Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Айдын Рақымбаев ЭКСПО-ның декоративті элементінің құлауын аяз бен Қытай металынан көріп отыр

ЭКСПО аумағындағы кешегі оқиғаға байланысты «BI Group» Компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Айдын Рақымбаев түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ең бастысы, адамдар құрбан болған жоқ. Түсінемін, барлығы біздің пікірімізді күтіп отыр. Оқиға орнындағы жағдайды зерттеп, әріптестермен және инженерлермен талқылау жүргізгеннен кейін, қазір тиісті мәлімдеме жасауға әзірмін. Біріншіден, конструкцияға тоқталатын болсам, бұл нысан шынымен де сәулеттік-декоративті элемент болып табылады. Оны құрастырумен және монтаждық жұмыстармен келісімшарт бойынша еліміздегі ең кәсіби компания - «Имстальком» айналысты. Біз кәсіби құрылысшылар ретінде қазірдің өзінде олардың жоғары біліктілігі мен құзыреттілігіне күмәнданбаймыз», - деп жазды А. Рақымбаев Фейсбуктегі парақшасында. Оның сөзіне қарағанда, фотосуреттерге мұқият қараған кезде, одан конструкцияның дәнекерленген жерінен немесе монтажды тіреуіштерінен сынбағанын байқауға болады. Бұл ретте суреттен конструкцияны кесіп тастаған секілді көрініп тұр. Осындай биіктіктен құлаған кезде аркалардың әйнектері сынбағанын назарға ала отырып, негізгі конструкцияның беріктігі қандай болғаны түсінікті. «Инженерлермен кеңескеннен кейінгі біздің алдын ала тұжырымға тоқталатын болсам, 90 метрлік ферма (cәулеттік-декоративті элемент) құжатта көрсетілген беріктігі тұрғысында металдың химиялық құрамының сәйкес келмеуінен аязды күнде металдың сығылысуына шыдай алмады.

Дегенмен, металл мен оны пайдалану шаралары негізінен аязды және ыстық күндер кезінде сығылысу мен ұлғаюды есепке ала отырып ескеріледі. Бұл біздің алдын ала пікіріміз екенін атап өтемін», - дейді компания басшысы. Оның айтуынша, соңғы шешімді сарапшылық комиссия жасайтын болады. Бірінші кезекте металдың химиялық құрамына талдау жасалады. Бұлар Қытайдан жеткізілген екен. Осы секілді металдан көрме аумағындағы басқа да нысандар салынды. Сонымен қатар ол шығынды өтеу тақырыбына тоқтала келе, компания осы бұзылған аралықты қалпына келтіретінін жеткізді.

   
0
0
445

Осы тақырып бойынша

Айдын Рақымбаев ЭКСПО-ның декоративті элементінің құлауын аяз бен Қытай металынан көріп отыр - Yvision.kz