Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

БҚО колледждерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру шаралары өткізілді

2016 жылдың 18-19 қараша күндері Департаментпен Орал қалалық колледждерінің (Батыс Қазақстан инженерлі-технологиялық колледжі, Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжі) оқытушылар, студенттер және ата-аналар құрамына жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азамат пен патриоттың қалыптасуына; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға бағытталған шаралар өткізілді.

Шаралар барысында департаменттің жемқорлық профилактикасы басқармасының өкілдері бала тұлғасын қалыптастыруда оқытушылардың ағарту жұмысын, психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін күшейту және баланың тәрбиесі үшін ата-аналардың жауапкершілігін арттыру мәселелері бойынша баяндамалар жасады.

Сонымен қатар, шара соңында қатысушыларға тақырыптық бейнеролик көрсетіліп, сұрақтарға жауаптар берілді.

 
0
0
238

Осы тақырып бойынша

БҚО колледждерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру шаралары өткізілді - Yvision.kz