па, тамақтан өліп пе? Табанын жалтырататын. Келесі бір аулада жылы - жұмсаққа бас қойған күшікті қағып жіберіп, іске кіріскені сол еді.


Әлдекім мылтықпен атып қалғаны. Сол сәт көрші үйлерден ата шыққан адамдар мылтық иесіне дүрсе қоя берісті. Олардың не деп уласып - шуласып жатқанын бұл қайдан ұқсын? Мылтық атылған сәтте, бұл ауладан ата шығып қара үзді.


Сол түні бұл ауылдан аулақ кетіп, биік бір төбенің басына шығып, көз жасы көлдей болып ұлыған. Мұнысы шыбын жанын аман сақтаған жаратушы иеге деген алғысы ма, жалбырыну ма, кім білсін?! Таң ата жолға шыққан. Содан қос бүйірі қабысып, тілі салақтап салдыртып келе жатқанына екінші күн. Жолда бірде – бір ауылға соқпады.


Біріншіден, төрт аяқты бауырларының сорпа – суанына ортақтасам деп  ырылдасқысы келмесе, екіншіден, жыны түссе, төрт аяқты бұл түгіл екі аяқты бауырларының жоқтауын асырудан тайынбайтын қатыгез адамдардың қаһарынан қорыққан. Іші шұрқырап әкетіп барады.


Тамақ тауып жемесе болмайтынын ұғынған ол шілікке бұрылды. Онысы қоян кездесер ме екен деген дәмесі еді. Кездескен күнде оны  оңайлықпен ұстап алуы... Кенет оның көзі мұны көріп ініне жып берген үлкен тышқанға түскен.


Әп – сәтте - ақ інді қазып, оның ішіндегі тышқандарды жеп, аз - маз тыныстаған ол қырға көтерілді. Айнадай жарқырап жатқан көлді көргенде, тағы да марқұм  иесіне еріп, осы ауылға келгендері. Өзінің шөлдеп көлден су ішкені есіне түскен. Қара төбет иесі түскен көл маңындағы  дәрі сасыған үйді бірден тапты.


Тек содан кейін иесінің ат басын бұрған үйін таба алмай көп сандалды. Енді ол жанындағы үйлердің маңайын тұтқасын иіскей бастаған. Шамы сөніп тұрған үйдің ауласынан, ақыры, іздеген иісін тапқандай еді. Жерді иіскеп отырып, сыртқы есігі жоқ бір үйдің дәлізіне келіп кірді.


Тұтқаны иіскеп еді іздеген исі аңқып тұр. Қуанғанынан ол қатты қыңсылап, есікті сояудай тырнақтарымен тырналай бастады. Есік ашқан Аманды қаға - маға ішке еніп келе жатқан итті көргенде, Алтыбай кереуетінің астына жып берген.


Дірілдеп - қалтырап қорықаннан үні шықпай қалған ол Қондыбайдың аяғына басын қойып құйрығын бұлғаңдатып жатқан қара төбетке қызыға қарап тұрған балаларды көріп, ішін әлдебір беймәлім қызғаныш меңдеді.


Оларға жақын келген ол иттің көзінен еденге тырс - тырс тамып жатқан жасты көргенде жаңа ғана таласа – тармаса Қондыбайға сауал қойып жатқан балалардың бір сәтте неге үнсіз қалғанын ұғынды. Қондыбайға көзі түскен ол, оның ерекше толқып тұрғанын аңғарды.


Әлден соң Қондыбай тамағын кенеп балалардың назарын өзіне аударды. Сонан соң: «Менің сендерге айтып жүретін Майлыаяғым осы», - деген баяу үнмен.


Бұл сәтте  Майлыаяқтың жүрегін ақыр соңында кіші иесін іздеп тапқанына тек итке ғана тән тасқынды қуаныш меңдеген.

 

Көзінен   тамшылай аққан сол қуаныш  жас еді. Қондыбай болса мұны мойнынан құшақтап:

–Майлыаяғым - ау, осыншама  уақыт қайда болдың?  Мені   ұмытпаған екенсің ғой?! – деп еркелете бастады.

 

Ал Майлыаяқ үлкен иесінің өзін әлдекімге  қарғы бауынан жетектетіп жібергенін, есіне алған. Үнемі қолқаны ататын  әлдебір ащы  иістен арылмайтын ол мұны шарбақтың қадасына байлап қойды. Ара - тұра тамақ беретін.


Бұрынғы иесін, сахара төсін сағынған бұл түн баласы жақ жаппай ұлумен шығатын. Мұндайда бірде үй иесі, бірде әйелі үйден ата шығып, әлденелерді айғалай айтып кейде тіптен құрық ала жүгіретін. Сонымен салып - салып жіберіп, жат деп үйге енетін.


Сол түні де бұл қатты ұлыды. Қолына құрық түспеді ме, мұны қысқа шыбықпен ұра берген де бұл оған бүгіле атылған. Әйел шар етіп шалқасынан түскен. Ерлі - зайыпты екеуі бұдан әрірек тұрып, бірімен - бірі айғайласып қатты ұрысты.

 

Қой өрер сәтте әйел екі - үш кішкентай баласын ертіп үй алдындағы қырға беттеп бара жатты.


Үй иесі бұған жақындай беріп, шарбақтың ішіне қарғып түскен. Ұратын болар. Азу тісін ақситып ыр - ыр еткен мұнан үрейі ұшты ма, кім білсін? Үй иесі қолындағы қамшысын жерге тастай салып, аяқ - қолы дірілдеп, мұны байлаған жіпті шеше бастады.


Кенет мойнын бұрғызбай қимылдаса қылғындырып, тынысын әбден тарылтып тұрған жіптің босай бастағанын сезген. Атыла жұлқынғаны соншалық – түбі шірік қазық опырылып кетті.


Шарбақтың бір бөлігі жалп етіп құлап, үй иесі қорқыныштан қалтырап –дірілдеп көңге сұлай кеткен, ол әлденелерді айтып жер сабап жатқан шақта бұл алды - артына қарамай тайып тұрды. Түс әлетінде иесінің үйіне келіп жетті.

 

Бұрын қойдың шарбағы құрылатын жер бос жатыр. Үйден әрірек жайылып жүретін ақсақ - тоқсақ қозы - қойлар да көрінбейді.


Ең бастысы, есік алдында екі иінінен дем алып, түтіні будақтап тұратын сары самаурын да ізім - қайым, жан - жағына жіті көз салып аз - маз іркілген қара төбеттің құлағы үй ішінен әлдекімнің қыстыға жөтелген дыбысын естіген.


Сол сәт әйнектен төсек үстінде сүйегіне ілініп отырған шалға көзі түсті. Бір басып, екі басып әйнекке жақындаған ол әлден соң жаңағы шалдың өзінің иесі екенін таныған. Сол сәт өз еркінен тыс арс - арс етіп үріп жіберді.

 

Үйден жүгіре шыққан қыз мұны көре сала: «Майлыаяқ, Майлыаяқ келді!»,- деп ауылды басына көтерді.


Кемпір шалды сүйемелеп далаға шығарды. Мұны көргенде шал мұң шағып: «Халім осы, Майлыаяғым!», - деген даусы дірілдеп. Мұны сипалай тұрып: «Опыр - ай, қалай жүдеп кеткенсің?! Ит - ай, қыр соңымнан қалмай қойған соң, сені амалсыз беріп едім».


Кемпір шалының сәт санап әлсіреп бара жатқанын сезіп: «Майлыаяғым, сен мені  бірде маған атылған арланды алқымнан ала кетіп, екіншіде, ит тұмсығы батпайтын ну орманда адасып әлім құрып енді өлдім - ау дегенде көк шолақ ат екеуің аман - есен алып - шығып екі рет ажалдан құтқарған едіңдер. Енді міне ...». Оның не айтып, не қойғанын бұл ұққан жоқ.


Әрине, әйтсе де шалдың еті қашқан әлсіз саусақтарының болар - болмас жылуы өн бойына таралып, тек иттерге ғана тән мерейін асқақтатқан. Күнде таң ата шалдың терезенің алдында көлденең жатып иесінің әр қимылын үнсіз бақылаумен болатын.


Бірде әлдекімдер оның бетін жауып жатқанын байқады. Көп ұзамай үй ішінен жылаған адамдардың дауыстары естілді. Ауылдан жырақтау зиратта жерленген иесінің басында бұл табан аудармай бірнеше күн болып, ол үйіне  қайтатын шығар деп күткен.

 

Оның ойын бөлмеге сырттан кірген әлдекімнің ренішті даусы бөлді:

– Мен сендерден бұл тағы қандай бейбастық? - деп сұрап тұрмын ғой.

– Қондыбайдың жоғалып кеткен иті іздеп келді, мұғалім.


– Шығарыңдар кәне, тез шығарыңдар. Ешкім орындарынан қозғала қоймады. Майлаяқ есікке беттеп бара жатты. Қондыбай соңынан ілескен.


– Кәне, балалар, дем алыңдар, - деген Рахаң өзгелер шешіне бастағанда, Рахаңды төңіректеп Алтыбай  қала берген.

 

–  Сен неғып тұрсың селтиіп?

– Мұғалім! – деді, – анау сізді ана иті құрғыр қауып ала ма деп?

Жатайын деп жатқан балалар ду күлді. Рахаң біртүрлі қолайсызданып:

– Сен өзі неткен жағымпазсың !


Жат, кәне орныңа, - деп жекіп тастады. Қондыбай сол түні көз ілмей шықты. Қайта - қайта далаға шығып, Майлыаяқты еркелетіп, құшақтаумен болған. Шіркін - ай, үйге апамдарға алып барсам ғой!


Үйдегілер қандай қуанар еді! Әсіресе Майлыаяқты кішкентай күшік күнінде тауып әкелген Нүрпән қандай қуанар еді. Бұл есейгенге дейін Майлыаяққа сол иелік етті ғой.


Қазір ол бойжеткен қыз. Бұлардың үйі бұрынғы тұрған жерлерінен көшіп кеткен. Содан ғой Майлыаяқтың таба алмай жүргені. Қанша ойласа да, Майлыаяқты ауылына қалай жеткізудің жолын таба алмады.


Қалжырап барып көзі ілінген. Таң ата үлкен ауылдың Майлыаяққа бейтаныс тірлігі басталып кетті. Абыр - сабыр біреулері малдарын өріске айдап бара жатса, енді біреулері балаларын жетектеп кеше түнде өзі  тұтқасын иіскелеп, шыр айналған үйге қарай алып бара жатыр.


Мұның кіші иесі де мұны мойынан құшақтап сәл - пәл еркелеткен соң, солардың соңынан ілесті. Жол үстінде состиып тұрып қалған мұны көрген бала жетектеген бір әйел көшені басына көтере әңгірлеп бұған тас лақтыра бастады.


Бұл да қарап қалмай, әлгі әйелге сояудай азу тісін ақсита «ыр - р» еткен. Сол - ақ екен жұрт бұған назар аударып, әркім әр түрлі сес көрсетті.  Көшеде  жатқан тастарды алып лақтыра бастады.

 

Бұл олардан қашып құтылып, көл жағасына жақын орналасқан құлаған үйдің ішіне зып берген. Осы арадан кіші иесі кіріп кеткен еңселі үйдің есігін бағумен болған. Ақыры, оның қарасы көрінді.

 

Мені күтіп жүрсің бе? Қазір.

Ішке кірген ол әлден соң ескі  тегешке буы бұрқыраған тамақ құйып әкеліп, мұның алдына қойды. Иісі танау жаратын ыстық сорпаны бұл құныға жалады.


Майлыаяқ иесінің өзімен ауылдағыдай дала кезіп, тауға шығып асыр салып ойнау түгіл аз да болса бірге болуға мұршасы жоқ екенін байқаған.


Тіпті әлдеқалай сытылып шықанның өзінде сол түні иесінің бөлмесінде кездескен үлкен кісі іле артынан іздеп шығып, алдына салып алып кететін. Мұнымен қатар ауыл адамдары мұны әлдеқалай көре қалса жындарын көргендей әлдене деп әкіреңдеп кет - кеттің астына алатын. Бұған ауыл иттерін айтақтайтын.


Мұның тісі батқан иттер қыңсылап безе қашқанда, олардың иелері бұған жұдырықтарын түйіп, көшеден тас, таяқ іздей бастайтын. Тіпті кейбірі мұны трактормен, машинамен тұра қуатын.


Мұндайда бұл ашық алаңға шықпай үй - үйдің қора - қораның арасымен зытып құтылатын. Ақыр соңында, бұл жердің өзіне қоныс болмасын сезген ол қырға беттеген.


Ертеңгісінде Қондыбай Майлыаяқты таба  алмай дал болды. Кешке қарай келіп қалар деп үміттенді. Бірақ Майлыаяқ бұл күдер үзбей қанша іздесе де, күтсе де, қара көрсетпей кеткен. Бір күні кешке қарай  бөлмеге асыға енген  интернат тәрбиешісі Рахаң:

 

– Қондыбай, сенің итің Қара жырада... Осылай қарай шығатын жолдың жиегінде өліп қалыпты. Кеше табынан бөлініп қалған тайшамды іздеп барғанда көрдім. Сенімен қоштасып кетуге келген екен. Кім біліпті?..- деді мұңая тіл қатып. Бөлме ішін көңілсіздік меңдеді.

 

«Атам жақсы ит өлімтігін көрсетпейді деуші еді, рас екен - ау», - деді балалардың бірі. Қондыбайдың көкірегі қарс айрылып бара жатқандай еді.

 

Сүлеймен Баязитов

 
0
0
1786

Қ. Қожамжаров: Мемлекеттік қызметте конкурстан тыс тағайындаулар 25 есе азайды

Мемлекеттік қызметте конкурстан тыс тағайындаулар азайды, деді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров ҚР Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысында.

«Бүгін конкурстан тыс тағайындаулар 25 есе азайды, бірінші басшылардың сапасын бағалау үшін белгіленген пайыз бар. Жоғары деңгей бұзушылықтары азайды және орталық мемлекеттік органдардың басшылары қалай өзгергенін көріп отырмыз. Олардың себептері ретінде өз еркімен жұмыстан кету, басқа жұмысқа ауысу және басқалары көрсетілген, бірақ біз оның себептері анағұрлым терең екенін түсінеміз», - деді Қ. Қожамжаров.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік басшысы заңнамаға сәйкес ведомство өтініштер түскен жағдайда ғана араласуға құқылы екенін атап өтті.

«Алайда, ағымдағы жылы мұндай жағдай орын алған жоқ, сондықтан бірінші басшылардың қызметін бағалау туралы келісімдерге кадрлардың ауысымдылығы сияқты индикаторды қосу қажет деп ойлаймыз. Бізде әкімшілік заңнаманы қолдану, мұндай басшыларды жауапкершілікке тарту бойынша өкілеттіктер бар. Біз бұл мәселемен жүйелі түрде айналысатын боламыз»,  - деп қосты Қ. Қожамжаров.

Заң жобасының негізгі мақсаты құқықтық кемшіліктерді жою, конкурстық рәсімдерді оңтайландыру және жылдамдату, сондай-ақ құқық қорғау қызметі стандарттарын мемлекеттік қызмет стандарттарына жақындату арқылы мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіру болып табылады.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров айтып өткендей, заң жобасы қоғаммен кеңінен талқыланды.

«Заң жобасымен мемлекеттік қызметке түсу тәртібі жетілдірілуде. Мемлекеттік қызмет кадрларын жиынтықтау тәртібі қайта қаралуда. Қазіргі уақытта бос қызмет орындарын толтыру үшін конкурстың бір кезеңінен үш кезеңіне дейін өткізіледі. Практикада бос қызмет орындарын алмастыру процесі 16-дан 52 жұмыс күніне дейін алады, бұл әсіресе ауылдық және аудандық деңгейлерде кадрлар тапшылығына әкеледі. Мұнда, екі ішкі конкурстың қорытындылары бойынша бос қызмет орындарының жартысынан астамы бос қалып отыр, екінші ішкі және жалпы конкурсты біріктіру бос қызмет орындарын жедел толтыруға мүмкіндік береді», - деді Қ. Қожамжаров.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
560

Қ.Тоқаев «Астана клубы» отырысында сөз сөйледі

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразия дамуының басты мәселелерін талқылауға арналғанхалықаралық сарапшылық алаң – «Астана клубының» отырысында сөз сөйледі.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры ұйымдастырған іс-шараға әлемнің түрлі елдерінің экономика, саясат және халықаралық қатынастар саласындағы 50-ден астам жетекші сарапшылары қатысты.

Қ.Тоқаев Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты сөзі барысында халықаралық жағдайдың негізгі тенденцияларына қатысты өз ойымен бөлісті. Сенат спикері ірі державалардың ұлттық стратегиялық мүдделерінің желісі бойыншабұрынғы қырғи-қабақ соғыс кезіндегі екі саяси жүйе мен идеологиялық блоктар арасындағы бәсекелестікті ауыстырған жаңа тайталастың пайда болғанын атап өтті. «Көп полярлылық қайтымсыз үрдіске айналды», - деді Қ.Тоқаев.

Қытай кедей мемлекеттен «шын мәнінде жаһандық әлемде тағы бір экономикалық және саяси полюске айналды». БРИКС, ШЫҰ, АСЕАН сияқты өңірлік ұйымдардың рөлі айтарлықтай өсті. Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары технологияның қарқынды дамуы тұрғысынан кибер қауіпсіздіктің жай-күйі туралы алаңдаушылық білдіріп,«Тәуелсіздігіміздің алғашқы күндерінде біз Facebook, Twitter және басқа да әлеуметтік желілердің қаншалықты таралымда болатынын елестете де алмаушы едік» деді. Ал, «араб көктемінен» кейін «интернет-революция» түсінігі пайда болды. АҚШ-тағы Д.Трамптың президенттік сайлаудағы күтпеген жеңісі дәстүрлі БАҚ-тан әлеуметтік желілердің артықшылықтарын анықтап берді. Сенат Төрағасының айтуынша, жалпы алғанда, американдық сайлау осы күздің басты саяси оқиғасы болды. «Д.Трамптың жеңісі мемлекеттердің ішкі саясатындағы жаңа үстем құбылыс ретінде ұлтшылдықтың халықаралық қатынастар жолына шыққанын көрсетті деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді», - деді Қ.Тоқаев. Әлемдегі күштердің қайта бөлінуін талдай отырып, Қ.Тоқаев Сирия, Ливия, Йемен және Ирактың негізгі шиеленіс ошақтары ретінде жаһандық күн тәртібіндегі басты мәселеге айналғанын атап өтті. «Осы жағдайда, Сирияға өз әскерін енгізу арқылы Таяу Шығыстағы стратегиялық бастаманы қолға алған Ресейдің геосаяси рөлі айтарлықтай артты. Бұл аймаққа Иран да өз ықпалын айтарлықтай күшейтті», - деді Қазақстан Сенатының Төрағасы. Төрағаның сөзінде БҰҰ-ны реформалау перспективаларына ерекше назар аударылды. Қ.Тоқаев жаңа Бас хатшы A.Гутерреш ең алдымен Сирия мен Украинаға қатысты белгілі келіспеушіліктерге байланысты «ұжымдық сана» рөлін атқаруды тоқтатқан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің үйлестірілген жұмысын қамтамасыз ету міндеті тұр деп санайды. Төраға: «Қазақстан алдағы екі жылда Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болады, бұл біздің елімізге БҰҰ-ның негізгі органындағы өз күн тәртібімізді ілгерілетуге мүмкіндік береді. Қазақстан Сирия мен Украинаны қоса алғанда әлемдегі қазіргі замандағы негізгі мәселелер бойынша БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде дауыс беретін болады», - деп атап өтті. Кейінгі ширек ғасырдағы үш қаржы дағдарысын туындатқан әлем нарықтарындағы сілкіністер туралы айта келіп, Қ.Тоқаев экономикалық мәселелерді саясаттан оқшаулауды қажет ететін мүлде жаңа, шын мәніндегі инновациялық қадамдарды пайдалануға шақырды. Оның сөзінде ғылыми-техникалық саладағы алда тұрған өзгерістерге қатысты: «Таяудағы ширек ғасырда бүкіл әлем толықтай өзгеріске ұшырайды. Адамдардың тек тұрмысы ғана емес, олардың дүниетанымы да өзгереді. Технологиялық тұрғыдағы локомотив ретінде ең дамыған аз ғана мемлекеттер алға озып кетеді. Оның артынан ғылыми-техникалық жетістіктерді көшіруге және игеруге қабілетті орташа дамыған елдер ілеседі. Бірақ мемлекеттердің негізгі бөлігі әлем қауіпсіздігі үшін туындайтын барлық зардаптарымен бірге жол жиегіне шығып қалуы ықтимал» деген болжам айтылды. Келешегі зор интеграциялық жобалардың ішінен Қ.Тоқаев Қытайдың 2013 жылы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Астанада алғаш рет жария еткен «Жібек жолының экономикалық белдеуін» бөліп айтты. «Қазақстан өзінің аумағында осы стратегиялық жобаны табысты іске асыру үшін бәрін атқарады. Ауқымы ерекше «Нұрлы жол» бағдарламасы осы мақсатқа қол жеткізуді бағдар етеді», - деп атап өтті Парламенттің жоғарғы Палатасының басшысы.
Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
501

Сенаторлар Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын іске асыру мәселелерін талқылады

Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Дариға Назарбаева бастаған осы комитеттің мүшелері еліміздің қорғаныс министрлігінде болып, Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын іске асыру мәселелерін талқылады.

Сенат хабарлағандай, әскери доктринада еліміздің Қарулы Күштерін, әскери құрылымдарды дамытудың 12 кешенді шарасы белгіленді. Олар Қарулы Күштердің құрылымдарын оңтайландыруды және жетілдіруді; оның жауынгерлік құрамын күшейтуді; стратегиялық аралық сипаттағы толыққанды әскери топтарды құруды; басқарудың автоматты жүйесі мен коммуникация құралдарын енгізу есебінен әскерді басқару жүйесін жетілдіруді; ақпараттық қауіпсіздіктің тиімді жүйесін құруды; әуе және зымыранға қарсы қорғаныс жүйесін жетілдіруді; қазіргі заманғы қару-жарақ және техникамен, оның ішінде дәлдігі аса жоғары қарулармен жабдықтау есебінен әскерлердің жауынгерлік қабілеттілігін арттыруды; әскерлердің жауынгерлік дайындық жүйесіне қазіргі заманғы даярлық кешендерін енгізуді; әскери білім беру және мамандар даярлау жүйесін жаңғыртуды; мемлекет аумағын және Каспий аймағындағы әскери инфрақұрылымдарды жедел жабдықтауды жетілдіруді және басқа да міндеттерді қарастырады. Әскери доктрина аясында Қарулы Күштерді, басқа әскерлерді және әскери құралымдарды кешенді дамыту туралы қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов баяндады.

Талқылау барысында Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы Руслан Жақсылықов, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры Дархан Ділманов, Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар жөніндегі комитет төрағасының міндетін атқарушы Сәбит Битаев сөз сөйледі. Сенаторлар Нұртай Әбіқаев, Мұхтар Алтынбаев және Серік Жақсыбеков Әскери доктринаны іске асыруға, әскери сала мен қорғаныс туралы заңнаманы жетілдіруге қатысты бірқатар маңызды мәселелерді көтерді. Кездесу қорытындысы бойынша Дариға Назарбаева әскери қызметкерлердің әлеуметтік жағдайын, олардың материалдық-техникалық жабдықталуын жақсарту және еліміздің қорғаныс қабілеті мен қауіпсіздігін күшейтуге мүмкіндік беретін басқа да мәселелерді талқылау үшін мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе жұмыс тобын құруды ұсынды. Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті еліміздің Қарулы Күштерінің Қарағанды гарнизонындағы Әуе қорғанысы әскери бөліміне баруды жоспарлап отыр.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
623