Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Жастар Отанға» жастар лагері

Қазақстан Республикасы Дін істері жəне азаматтық қоғам министрлігінің тапсырысымен ағымдағы жылдың қараша айының 10-15 аралығында ОҚО Төле би ауданында орналасқан "Бəйшешек" спортты-сауықтыру орталығында "Жастар Отанға" жастар лагері ұйымдастырылды. Лагерь аясында жастар саясаты саласында тəжірибесі бар мамандармен сұхбат құрып, түрлі тақырыптарда пікір бөлісу, сонымен қатар, спорттық ойындар мен тренингтер өткізілді.


Еліміздің 14 облысынан келген белсенді жастар "Жастар Отанға" ұранын ұстанды. Жас буынның саяси сауаттылығын арттырып, патриоттық рухын ұлықтайтын жоба елу елдік мәселелерді, жастар проблемасын шешуге мүдделі. Жастар саяси лагерінде əлеуметтік тапсырыс бойынша қатысушылар көкей кернеген, өзек өртеген мәселелерін ортаға салды.


Әлеуметтің әлді тобы – жастар. Оларда кез-келген жобаны іске асыратын қуатты күш, шуақты күй бар. Осыны ескерген ұйымдастырушылар еліміздегі әр облыстың 60 шақты елдімекенінен ең белсенді жастарды жинады. Бірнеше бағытта шеберлік сыныптарын өткізіп, арнайы семинар-тренингтерде жарыссөзге шықты.


Ата дінге берік, құқықтық, экономикалық білімі биік жастар ғана Қуатты Қазақстанды құра алады. Әлеуметтік жобада сол толқынды тәрбиелеу, шыңдау көзделген. Басымдық жаңа технологияларды игеріп, бәсекеге қабілетті болуға да бағытталып отыр.


Ауқымды шара бұған дейін еліміздің Астана, Алматы сынды ірі қалаларында да ұйымдастырылған. Бұл жолғы басқосу әсерлі әр берді. Атырау арынын, Алтай-Арқа айбынын айшықтай келген жастар 5 күн бойы туған жердің тағы бір табиғаты тамаша бұрышын аралап, баябан байтағымызға деген патриоттық сезімін нығайтты. Шара достықты бекем еткен спорттық ойындарға ұласты. Жоба кең байтақ қазақ елінің өзге де қалаларында жалғасын табады.

0
0
869

Осы тақырып бойынша

«Жастар Отанға» жастар лагері - Yvision.kz