Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Өскелең ұрпақтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастырудағы педагогикалық қызметкерлердің рөлі

А.ж. 18 қарашада Қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселесі бойынша ынтымақтастық туралы ашық келісім шеңберінде  «Өрлеу» БАҰО «Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің білімін арттыру институты» филиалында  «Өскелең ұрпақтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастырудағы педагогикалық қызметкерлердің рөлі» тақырыбындағы диалог алаңы өтті.

Іс-шараға Департамент басшысының орынбасары Е. Жайықбаев, «Өрлеу» БАҰО «Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің білімін арттыру институты» филиалының директоры  Е. Исимбаев,  педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру курстарының тыңдаушылары – облыстың орта білім мекемелерінің басшылары, департамент қызметкерлері қатысты.

Іс-шараның басты мақсаты – сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік атмосферасын қалыптастыру және жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру,  білім беру  мекемелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқыту және тәрбиелеу жөніндегі қызметті жандандыру.

Е. Жайықбаев өз сөзінде еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асырудағы жастардың рөлі, маңыздылығы мен құқықтық сауаттылық пен жас ұрпақтың жалпы мәдениетін дамыту мәселелерін атап өтті.

Департамент тарапынан жүзеге асырылып отырған  сыбайлас жемқорлыққа  қарсы сауаттандыру бағытындағы іс-шаралар тек жастардың арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағыты ғана емес, сонымен қатар, сауатты әрі білімді, елдің болашағына бей-жай қарамайтын азаматтардан құралған азаматтық қоғам қалыптастыруда жүйелі жұмыстар атқару бағытын да қамтиды.
Департамент госслужбы

0
0
431

Осы тақырып бойынша