Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы құқық қорғаушы, кәсіподақ мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарының, кәсіпкерлік субъектілерінің рөлі
А.ж. 18 қарашада Департамент Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған 2016 жылға арналған кешенді жоспарда белгіленген шараларды орындау мақсатында Қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселесі бойынша ынтымақтастық туралы ашық келісім шеңберіндегі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы құқық қорғаушы, кәсіподақ мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарының, кәсіпкерлік субъектілерінің рөлі» тақырыбындағы диалог алаңын өткізді.
Диалог алаңының негізгі мақсаты – мемлекеттік және азаматтық қызметшілер, әскери қызметшілер, құқық қорғау және басқа да органдардың қызметшілері арасындағы ұжымдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, мемлекеттік басқарудың ашықтығын, бизнес транспаренттілігін, бизнес ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсылығын, әкімшілік кедергілерді азайтуды көтеру бойынша қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша кешенді шараларды іске асыру.
Іс-шараға Департамент басшысының орынбасары Е. Жайықбаев, Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасы басшысының орынбасары В. Геращкенко, Қорғаныс істері департаменті басшысының тәрбие ісі және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары, майор Б. Узбаирова, департамент қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.
Экономиканы жаңғырту және ауқымды әлеуметтік өзгерістер жағдайында Қазақстанда мемлекеттің қазіргі заманғы әлеуметтік-экономикалық саясатымен тығыз байланыстырылған, біздің қоғамның мәдениеті мен этикасын, осы әлеуметтік зұлымдықпен күрестегі халықаралық трендтерді ескеретін біртұтас сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияға деген қажеттілік айқын бола түсуде.
Департамент басшысының орынбасары Е. Жайықбаев өз сөзінде қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін, барлық құқық бұзушылық түрлеріне «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыруға бағытталған жұмысты күшейту қажеттілігін атап өтті.
Іс-шара соңында жиналғандар халықтың барлық топтары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру қажеттілігі жөніндегі бірегей пікірге келді.

