Мазмұнға өту

Жаңа

Ақмола облысында үш тілді білім беру бағдарламасы белсенді түрде енгізілуде

Ақмола облысының Вячеслав орта мектебінде үш тілде білім беру бағдарламасы белсенді түрде енгізілуде.

Мектеп бағдарламасымен қоса үш тілді білім беру бағдарламасы, сонымен қоса жасыл технологиялар жобасы белсенді түрде енгізілуде. Жобаны енгізу және жұмыс жасау үш тілде жүруде.

Оқушылар өз кезегінде тәжірибе мен қарым—қатынас жасауда үш тілді меңгеру жеңілдеу берілетінін айтты. Мысалы, «климаттық сандықша» сабағы жасыл технологиялар жобасына кіреді және сабақ барысында тәжірибе мен ағылшын тілін үйренуге өте үлкен көңіл беріледі.

«Бізде ауа тазартатын ионизаторлары бар балаларға арналған демалыс орны бар. Сабақтың басым бөлігін сол жерде оқытамыз. Болашақта алюминий консервісінен күннен қуат алатын ауа жылытқыш проектор жасағымыз келіп отыр. Газдалған су банкаларын жинаймыз, мотор арқылы оған жылы ауа жібереміз. Алюминий өте тез жылынатын металл болғандықтан жылу қосылмаған бөлмелерге, мысалы гараждар мен жылыжайларды жылытуға келеді. Өмірге осындай жобаларды енгізу барысында біз қазақша, орысша және ағылшын тілдерінде сонымен қоса күнделікті өмірде де осы үш тілде сөйлесуге тырысамыз», - деді Вячеслав орта мектебінің 11 сынып оқушысы Александр Барткевич.

Никита Чаус өзінің «Тамшылап суару» жобам бүкіл Қазақстанға танымал екенін айтты.

«Менің «Тамшылап суару» жобам бүкіл Қазақстанға танымал және көптеген жерлерде қолданылады. Осы жобаның арқасыда мен еліміздің барлық аймақтарында болдым, және ағылшын тілін жетік меңгергенімнің арқасында өз жобамды таныстыруда қиыншылық болған жоқ. Жасыл технологиялар туралы жобалар бұл сонымен қоса бізді қосымша табысымыз. Болашақта С. Сейфуллин атындағы аграрлық колледжге оқуға түсіп өз болашағымды ауыл шаруашылығымен байланыстырғым келеді. Содан кейін туған ауылыма оралып жасыл экономикаға көшу концепциясын жүзеге асыру саласында жұмыс атқаруды жалғастырамын», - деп бөлісті ол.

Еске сала кетейік, Ақмола облысында ағымдағы жылы 2000-ға жуық ұстаздар жаңа білім беру стандарттары бойынша қайта даярлау курстарынан өтті. Енді олар 2016 жылдан бастау алатын білім беру жүйесіне енгізілетін өзгерістерге дайын.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
675

Алматыда өткен бизнес форумда Қазақстан мен Чехия кәсіпкерлері байланыс орнатты

Алматыда қала әкімі Баурыжан Байбектің және Чехия Республикасының Сыртқы істер министрі Любомир Заоралектің қатысуымен қазақстандық- чехиялық бизнес фрум өтті, деп хабарлады қала әкімдігі.

Шара барысында тараптар екі жақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуды, екі ел кәсіпкерлерінің өзара байланысын нығайтуды сөз етті.

Алматы әкімі қаланың чехиялықтармен сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты күшейтуге ынталы екендігін жеткізді.

«Алматы еліміз экономикасының бес бөлігін құрайды, бұл - бизнес пен шикізатсыз экономиканың жеке капиталы қаласы. Сервис пен сауда ЖӨӨ-нің 86%-ын құрайды, мұнда халықаралық ұйымдар мен трансұлттық компаниялардың 60-тан аса кеңсесі бар, банктер кеңселерінің 90%-ы да осында. Дүниежүзілік банктің «Doing Business» ретингінде Алматының көрсеткіші бойынша Қазақстан 35-орынды иеленді», - деді әкім.

Чехия Республикасының сыртқы істер министрі Любомир Заоралек екі ел бизнесмендеренің түрлі салалар бойынша өзара байланыстарының артып келе жатқанын сөз етті.

«Биыл Қазақстан өз тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтеді. Осы қысқа мерзім ішінде Қазақстанның зор елеулі табыстарға жеткені таңдандырады. Мемлекеттің экономикалық және саяси жағынан тұрақты болуы бизнес үшін өте маңызды. Сондықтан біз сіздермен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ынталымыз», - деді Л.Заоралек.

Б.Байбек Чехия компанияларын импорт алмасуға қатысу үшін Алматыға шақырды.

«Бұл үшін бізде барлық қажетті жағдайлар жасалған, инвесторларға қолдау көрсету заң жүзінде жүзеге асады. Алматының арнайы экономикалық аймағындағы «Инновациялық технологиялар паркі» мен Индустриялық аймаққа қатысу екіжақты тараптар байланысын күшейтеді», - деді ол.

Л.Заоралек арнайы делегацияның Қазақстанға ат басын бұруының өзі чехтық кәсіпкерлердің осында бизнес жасауға ынталы екендігін көрсетеді деді.

«Біздің еліміз нано-технологияда жетекші орында және бағдарламалар жасау саласы дамыған. Ғылыми-зерттеу саласында ынтымақтастықты арттыру маңызды», - деді Чехия Республикасының сыртқы істер министрі.

Шара барысында екі ел кәсіпкерлері форумның негізгі бөлімінен соң өткен В2В кездесуінде нақты келісушіліктерге қол жеткізді.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
524

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы құқық қорғаушы, кәсіподақ мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарының, кәсіпкерлік субъектілерінің рөлі

А.ж. 18 қарашада  Департамент  Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған  2016 жылға  арналған кешенді жоспарда белгіленген шараларды орындау мақсатында Қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселесі бойынша ынтымақтастық туралы ашық келісім  шеңберіндегі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы құқық қорғаушы, кәсіподақ мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарының, кәсіпкерлік субъектілерінің рөлі»     тақырыбындағы диалог алаңын өткізді.

Диалог алаңының негізгі мақсаты – мемлекеттік және азаматтық қызметшілер, әскери қызметшілер, құқық қорғау және басқа да органдардың қызметшілері арасындағы ұжымдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, мемлекеттік басқарудың ашықтығын, бизнес транспаренттілігін, бизнес ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсылығын, әкімшілік кедергілерді азайтуды көтеру бойынша қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша кешенді шараларды іске асыру.

Іс-шараға Департамент басшысының орынбасары Е. Жайықбаев,  Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасы басшысының орынбасары В. Геращкенко, Қорғаныс істері департаменті басшысының тәрбие ісі және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары, майор Б. Узбаирова, департамент қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.

Экономиканы жаңғырту және ауқымды әлеуметтік өзгерістер жағдайында Қазақстанда мемлекеттің қазіргі заманғы әлеуметтік-экономикалық саясатымен тығыз байланыстырылған, біздің қоғамның мәдениеті мен этикасын, осы әлеуметтік зұлымдықпен күрестегі халықаралық трендтерді ескеретін біртұтас сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияға деген қажеттілік айқын бола түсуде.

Департамент басшысының орынбасары Е. Жайықбаев өз сөзінде қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін, барлық құқық бұзушылық түрлеріне «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыруға бағытталған жұмысты күшейту қажеттілігін атап өтті.

Іс-шара соңында жиналғандар халықтың барлық топтары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру қажеттілігі жөніндегі бірегей пікірге келді.

Департамент госслужбы

0
0
293

Сол атеист қайда екен?..

(сықақ)


Исламға құзғындайын шүйілген,

Молдаларға қабақтары түйілген.

«Алла» деп ем әлдеқалай байқамай,

Бүйідейін  бүре кетті бүйірден.

-Не дедің?- деп сұрады ол сұстанып.

-Жәй,- деймін ғой баяғы.

-Естідім ғой «Алла» дедің сен анық,

Үлкен айғай боп кеткен еді аяғы.

-Комсомолсың, «Алла» дейсің тағы да,

Надансың,- деп тиді дерсің шамыма.

Ол кездерде мінезіміз болатын ед тым шадыр,

Сарт еткізіп,салып қалдым жағына,

Сол-ақ екен қуғын-сүргін басталды,

Комсомолдан шығарып-ақ тастады.

Қайтем бәрін көргенімнің тізбектеп,

Шашымды алды, орнында бас қалды.

Сол атеист көрші болды менімен,

Жүріп жаттық әркім өз жөнімен.

Біреу бірде есік қақты түн іші

Ентігіп тұр  бір әйел

Тарылғандай тынысы.

-Үйдегі ағаң бетін оңға бұрды анық,-

Деді-дағы сыбыр етті сұрланып.

-Міне, адрес ертіп кел сен молданы,

Тек сыр шашпа,- деп,- тірі жанға,- өтінді.

Молла маған: «Бірге жүр»,- деп болмады.

Сырқат менің атеисім боп шықты.

Арпалысып жатса-дағы дертіменен

Мені анық таныған ед ол-дағы.

-Алла, Алла,- деп есінен сан жаңылды.

Қанша рет дем салғызды кім білсін,

Ал мен болсам күйініштен

Соққан едім санымды.

Атеистер Алла атын атауға да шошынған,

Сыр ашатын кейде осылай тосыннан.

Үкіметті, адамдарды алдауменен күнелтіп,

Талайларды түтетін ед жүн етіп...

Сол атеист көрінбейді бұл күнде

Кетті ме екен әлде олардың күні өтіп?-

Деп Сарыбай маған сауал тастады.

-Біле алмадым.

Менің ойым басқа-ды:

Атеистер құрыды ма- құрысын,

Ашық болсын дінсіздерден

Тәуелсіз ел аспаны.

 

Сүлеймен Баязитов

0
0
642

Очередная ХIX отчетно-выборная конференция Алматинского городского филиала партии «Нұр Отан»

Буквально несколько минут назад в Алматы прошло одно из самых важных событий партии «Нур Отан» - 19-ая отчетно-выборная конференция АГФ партии на которой собрались самые преданные однопартийцы города.

Сразу после небольшого вступительного слова от депутата Маслихата Козлова Сергея Анатольевича, с докладом полным цифр и фактов выступил аким города Алматы, Председатель АГФ "Нур Отан" Бауыржан Байбек.

Среди всего прочего было также отмечено, что городскому зданию «Нур Отан» удалось придать обновленный вид. Внутрь были поставлены лифты и подъемники для инвалидов, а также были установлены новые стеклянные входные двери, символизирующие прозрачность работы партии. Все это произошло благодаря вкладу партийцев в общее дело партии.

На конференции большое значение уделялось проблемам социально-незащищенных слоев населения, а именно – людям с ограниченными возможностями и одиноким пенсионерам.

Но самую интересную новость аким приберег под конец своего доклада:

"С учётом экономии средств в местном бюджете Елбасы – лидер нашей партии – к 25-летию независимости поручил выделить дополнительные средства из местного бюджета на премирование учителей, врачей, воспитателей и других социальных работников в размере одного оклада"

Помимо этого, было принято решение выделить пособия для социально-уязвимых слоев населения в размере 50 000 тенге. Все это приурочено к дате – 25-летию независимости Республики Казахстан.

По словам председателя АГФ "Нур Отан", выделение средств на поддержку врачей, учителей, воспитателей, соцработников и социально уязвимых слоёв населения стало возможным благодаря оптимизации бюджета города. В 2016 году в Алматы было сэкономлено 123 млрд тенге из местного бюджета. Данная новость была принята тепло.

Много вопросов поднималось на конференции. В данном материале мы вскользь ознакомили читателей лишь с несколькими из них. Более подробную информацию мы осветим в последующих постах.

Пресс-служба АГФ "Нур Отан"

1
3
1240

БҚО колледждерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру шаралары өткізілді

2016 жылдың 18-19 қараша күндері Департаментпен Орал қалалық колледждерінің (Батыс Қазақстан инженерлі-технологиялық колледжі, Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжі) оқытушылар, студенттер және ата-аналар құрамына жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азамат пен патриоттың қалыптасуына; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға бағытталған шаралар өткізілді.

Шаралар барысында департаменттің жемқорлық профилактикасы басқармасының өкілдері бала тұлғасын қалыптастыруда оқытушылардың ағарту жұмысын, психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін күшейту және баланың тәрбиесі үшін ата-аналардың жауапкершілігін арттыру мәселелері бойынша баяндамалар жасады.

Сонымен қатар, шара соңында қатысушыларға тақырыптық бейнеролик көрсетіліп, сұрақтарға жауаптар берілді.

 
0
0
275

Қазіргі заманғы бала мен ұялы телефон

Баланың қандай ойын түрін ойнауға қызығушылығын көру арқылы, болашақта қандай маман иесі бола алатынын болжауға болады деп естігем. Бұл ойдың қазіргі заманда қаншалықты өзекті екенін айту қиын. Иа, әрине өзіміз бала болғанда, конструктордан неше түрлі динозавр, робот, көліктерді жасағанбыз, ал, жаздың жақсы ауа райында, құмнан сан түрлі құрылыстарды көтеріп жарысатынымызды 90 жылдардың кезіндегі балалық шақтары өткен қазіргі жастар естерінде бар шығар. Алайда, қаншалықты біз өзіміздің балаларымызға сондай өзіміз көрген тәрбие беруге тырысамыз. Инновациялық дамудың жаһандануы кезінде, тілдері енді шығып жатқан балалар, туған күнге немесе жаңа жылға сұрайтын сыйлықтардың арасында көп кездесетіні планшет пен ұялы телефон екеніне көпшіліктеріңіз келісетін шығарсыз! Солай деп, балаларға планшетпен ойнауды тыйым салғаннан гөрі, ойындардың керектісін реттеу арқылы, жағымсыз тәуелділіктің туындамауына жағдай жасап, қадағалау тиімдерек шығар.

Бүгінгі кезде балаларды заманауи гаджеттен айырғандығының кесірі, психология тұрғысынан қарағанда бала ”жоқ, болмайды” деп тыйым салған нәрселерге керісінше әуез болатыны деп түсіндіреді. Осы орайда оқушы болған кезімде оқыған кітабымның сюжеті есіме түсіп тұрған-ай. Кітаптың кейіпкері 8-10 жасар ұл бала ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, тәтесінің қарамағында өсіп келетін тентек болатын. Аулада құрдастарымен ойын ойнаудан тоймайтын, көлге түсіп, жағалауда күнге күйіп, сөйтіп күндерін өткізгісі келетін балаға оның ойынша тәтесінің “жоқ, болмайды, жетер, үй шаруасына көмектес” деген қарым-қатынасы кедергі деп түсінетін. Арада көп ойланбастан, ол “әй дейтін әже, қой дейтін қожа” айтпайтын, ешкім мекен етпейтін аралға досын ертіп апарып, үйден қашады. Сөйтіп “тәуелсіз өмірдің” қызығына тойып, қалағанша ойнап, күні бойы суға түсіп, екеулері сайрандайды. Оқырмандар бұл әңгіменің осы орайда керегі қанша деп ойланып тұрған шығарсыз. Кішкене шыдамдырақ болыңыздар)). Сол балаларда бірнеше апта өте келе, ойын ойнауға да, суға түсуге де құлшынысының жоғалғандығы көріне бастайды. Сонда басты рөлдегі кейіпкер: Тәтемнің айғайынсыз, тыйым салусыз бұл ойындар қызық емес екен деген ойға келіп, үйлеріне қайтуды жөн көрді. Міне, осында эврика деп түсінем. Балаға неғұрлым бір нәрсеге тыйым салсаңыз, соғұрлым керісінше соған қызығушылығы артады. Тыйым салған жемістің дәмі тәттірек.

Мен психолог емеспін, әзірге де ана деген абыройлы атаққа ие де емеспін. Бірақ өз ойыммен оқырмандармен бөлісуді жөн көрдім. Өйткені туыстарымның балалары мейлі ауылдың, қаланың болсын қолдарында ұстаған ұялы телефондары мен планшеттеріне қарап тұрып бір ойландым. Бастауыш сынып балалары түгілі, жүре алмайтын, сөйлей алмайтын сәбилерді айтсаңдаршы. Гаджеттерді кейбір ата-аналар балаларды алдайтындай таптырмас құрал ретінде көреді. Олар жылап жатқан кезде ұялы телефонның музыкасын қостырып, билетеді, ата әжелерімен сөйлестіреді. Сол жастан ақ балалар ұялы телефонды артығырақ көруінің себебі, ол әмбебап, қызықты ойыншық болуында. Сөйте келе ата-аналар өздері  балалары тыныш отыра тұрсын деп беріп қоятын ұялы телефон, бала өсе келгенде тартып алып, тыйым салатынын айтам да. Бұл менің бақылауымнан түйіндеген ойым ғана, меніңше заманауи гаджеттердің даму кезінде, қазіргі заманның балалары гаджетпен өсетін алғашқы буындары. Өзіміз солай өспегендіктен,  қалай дұрыс деп айта алатын тәжірибе қайдан болады. Бірақ өзгермейтін бір нәрсе бар, адам деген болмысымыз, сондықтан гаджеттерге тыйым салғаннан гөрі, керекті, баланы дамытатын ойындарды жүктеп алып, ұзақ отырмауын қадағаласақ, инновацияның даму құралын өз пайдамызға, тәрбиелі, ақылды, бәсекеге қабілетті ұрпақты өсіре аламыз деген ойдамын. Сонымен сіз телефон мен планшеттін зиянын іздей бересіз бе, әлде оның тиімді жақтарын қолданып, өз пайдаңызға ауыстыруды жөн көресіз бе?

P.S. Ал, балаларға, әсіресе қазақ балаларына, google play электрондық дүкені қандай ойындар ұсына алтыны туралы келесі жолы әңгіме өрбітеміз.

2
0
2936

«Жастар Отанға» жастар лагері

Қазақстан Республикасы Дін істері жəне азаматтық қоғам министрлігінің тапсырысымен ағымдағы жылдың қараша айының 10-15 аралығында ОҚО Төле би ауданында орналасқан "Бəйшешек" спортты-сауықтыру орталығында "Жастар Отанға" жастар лагері ұйымдастырылды. Лагерь аясында жастар саясаты саласында тəжірибесі бар мамандармен сұхбат құрып, түрлі тақырыптарда пікір бөлісу, сонымен қатар, спорттық ойындар мен тренингтер өткізілді.


Еліміздің 14 облысынан келген белсенді жастар "Жастар Отанға" ұранын ұстанды. Жас буынның саяси сауаттылығын арттырып, патриоттық рухын ұлықтайтын жоба елу елдік мәселелерді, жастар проблемасын шешуге мүдделі. Жастар саяси лагерінде əлеуметтік тапсырыс бойынша қатысушылар көкей кернеген, өзек өртеген мәселелерін ортаға салды.


Әлеуметтің әлді тобы – жастар. Оларда кез-келген жобаны іске асыратын қуатты күш, шуақты күй бар. Осыны ескерген ұйымдастырушылар еліміздегі әр облыстың 60 шақты елдімекенінен ең белсенді жастарды жинады. Бірнеше бағытта шеберлік сыныптарын өткізіп, арнайы семинар-тренингтерде жарыссөзге шықты.


Ата дінге берік, құқықтық, экономикалық білімі биік жастар ғана Қуатты Қазақстанды құра алады. Әлеуметтік жобада сол толқынды тәрбиелеу, шыңдау көзделген. Басымдық жаңа технологияларды игеріп, бәсекеге қабілетті болуға да бағытталып отыр.


Ауқымды шара бұған дейін еліміздің Астана, Алматы сынды ірі қалаларында да ұйымдастырылған. Бұл жолғы басқосу әсерлі әр берді. Атырау арынын, Алтай-Арқа айбынын айшықтай келген жастар 5 күн бойы туған жердің тағы бір табиғаты тамаша бұрышын аралап, баябан байтағымызға деген патриоттық сезімін нығайтты. Шара достықты бекем еткен спорттық ойындарға ұласты. Жоба кең байтақ қазақ елінің өзге де қалаларында жалғасын табады.

0
0
925

Өскелең ұрпақтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастырудағы педагогикалық қызметкерлердің рөлі

А.ж. 18 қарашада Қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселесі бойынша ынтымақтастық туралы ашық келісім шеңберінде  «Өрлеу» БАҰО «Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің білімін арттыру институты» филиалында  «Өскелең ұрпақтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастырудағы педагогикалық қызметкерлердің рөлі» тақырыбындағы диалог алаңы өтті.

Іс-шараға Департамент басшысының орынбасары Е. Жайықбаев, «Өрлеу» БАҰО «Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің білімін арттыру институты» филиалының директоры  Е. Исимбаев,  педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру курстарының тыңдаушылары – облыстың орта білім мекемелерінің басшылары, департамент қызметкерлері қатысты.

Іс-шараның басты мақсаты – сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік атмосферасын қалыптастыру және жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру,  білім беру  мекемелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқыту және тәрбиелеу жөніндегі қызметті жандандыру.

Е. Жайықбаев өз сөзінде еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асырудағы жастардың рөлі, маңыздылығы мен құқықтық сауаттылық пен жас ұрпақтың жалпы мәдениетін дамыту мәселелерін атап өтті.

Департамент тарапынан жүзеге асырылып отырған  сыбайлас жемқорлыққа  қарсы сауаттандыру бағытындағы іс-шаралар тек жастардың арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағыты ғана емес, сонымен қатар, сауатты әрі білімді, елдің болашағына бей-жай қарамайтын азаматтардан құралған азаматтық қоғам қалыптастыруда жүйелі жұмыстар атқару бағытын да қамтиды.
Департамент госслужбы

0
0
473

Өзекті әңгіме

А.ж. 15 қарашада  Ақмола облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері  және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған  2016 жылға  арналған кешенді жоспарда белгіленген шараларды орындау мақсатында Департамент басшысының орынбасары Е. Жайықбаевтың қатысуымен «Актуальная тема» тікелей эфир бағдарламасын ұйымдастырды.

Бағдарлама барысында Е. Жайықбаев «ҚР мемлекеттік  қызметі туралы»  Заңдағы өзгертулер  жайлы, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі бағыттары мен міндеттері туралы,  сыбайлас жемқорлықты алдын алу шаралары,  мемлекеттік қызметке түсу және оны өткеру, заңнамаларды білу бойынша тестілеуден өту жөнінде  толық ақпарат берді.

Департамент госслужбы

0
0
247