Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда 1300-ден астам денсаулық сақтау нысаны салынды
Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда мемлекет қаражаты есебінен 1312 денсаулық сақтау нысаны салынып, пайдалануға берілді. ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде хабарлағандай, оның ішінде 8 медициналық ғылыми орталықтары, 32 арнайы медициналық орталықтар, 176 аурухана, 144 емхана, 907 амбулатория және 45 арнайы денсаулық сақтау нысаны (қан орталықтары, патологоанатомиялық бюро және тб.). Барлық медициналық нысандардың 87%-ын алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін ұйымдар құрайды. Мынадай ірі медициналық ұйымдар құрылған, олар: Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы, Республикалық балаларды оңалту орталығы, Республикалық диагностикалық орталық, Ұлттық нейрохирургия орталығы, Ұлттық ғылыми онкология және трансплантология орталығы, Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығ…