Мазмұнға өту

Жаңа

Оңтүстік Қазақстанда «жасыл» энергетиканы дамыту мәселесі қаралды

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев БҰҰ Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісі, БҰҰ «Даму» бағдарламасының тұрақты өкілі Норимаса Шимомура мырзамен кездесті, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Делегация мүшелерімен болған жиында ҚР Үкіметі мен БҰҰ Бірлескен бағдарламаларын іске асыру барысындағы жасыл энергетика, қоршаған ортаны қорғау, өңірлік ынтымақтастық, аумақтық даму және тиімді басқару аясындағы жобалар жайы қаралды. Жоғарыда аталған жобалар бүгінде облыста жүзеге асырылып жатқанын айтқан әкім халықаралық деңгейде тәжірибесі мол ұйыммен әрбір бағыт бойынша бірлесе жұмыс жасап, одан әрі дамыту өңіріміз үшін тиімді болатынына сенім білдірді.

«Баламалы энергия саласын дамыту бағытында 27 жоба іріктеліп, 10 жоба нақты жүзеге асуда. Ал энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында ҚР Инвестициялар және даму министрлігі мен облыс әкімдігі және «Шымкент-цемент» АҚ арасында үш жақты келісім жасалды. Бұл өз кезегінде бес жыл ішінде энергия тұтынуды 15 пайызға азайтуға мүмкіндік беретін болады»,-деді облыс әкімі.

Отырыста БҰҰ ДБ тұрақты өкілі Норимаса Шимомура қоршаған ортаны қорғау мақсатындағы жобаларды жүзеге асыруда Қазақстан Үкіметі үлкен қолдау білдіріп отырғанын айтып, бүгінде бірқатар жобалар республика өңірлерінде сәтті іске асып жатқанын жеткізді.

«Шығыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында жоғарыда аталған жобалар табысты жұмыс жасап келеді. Осы бағыттағы жұмыстарды Оңтүстік өңірінде де іске асыруда бірлесе жұмыс жасауға ниеттіміз. Мәселен, Шымкент осы бесжылдық жоба аясында іріктеліп алынған 15 пилоттық қалалардың бірі болып табылады. Осындағы қала инфрақұрылымы мен тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және энергетика, көлік сынды жобаларды анықтауға, оларды әзірлеуге және іске асыруға жәрдемдесуге дайынбыз»,- деді Норимаса Шимомура.

Оңтүстік Қазақстан - халқы көп облыс болғандықтан проблемада жоқ еместігіне тоқталған аймақ басшысы, алдағы уақытта ұсынылған бағдарламалар бойынша тығыз байланыста жұмыс жасалатынына сенім білдірді.

Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келген делегаттар облыстағы қолөнер орталығының жұмысымен танысып, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетімен бірлескен «БҰҰ еріктілер бағдарламасы» жастар форумына қатысты.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
384

Үкімет 2025 жылға дейінгі Қазақстанның стратегиялық даму жоспарын құрды

Қуандық Бишімбаев Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның даму қорытындылары мен 2025 жылға дейінгі елдің стратегиялық дамуының негізгі ережелерін сарапшылармен бірге талқылады.

Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институты (ҚСЗИ) алаңында сарапшылар қауымдастығы өкілдерімен кездесті. Кездесудің негізгі мақсаты Қазақстанның 25 жыл ішіндегі әлеуметтік-экономикалық дамуына қорытынды жасау және «5 институттық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» Ұлт жоспарының орындалуын талқылау болды.

Министр өз сөзінде жүргізілген реформалардың арқасында Тәуелсіздік жылдары Қазақстан ең серпінді экономикалық үштікке еніп, ал қазақстандық экономика шетелдік капитал үшін тартымды бола түскендігін және осы 25 жыл ішінде елге 260 млрд.АҚШ доллары көлемінде шетелдік инвестиция әкелінгенін атап көрсетті. Қазақстан бүгінде ТМД елдері арасында тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы түсімі бойыншаРесейден кейінгі екінші орынды иеленіп отыр. Қазақстан еңбек өнімділігін арттыруда айтарлықтай табысқа, сондай-ақ, өнеркәсіп өндірісі көлемін 10,3 есе ұлғайтуға қол жеткізді.

Бишімбаевтың айтуына қарағанда, Мемлекет басшысының жүргізген реформаларының арқасында жұмыссыздық деңгейі 1991 жылмен салыстырғанда 2 есеге дейін төмендеді, ал кедейшілік деңгейі 3 пайыздан аспайды. Ол Тәуелсіздік жылдары денсаулық сақтау мен білім беру саласын қаржыландыру 8,5 есе өскенін, 1300 денсаулық сақтау нысаны салынғанын атап өтті. Денсаулық сақтау саласындағы тиімді жұмыстардың арқасында ана өлімі 1991 жылдан бері 5 есеге, сәби өлімі 3 есеге дейін азайып, туу көрсеткіші біржарым есе өсті. Елде өмір сүру ұзақтығы 68 жастан 72 жасқа ұлғайды.

Бұдан басқа, Тәуелсіздік жылдары Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 8 есе, экспорт 9 есе, импорт 8 есе өсті.

«Президенттің бастамасымен тұрғын үй мен инфрақұрылым саласына инвестиция салуды үдету есебінен ғана емес, сонымен бірге ел экономикасын одан әрі жаңғырту мен Қазақстанның транзиттік қуатын арттыру арқылы экономикалық дамуды ынталандыратын 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» дағдарысқа қарсы бағдарламасы әзірленді», деді Бишімбев.

Кездесу кезінде 2025 жылға дейінгі ел дамуының стратегиялық жоспарының негізгі ережелері таныстырылды. Министр айтқандай, құжат Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» Стратегиясы» жолдауын жүзеге асыру мақсатында әзірленген.

«Жаңа стратегиялық міндеттер және әлемдік экономикадағы жедел өзгерістер ортамерзімдік ұлттық іс-қимылды жаңа жағдайға сәйкес түзетуді және бейімдеуді талап етті. Елдің 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары «Қазақстан-2050» Стратегиясының ұзақмерзімдік мақсаттарына қол жеткізу жолында жүзеге асырылуы тиіс басымдықтар мен бастамаларды белгілеп береді. 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарын жүзеге асырудың нәтижесі 7 ұлттық жетістік болуы тиіс», - деді министр.

Ол жаңа құжат аясында орташа өмір сүру ұзақтығын 75 жасқа дейін ұзартуға мүмкіндік беретін халық денсаулығын жақсартуға бағытталған шаралар жалғаса беретінін атап көрсетті. Бұдан басқа, барлық қалалар орталықтандырылған сумен қамтамасыз етіледі, ал ауылдарды орталықтандырылған сумен жабдықтау 80 пайызға жеткізіледі.

Құжат сондай-ақ, нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік бағдарламасын әзірлеуге ықпал етеді. Жаңа бағдарлама бойынша шағын несиелеу көлемі кеңейтіліп, несие ресурстарына қолжетімділік артады, қарыздарды кепілдендіру және субсидиялау қолға алынып, берілген шағын несиелер бойынша жобаларды қолдау, кепілсіз несие беру және жұмыспен қамтудың ұлттық тұғырнамасы жасалады. Нәтижесінде 2025 жылға қарай 1 млн.-ға жуық кәсіпкер жеке ісін ашуға немесе кеңейтуге мүмкіндік алады, оның ішінде 500 мың жаңа бизнес өкілі пайда болады.

 

Стратегия аясында жоспарға сай, 2025 жылға қарай миллионға жуық отбасы жаңа баспанаға ие болады, 100 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Нәтижесінде тұрғын үймен қамту жан басына шаққанда 21-ден 25 шаршы метрге дейін артады. Бұл мақсатта дайын инженерлік инфрақұрылымы бар жер уческелерін бөлу жолымен дербес тұрғын үй құрылысын дамытуды, жеке құрылыс салушыларды ынталандыруды, әлеуметтік жағынан аз қамтылғандар үшін жалдық тұрғын үйлердің аймақтық қорларын құруды, коммерциялық банктердің ипотекалық несиесін арзандатуды көздейтін«Нұрлы Жер» бағдарламасы жүзеге асырылмақ.

Сондай-ақ, жоспар бойынша, мемлекеттің экономикадағы үлесі 2020 жылы 15 пайызға дейін азаяды, ал ІЖӨ-дегі шағын және орта бизнестің үлесі 2020 жылы 30 пайызды, 2025 жылы 35 пайызды құрайды. Аталған бағытты іске асыру аясында белгіленген шаралардың арасында жекешелендірудің кешенді жоспарын 2020 жылға дейін жүзеге асыру, мемлекеттік меншік құрылымын реформалау, ведомствоаралық ұйымдарды инвентаризациялаудың нәтижесінде 242 ұйымды жою, экономика саласында 2017 жылдан бастап бағалық реттеуден антимонополиялық жауап қату шараларына көшу және әкімшілік кедергілерді азайту белгіленген.

Сарапшылар қауымдастығы өкілдері 2025 жылға дейінгі ел дамуының стратегиялық жоспары уақтылы әзірленіп отырғандығын, құжатта көрсетілген бағыттарды жүзеге асырудың маңыздылығын атап көрсетті.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
930

Асқар Мырзахметов Inalca Eurasia италиялық компаниясы өкілдерімен кездесті

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметов Inalca Eurasia италиялық компаниясы өкілдерімен кездесті, деп хабарлады АШМ.

Қазіргі таңда 5 институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамның 61-ші қадамы «Ет өндірісі мен өңдеуді дамыту үшін стратегиялық инвесторларды тарту» бойынша Министрлікпен Inalca Eurasia компаниясының (Сremonіni Group атынан) арасында Алматы облысындағы ет кластерін құру инвестициялық жобасын дамыту мәселелерін шешуде бірқатар жұмыстар атқарылуда.

Мал бордақылау алаңдарының қуаттылығы 10000-нан 20000-ға дейін мал басын қамтып, ет комбинатында мал сою көрсеткіші аптасына 1500-2000 басты құрайтын болады.

Ағымдағы жылдың қаңтар айында Inalca Eurasia компаниясы еліміздің мал шаруашылығы саласындағы ірі кәсіпорынының бірі – Ақтөбе облысындағы «Актеп» ЖШС-мен меморандумға қол қойды.

Осы келісім аясында Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарында жалпы қуаттылығы бір мезгілде 44 мың бас малды қамти алатын бордақылау алаңдарын салу үшін тігінен интеграцияланған компания құруды, сонымен қатар, ет комбинатының қуатын 20 мың тонна ет және ет өнімдеріне дейінгі шекке ұлғайта отырып жаңғырту жұмыстарын жүргізу қарастырылған.

Анықтамалық: Cremonini 1963 жылы Италияда құрылған және бүгінде ондағы азық-түлік өндірісі саласындағы ірі топтың бірі. 2008 жылы аталған концерннің табысы 2007 жылмен салыстырғанда 6,6 %-ға көтеріліп, 2,2 млрд. евроны құрады. Табыстың 41 %-ы өндіріс сегментіне (сиыр еті, шұжық және жеңіл тамақ өндірісіне), 41 %-ы азық-түлікке бөлінсе, 18%-ы қоғамдық тамақтану кәсіпорынын ұйымдастыруға жұмсалды. EBITDA 5%-ға көтеріліп 133 млн. евро болса, шоғырландырылған табыс 2008 жылы 39 млн. евроны құрады. ( 2007 жылы 12,7 евроны құраған болатын).

Бүгінгі таңда Cremonini Group Еуропадағы аса маңызды азық-түлік тобының бірі және де үш бизнес бағытта жұмыс жасауда: өндіріс, тарату және қоғамдық тамақтану. Аталған топ ірі қара мал етін өндіру мен ет өнімдерін қайта өңдеу бойынша Италия аумағында көш бастап тұр («Иналка ДжиБиЭс» және «Монтана»). Сонымен қатар, азық-түлік өнімдерін қоғамдық тамақтану кәсіпорындарына жылжыту мен тарату бойынша да алдыңғы орында («МАРР»). Бұдан бөлек, бұл топ пойыздар бортында, вокзалдарда, әуежайлар мен автомобиль жолдарында қоғамдық тамақтану бойынша концессияларға ие (Chef Express) және де компания «стейкхауз» (Roadhouse Grill) желісінде де көрініс беріп тұр.

Өндіріс саласындағы халықаралық іс-қимылдар негізінен Еуропа, Ресей және бірқатар Африка елдерінің (Ангола, Конго Демократиялық Республикасы, Конго Республикасы, Алжир, Нигерия) айналасында өрбуде. Компания пойыздар бортында қоғамдық тамақтануды ұйымдастыру бойынша Еуропадағы айтулы көшбасшы болып табылады және өзінің еншілес компанияларымен бірге Франция, Испания, Британия және Белгияда да басымдыққа ие.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
588

Қызылордада байқау жеңімпаздары марапатталды

Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы қызметкерлері нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылды едәуір жоғары деңгейде ұйымдастырып, есірткіге қарсы қызметті үйлестіру бағытында жастар арасында «Мен саған есірткі жайлы айтып беремін...» тақырыбында  эссе жазудан шығармашылық байқау, «Берік  отбасы – есірткіден  алыс!» деген ұранмен отбасылық сайыс, «Есірткісіз өмір ғажайып!» тақырыбында  үгіт бригадалар сайысын өткізген болатын. Аталған сайыстар әрбір аудан  орталықтары  мен  Қызылорда,  Байқоңыр  қалаларында  өткізілді.

Аталмыш байқауларды өткізудегі басты мақсат – есірткіден азат қоғамды қалыптастыру, жастар арасында саламатты және салауатты өмір салтын насихаттау, бүкіләлемдік зұлматқа айналып отырған дерттің кең етек алуын болдырмау болып табылады.

Байқауларға 100-ден астам жасөспірімдер, 40-қа жуық құрама командалар мен 40 отбасы қатысып, дәлелді фактілерді қолдана отырып, белгіленген тақырыпқа қатысты ойларын нақты, дәл және көркем жеткізе білді.

Осыған сәйкес, ағымдағы жылдың 11 қарашасында Қызылорда облысы Ішкі істер департаментінің басшылығы аталған байқауларға белсенді қатысып, азаматтық ұстанымдарын таныта білген үздік шығарма авторлары мен жеңімпаздарын марапаттады.

«Мен саған есірткі жайлы айтып беремін...» тақырыбында өткізілген шығармашылық байқау қорытындысы бойынша, І орынды Қызылорда қаласы №23 мектеп-лицейінің 6-сынып оқушысы Жиынбаева Алина жеңіп алса, ІІ орын иегері болып Қызылорда қаласы №3 мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Ким Лилия танылды. Ал ІІІ орын Қазалы ауданы, Жанқожа ауылы №94 орта мектептің 9-сынып оқушысы Нұралы Ринатқа бұйырды.

Сонымен қатар, үстіміздегі жылы жастардың есірткіге қатысты белсенді азаматтық пікірін білдіруіне мүмкіндік беретін «Есірткісіз өмір ғажайып!» тақырыбында  орта,  орта  арнаулы  білім беру орындары  оқушы,  студент жастарының қатысуымен үгіт бригадалар сайысы  ұйымдастырылды.

Сайысқа 40 үгіт-бригада қатысып, өздерінің есірткіге қатысты ойларын театрландырылған қойылымдар, рэп, ұранды сөздермен мәндеп жеткізе білді.

Тартысты өткен сайыс қорытындысы бойынша І орынды Қазалы ауданы №249 мектеп-лицейінің командасы жеңіп алса, ІІ орынды Шиеді ауданы №48 орта мектептің командасы қанжығасына байлады. Ал ІІІ орынға Байқоңыр қаласы №277 орта мектептің командасы тұрақтады.

Бұдан бөлек, үгіт бригаданың 20 мүшесі әртістік қабілеті мен шығармашылық дарынын көрсете білгені үшін алғыс хаттармен марапатталса, тағы 5 команданың қойылымы әділқазылар тарапынан жақсы бағаланып, ынталандыру сыйлықтарына ие болды.

Сонымен қатар, отбасы институтының маңыздылығын арттырып, тиісті тәлім-тәрбие беру мен есірткі мәселесін түсіндіру деңгейін кеңейту мақсатында отбасылар арасында «Берік отбасы – есірткіден алыс» тақырыбында сайыс өткізілген болатын.

Сайыс қорытындысы бойынша І орынды Шиелі ауданынан Баймағамбетовтер отбасы қанжығаларына байласа, ІІ орынды Арал ауданынан Нариевтер отбасы иеленді. Ал жарыстың қола жүлдегерлері болып Байқоңыр қаласынан Абдулхаировтар отбасы танылды.

Барлық қатысушы командалар мен жеңімпаздар департамент бастығының дипломдарымен және бағалы  сыйлықтармен  марапатталды.

 

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

 
0
0
1618

Қазақстанда Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күні аталып өтуде

Бүгін Қазақстанның барлық өңірлерінде Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күні аталып өтуде. Іс-шараның мақсаты – осы ауру және оны алдын алу туралы халықтың хабардарлығын арттыру.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАҚ) ұйымдарында  эндокринолог, терапевт, педиатр, офтальмолог және басқа мамандарды тартумен ашық есік күндері өтеді. Ниет білдірушілер қандағы глюкоза деңгейін, қант диабетіне шалдыққан пациенттердің гликирленген гемоглобиның, бойын және дене салмағын, артериалды қан қысымы деңгейін анықтау үшін зертханалық диагностикадан өте алады.

Диабет мектептерінде дұрыс тамақтану, қантты төмендететін дәрілік заттарды қолдану, липидтік алмасуды және артериалды қан қысымын нормаға келтіру бойынша сабақтар ұйымдастырылады. Денсаулық мектептерінде мінез-құлық факторларының қауіп-қатерінің (тамақтану, қимыл белсенділігі, күйзелісті басқару, зиян әдеттер) жағымсыз әсерін төмендету үшін пациенттерге дағдылар қалыптастыру бойынша сабақтар өтеді.

Одан басқа, әрбір ниет білдіруші «Диабетті жеңіндер» атты ақпараттық акцияға қатыса алады. Оның мақсаты – қант диабетімен күресу үшін қоғамның күшін біріктіру. Акцияға қатысу талаптары бойынша «Супер форма сақтаңдар!» тақырыбында, мысалы: спортпен шұғылдаңындар, зиян әдеттерден аулақ болыңдар, профилактикалық тексеруден өтіңдер, өмірді жақсы көріңдер және т.б. қысқа үндеу хаттарды параққа жазып, фейсбуктегі өз бетінде немесе «Диабетті жеңіндер» бетінде ‎diabetes# хэштэгін қосып, фото орналастыру қажет.

Естеріңізге сала кетейік, Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күні Халықаралық диабет федерациясының және  Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамашылығымен 1991 жылдан бері атап өтіліп келеді.

0
0
473

Үздік инновациялық жоба конкурсы 2016 жылдың қараша айында Ақсу қаласында өтеді.

Конкурстың ұйымдастырушысы «Ақсу қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ тапсырысы бойынша «TANDAU FOUNDATION» қоғамдық қоры болып табылады.

Конкурстың қазылар алқасын Ақсу қаласы мен Ақсу өңірінің қоғам қайраткерлері, «TANDAU FOUNDATION» ҚҚ және «Ақсу қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ өкілдері құрайды. Қазылар алқасының әрбір мүшесі жеке жұмыс істейді және Конкурсқа ұсынылған барлық өтінімдерді бағалайды.

Конкурсқа қатысу ашық және тегін. Конкурсқа Ақсу қаласы мен Ақсу өңірінің аумағында тұратын тек Қазақстан Республикасының азаматтары ғана қатыса алады, қатысушылардың жас шектеуі – 14-29 жас.

Үздік инновациялық жоба конкурсының ЕРЕЖЕСІ

0
0
1448

М. Айқымбаев атындағы Қазақ карантиндік және зооноздық инфекциялар ғылыми орталығының базасында Орталық референс зертханасы (ОРЗ) туралы

Сұрақ: Неліктен АҚШ-тың Қорғаныс министрлігі зертхананың құрылысына демеуші болды?

Жауап: М. Айқымбаев атындағы Қазақ карантиндік және зооноздық инфекциялар ғылыми орталығының базасында Орталық референс зертхананы (ОРЗ) салу 1993 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен АҚШ арасындағы Жаппай қырып-жою қаруларының таралу қаупін азайту жөніндегі мемлекетаралық келісімнің шеңберінде жүргізілуде. Осы Келісім бойынша атқарушы орган ретінде қазақстандық тараптан Қазақстан Республикасы Энергетика және минералды ресурстар министрлігі, америкалық тараптан – АҚШ-тың Қорғаныс министрлігі айқындалған. Осы Келісіммен құрылыс АҚШ Үкіметінің қаражаты есебінен қазақстандық тараптың бақылауымен жүргізіледі деп көзделген.

Қазақстанның осындай зертхананы салуына болатын еді, бірақ бұл жерде мəселе ақшада емес, осындай объектілердің сәулеті мен құрылысы саласындағы технологиялық даму деңгейінде. Мұндай жағдайларда халықаралық кооперация – анағұрлым қысқа мерзімде сапалы нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін және табысты болады деп үміттендіретін әдеттегі практика. Бұдан басқа, ОРЗ құру жобасы тек кешен құрлысымен шектеліп қалған жоқ, ҚКЗИҒО мамандары мен инженерлері ең жаңа жабдықтармен жұмыс істеу, биоқауіпсіздік бойынша дайындықтан жəне біліктілігін арттырудан өтті.

Сұрақ: Бакзертхананың аумағында қандай патогендер, қай елдердің патогендері сақталатын болады?

Жауап: ОРЗ-ның құрылымына 1949 жылдан бері қазіргі кезге дейін ҚКЗИҒО-да сақталып келген аса қауіпті инфекциялар штаммдарының мұражайы (коллекциясы) кіреді, ал құрылыс аяқталғаннан кейін ОРЗ-ға көшірілетін болады. ОРЗ салынып жатқан бағдарлама бойынша басқа мемлекеттерден аса қауіпті патогендерді әкелу болжанбаған. Зертханада республика аумағында айналымдағы аса қауіпті инфекциялардың қоздырғыштарын зерделеу жалғастырылатын болады. Анықтама үшін: Қазақстан аумағының 39%-ын обаның табиғи ошақтары алып жатыр,  гемморагиялық қызбалар, туляремия, кене энцефалиті және басқа да инфекциялардың табиғи ошақтары бар.

Сұрақ: Неліктен зертхананың құрылысын жүргізілетін орын болып Отарда жұмыс істеп тұрған алаң емес, миллиондаған халқы бар мегаполис орталығы таңдалды?

Жауап: Қазақстан Республикасы мен АҚШ арасындағы Жаппай қырып-жою қаруларының таралу қаупін бірлесіп азайту жөніндегі мемлекетаралық келісімнің шеңберінде ҚКЗИҒО базасында қазіргі заманғы зертхананы салу және зертханаларды, оның ішінде Отар кентіндегі де зертхананы жаңарту көзделген. Құрылыс барысында америкалық тарап Қазақстанның барлық заңнамалық және нормативтік актілерінің, халықаралық стандарттардың талаптарын ескерді.

Орталық референс зертхана карантиндік және зооноздық инфекциялардың таралу, профилактикасы және алдын алу саласында іргелі және қолданбалы зерттеулерді жүргізу мақсатында 1948 жылғы желтоқсанда негізі қаланған М. Айқымбаев атындағы Қазақ карантиндік және зооноздық инфекциялар ғылыми орталығының (бұрынғы – Орта Азиялық обаға қарсы ғылыми-зерттеу институты) аумағында салынған. ҚКЗИҒО-да барлық қажетті инфрақұрылым бар, бұдан басқа ол Алматы қаласының шет жағында  орналасқан. ОРЗ екі жағынан өнеркәсіптік кәсіпорындармен және бір жағынан ҚКЗИҒО қызметкерлері мен қала тұрғындарының бір қабатты үйлерімен шектеседі. ОРЗ құрылысы барысында Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік актілеріне сәйкес күшейтілген физикалық қорғаныш көзделді.

Сұрақ: Патогендерді сақтау, зертхана материалдарын пайдаланатын лаңкестік әрекеттердің, техногенді және табиғи апаттардың алдын алу үшін қауіпсіздік шарасы жеткілікті түрде қамтамасыз етіледі ме?

Жауап: Орталық референс зертхана күші 9 балдық жер сілкінісі кезінде оның төзімділігін қамтамасыз етететін сейсмика бойынша ең жоғарғы талаптар ескеріле отырып салынған төрт қабатты ғимаратта орналасқан. Осы бірегей жоба нақты Алматы қаласының талаптарына сәйкес әзірленген. Сейсмология институты ғимараттың сейсмотұрақтылығына ең жоғарғы коэффициент – 3,3 қояды.

ОРЗ-да персонал мен қоршаған ортаның көп деңгейлі физикалық қорғанышын, ауа ағымдарын екі есе сүзгіден өткізуді, қатты және сұйық биологиялық қалдықтарды өңдеуді, қауіпсіз кәдеге жаратуды қоса алғанда,   биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы қазіргі заманғы әдістемені қолданылатын болады.

Жобаны құру кезінде инфекциялық агенттердің қоршаған ортаға түсу мүмкіндігін болдырмайды биологиялық қауіпсіздік және физикалық қорғалудың халықаралық стандарттары бойынша қорғау деңгейлерінің жүйесі таңдап алынды.

Мұның барлығы құрылыс құнының жоғары болуымен негізделеді – шамамен 130 млн. доллар.

ҚКЗИҒО құрылған кезден бастап осы уақытқа дейін патогендерді ұрлаудың және рұқсатсыз шығарудың бір де бір жағдайы тіркелмегендігін назарларыңызға жеткіземіз. ОРЗ-да патогендер қорғаудың бірнеше деңгейі бар әлемдік стандарттарға сәйкес сақталатын болады.

Сұрақ: Қазақстан мен АҚШ қандай бірлескен жобаларды жүзеге асырады?

Жауап: Құрылыс аяқталғаннан кейін зертхана ҚР Үкіметіне берілетін болады. Жаңа зертханада үш мемлекеттік орган: Қазақстан Республикасы ұлттық экономика, ауыл шаруашылығы, білім және ғылым министрліктерінің мүдделерін білдіретін қазақстандық мамандар ғана жұмыс істейтін болады:

ОРЗ-ның құрылысы аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің юрисдикциясына берілетін болады және үш министрлік: Қазақстан Республикасы ұлттық экономика, ауыл шаруашылығы, білім және ғылым министрліктерінің мүдделерінде пайдаланылатын болады.

ОРЗ қазіргі заманғы зертханалық жабдықтармен жабдықталған және биологиялық қорғау мен қауіпсіздіктің  халықаралық стандарттарына сәйкес келеді, бұл ғылыми ынтымақтастықты халықаралық деңгейде жүзеге асыруға және халықаралық жобалардың кең спектрін іске асыруға мүмкіндік береді. Осыған байланысты қазақстандық медициналық және ветеринариялық мамандар, ғалымдар мен зертхана қызметкерлері халықаралық стандарттарға сәйкес тиісті зертханалық практиканы енгізу бойынша процестерге тартылатын болады, сондай-ақ бірлескен халықаралық жобаларды іске асыруға қатысатын болады.

Қазіргі уақытта ҚКЗИҒО базасында жоғарғы оқу орнынан кейінгі оқыту және Қазақстанның да, Орта Азия мемлекеттерінің де (Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолия және т.б.) мамандарының біліктілігін арттыру курстары жүргізілуде. ОРЗ базасында қазақстандық, сонымен бірге шетелдік мамандарды даярлау жұмысы жалғастырылатын болады.

ОРЗ-ны пайдалануға беру адамдар мен жануарлардың ауруларын диагностикалаудағы қазіргі кездегі әлеуетті арттыруға мүмкіндік береді, бұл халықтың биологиялық қауіпсіздігін күшейтуге алып келеді.

http://kzpp.gov.kz/kaz/presscentr/san_prosveshenie/?cid=0&rid=6067

0
0
1381

Республикадағы және әлемдегі тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті 2016 жылғы 11 қарашадағы жағдай бойынша республикадағы тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы хабардар етеді.

Республикада бақылау деңгейлерінен аспайтын ЖРВИ-мен сырқаттанудың маусымдық деңгейі тіркелуде. Эпидемиологиялық маусымның басынан (2016 жылғы 1 қазаннан) бастап ЖРВИ-дің 90 мыңнан астам жағдайы тіркелген, ауырған адамдардың негізгі үлесін (67,0%) 14 жасқа дейінгі балалар құрайды. Сонымен қатар, тұмаудың 3 жағдайы тіркелді. ЖРВИ, тұмаудан өлім жағдайлары және егілген адамдар арасында сырқаттану анықталған жоқ.

11 қарашадағы жағдай бойынша республика бойынша тұмауға қарсы барлығы 1,6 млн.-нан астам адам егілді, оның ішінде 1,3 млн астамы мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен және 280 000-нан астам адам жұмыс берушінің және тұрғындардың өз қаражаты есебінен егілді.

Вакцинация тұмау профилактикасының барынша тиімді ерекше әдісі болып табылады.

Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен халықтың неғұрлым осал топтары (созылмалы өкпе, жүрек-тамыр аурулары, иммунитеттің жетіспеушілігі бар балалар, әлсіз және жиі ауыратын балалар, медицина жұмыскерлері және жүкті әйелдер) егіледі.

Бұдан басқа вакцинация жұмыс берушінің және тұрғындардың өз қаражаты есебінен жүргізіледі. Тұмауға қарсы ақылы вакцинация аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының рұқсаты бар жеке медицина орталықтарында және тұрғылықты мекенжайы бойынша емханалардың егу кабинеттерінде жүргізіледі.

Комитеттің зертхана қызметі тұмау және басқа да тұмау емес инфекциялар вирустарының циркуляциясына мониторингті жүзеге асырады. Қазір  A(H3N2) және В тұмау вирустарының циркуляциясы анықталды. Бұдан басқа алдыңғы жылдардағыдай ҚР аумағында парагрипп, респираторлық-синциталды, метапневмовирусты, бокавирусты, риновирусты және аденовирусты тұмау емес инфекциялардың циркуляциясы байқалады.

Әлемдегі жағдай.

Ресей.

ЖРВИ және тұмаумен сырқаттану 59 қалада 100 мың тұрғынға шаққанда 631,0-ді құрады, бұл апталық эпидемиялық шектен 0,6 %-ға жоғары.

ЖРВИ және тұмаумен сырқаттануды талдау клиникалық диагностика деректері бойынша ЖРВИ-мен сырқаттанудың базалық деңгейден 9,5%-ға, ал тұмаумен сырқаттанудың базалық деңгейден 96,3%-ға төмен екенін көрсетті.

Тұмау емес этиологиялы ЖРВИ-мен сырқаттану тұрақты болып қалып отыр, клиникалық диагностика деректері бойынша тіркелген тұмау жағдайлары санының болмашы артқаны байқалды.

Ресей Федерациясының аумағы бойынша тұмаудың географиялық таралуы анықталған жоқ.

Еуропада Flu News Europe деректері бойынша тұмау және ЖРВИ-мен сырқаттанудың төмен деңгейі байқалған. Апта ішінде A(H3) тұмаудың 20 жағдайы, субтиптелмеген А тұмаудың 50 жағдайы және В типінің 10 жағдайы анықталды.

АҚШ-та CDC деректері бойынша медициналық көмекке жүгіну жиілігі 1,3%-ды құрады, бұл шекті мән деңгейінен төмен (2,2%). 50 штатта және Нью-Йоркте тұмау және ЖРВИ-мен  сырқаттанудың ең төмен деңгейі тіркелген.

Бір аптада A(H1N1)pdm09 6 вирусы, А(Н3)18 вирусы, А субтиптелмеген 1 және 2 жағдайда В типті вирус анықталған.

Канадада FluWatch деректері бойынша 3 өңірде (Британдық Колумбия, Манитоба, Онтарио провинциялары) тұмаудың жергілікті және 20 аумақта спорадиялық таралуы тіркелген.

Батыс Азия елдерінде (Ирак, Израиль, Иордания, Катар) және Азияның Оңтүстік өңірінде (Иран, Непал, Шри-Ланка) FluNet деректері бойынша тұмаудың таралуының спорадиялық деңгейі таралған. Оңтүстік Шығыс өңірінде (Лаос, Филиппины, Таиланд, Сингапур) тұмаудың жергілікті және географиялық таралуының спорадиялық деңгейлері байқалған, тұмау вирусының А(Н3) кіші типі басым болған. Қытайда FluNet деректері бойынша тұмаудың таралуының спорадиялық деңгейі таралған, A(H1N1)pdm09 1 вирусы, А(Н3) 327 вирусы, А субтиптелмеген 17 және В типінің 6 вирусы анықталған.

Австралияда FluNet деректері бойынша тұмаудың таралуының жергілікті деңгейі байқалды, А(Н3) кіші типінің 30 вирусы, А субтиптелмеген 22 және В типінің 15 вирусы анықталған.

http://kzpp.gov.kz/kaz/presscentr/news/?cid=0&rid=6065

0
0
465

Около 500 человек приняли врачи поезда «Тәуелсіз Қазақстан» в Акмолинской области

В г. Есиль Акмолинской области прибыл поезд «Тәуелсіз Қазақстан» посвященный 25-летию Независимости Республики Казахстан.

Представители семи министерств, трех национальных компаний  в течение всего дня в городе Есиль, будут оказывать  медицинскую, юридическую, социальную помощь. Делегация поезда была разделена на группы.

Первая группа  врачей провела прием взрослого населения в районной поликлинике и прием детей в отделении женско-детской консультации Есильской центральной районной больницы. Около 500 человек успели принять и проконсультировать врачи поезда.

Как отметили в РСК Акмолинской области, основная часть вопросов интересующих горожан это  жилищно-коммунальное хозяйство.   В сфере здравоохранения и социального развития население района интересовало  назначении пенсионных выплат и пособий.

Также население региона интересовали вопросы субсидирования  техники, финансирования животноводства, финансирование сельского хозяйства, урегулирование гражданско-правовых отношений, условия финансирования в рамках программы «ДКБ 2020».

Есильской районной центральной библиотечной системе представители Совета Ассамблеи народа Казахстана вручили в подарок книги об Асаблеии народов Казахстана а также книги, посвященные 25-летию Независимости Республики Казахстан.

Члены Совета Общественного согласия, Совета Ассамблеи народа Казахстана общественные деятели посетили Есильский детский дом. В ходе посещения общественный деятель с г. Астана Арыстан Жумагали высказал идею об открытии интернет-магазина для реализации поделок воспитанников. А также он явился инициатором пополнения счетов воспитанников, которые по результатам мониторинга администрацией детского дома,  будут признаны самыми дисциплинированными в каждой учебной четверти. Гости подарили ребятам спортивный инвентарь, книги для библиотеки, картины. А воспитанники детского дома подарили гостям не только замечательную атмосферу, тематическую концертную программу, но и поделки, изготовленные собственными руками.

Напомним, 1 ноября 2016 года со станции Астана дан старт  Республиканской акции Ассамблеи народа Казахстана «Поезд ТәуелсізҚазақстан», посвященный  25-летию НезависимостиРеспублики Казахстан. Поезд «Тәуелсіз Қазақстан»  в течение 43 дней посетит 35 населенных пунктов во всех регионах страны и завершит свою работу 14 декабря в канун дня Независимости в городе Алматы. В составе поезда около 200 человек, это Депутаты парламента Республики Казахстан, члены Ассамблеи народа Казахстана, деятели культуры и спорта, медицинские работники, сотрудники министерства образования и науки и др.

Источник: strategy2050.kz

0
0
711

ҚР ДСӘДМ алматылық ғалымдардың әзірлеген инновациялық препараттарын тіркемейтіні туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдары әзірлеген онкологиялық ауруларға қарсы инновациялық препараттарды тіркемейтіні туралы БАҚ жарияланған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.

ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес барлық дәрілік заттар тіркеу рәсіміне дейін міндетті түрде клиникаға дейінгі зерттеулерден (зертханаларда) және клиникалық зерттеудің үш фазасынан (денсаулық сақтау ұйымдарында) өтуі тиіс. Қазақстанның аумағында зерттеу жүргізу үшін ҚР ДСӘДМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің рұқсат алу қажет.

Дәрілік заттың сапасын, тиімділігін және қауіпсіздігін дәлелдейтін оң қорытындылар алынғаннан кейін, ол міндетті түрде ҚР ДСӘДМ «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК сараптамадан өтеді.

Оң қорытынды алған жағдайда, ҚР ДСӘДМ медициналық препаратты Қазақстанның аумағында қолдануға рұқсат беретін тіркеу куәлігін береді.

Сараптамадан өткізу және дәрілік затты тіркеу шарттары отандық және шетелдік өндірушілер үшін де бірдей.

ҚР ДСӘДМ Қазақстанның аумағында отанымызда өндірілген (БАҚ ұсынған ақпараты бойынша «Альнусидин» және «Лейкоэфдин» препараттары) онкологиялық ауруларға қарсы дәрілік заттарға клиникаға дейінгі және клиникалық зерттеулер жүргізуге рұқсат берген жоқ.

Отандық өндірушілерден жоғарыда көрсетілген препараттарды сараптамадан өткізуге және тіркеуге өтінім келіп түскен жоқ.

Сонымен бірге, онкологиялық аурулармен ауыратын науқастарды емдеу кезінде Қазақстанда республикамызда өндірілген дәрілік заттар қолданылатынын атап өту қажет. Атап айтқанда, 2004-2005 жылдары ҚР «Қарағанды фармацевтикалық кешені» ЖШС өндірген «Арглабин» препараты тіркелген және қолдануға рұқсат етілген. 2016 жылы өндіруші қата тіркеуге құжаттар ұсынған жоқ.

Бұдан басқа, тері ауруларына қарсы «Рамон» отандық өнімінің Қазақстанда қолдануға рұқсат алмағаны туралы БАҚ жарияланған ақпарат та шындыққа сай емес. Аталған препарат 2004 жылғы 18 маусымнан бастап 2009 жылғы 18 маусымға дейін ҚР тіркелген және қолдануға рұқсат етілген. Қайта тіркеуге өндіруші («Химфарм» АҚ) құжаттар тапсырған жоқ.

 
0
0
401