Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Серік Елікбайдың шығармашылық кеші

Сен менен: «Кітап қалай жазылады? - дейсің

«Оңнан солға қарай» - Білесің.

«Жазбауға болмаған кезде жаз» - Білесің.

«Қаламмен жаз» - Білесің.

«Жүректен жүрекке» - Білесің.

 

Бүгін С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханасында ақын, жазушы, әдебиеттанушы Серік Елікбайдың шығармашылық кеші өтті. Әдеби кешке ақынның замандастары, шәкірттері жиналды. «Алдаспан» ақындар клубының мүшесі Ерасыл Бейбіт әуезді әнімен кеш шымылдығын ашты.

С. Торайғыров атындағы ПМУ-дің профессоры Назымбек Дүкенбай Серік Елібай жайлы біраз әңгіме өрбітіп, шығармашылықтарындағы біраталай еңбектерімен таныстырды. Назымбек Дүкенбай  қазақ хандығының негізін қалаушыларына арналған «Керей мен Жәнібек» атты ән жазса, Серік ағамыз әннің сөзін жазған екен. Қазақтың хандары мен батырлары туралы 10-ға жуық ән жарық көрген. Әндер бір жинақ кітапқа еніп, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында орын алған.

-Елбасымыз Н. Назарбаевтың «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында биыл аталып өтетін ірі шаралардың бірі әрі бірегейі ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы екені белгілі. Осыған орай ақын Серік Елікбай қазақ хандары мен батырларына арналған музыкалық-поэзиялық топтама шығару туралы идеясымен бөлісті. Біз әуелі хандығымыздың қалыптасып, бүгінгі дәрежеге дейін көтерген хандар мен батырлардың тізімін жасап, ішінен он тұлғаны таңдап алдық. Алғашқы әніміз «Керей мен Жәнібекке» арналып жазылды. Туындының сөзі - ақын Серік Елібайдікі, ал әнін өзім жаздым. Қазіргі таңда 7 әннің сөзі мен композициясы дайын тұр. Олардың қатарында «Кенесары хан», «Оспан батыр», «Бөгенбай батыр», «Қабанбай батыр» сияқты туындылар бар. Ауқымды мерейтойға павлодарлықтардың атынан осындай сый-сияпат жасамақпыз, -дейді ҚР Мәдениет қайраткері, С. Торайғыров атындағы ПМУ-дің профессоры Назымбек Дүкенбай. Сонымен қатар ақынның шәкірттері өлеңдерін оқып, жүрек жарды лебіздерін білдірді.

 
0
0
1879

Осы тақырып бойынша

Серік Елікбайдың шығармашылық кеші - Yvision.kz