Мазмұнға өту

Жаңа

Шымкентте Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арнап аулаларды толығымен жарықтандыруды қамтамасыз етіледі.

Шымкент қаласында Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу аясында жыл бойы ауқымды құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Мысалы, бүгінгі күні қалалық көп сатылы 1020 ауласының 829 қайта құрастырылды. Онымен қоса, 686 аулаларда шам бағанасын орнату бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. Жарықтандырудың жалпы бағасы 443,4 млн. теңгені құрады.

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансеит Түймебаев және Шымкент әкімі Габидулла Абдрахимов қала аулаларының бірінде қайта құрылуы жақында аяқталған жаңа балалар алаңын ашу салтанатына қатысты.

Алаң спорт кешеніне, балалар сырғанағынан, қосарлық качелейфтерден, үш мұнаралы ойын кешенінен, швед қабырғасынан, тренажерлардан және құмсалғыштардан тұрады. Онымен қоса, аула қосымша күркелермен, орындықтармен, кір жайғыштармен жабдықталған.

Аудандық әкімдіктің мәліметтері бойынша барлығы жылдың соңына дейін 1 млрд.  теңге сомасына тағы 82 аула алаңдарын қайта құру жоспарлануда. Олардың 700 млн. (60 аула) қала бюджетінен және 300 млн. (22 аула) «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен бөлінді.

Сонымен қатар, жарықтандыруды орнату жалғасуда – сәйкесінше жұмыстар 334 аулада жүргізілді. Олардың ішінде 2015 жылы сомасы 50 млн. теңгеге 75 аула жарықтандырылды. Жылдың соңына дейін барлық ықшам аудандарда 100% жұмыстың аяқталуы жоспарлануда.

 
0
0
234

Ғылым және жаңа технологиялар күні.

Шымкентте «Ұлы дала елі – тәуелсіздіктің 25 негізі» акциясының шеңберінде, ғылым мен жаңа технологиялардағы отандық жетістіктер атап өтілуде. Саттар Ерубаев атындағы № 24 мектеп-лицейде оқушылар мен оқытушыларға арналған қалалық семинар өтті. Іс-шара барысында «Тәуелсіздікке 25 жыл – ғылым дамуының негізі», «Еркіндік пен тәуелсіздік – болашаққа апарар жол», «Ұлы даланың орта ғасырлық мемлекеттері» тақырыптарында ғылыми-тәжірибелік конференциялар, лекциялар және ашық сабақтар өткізілді. Бұл сабақтарда оқушылар мұғалімдермен бірге қазіргі жастардың идеологиялық құндылықтарын талқылады, тәуелсіз даму жылдарындағы Қазақстанның жетістіктерінің ауқымын бағалады.

Сонымен қатар мұнда «Жеңісімді Президентке арнаймын» атты әскери-спорттық эстафета өтті, онда оқушылар саптық даярлықты көрсетті, автоматты жинауда, тартылуда, кеудені жерден көтеруде және дене шынықтырудың басқа түрлерінде жарысты. Барлық қатысушылар жақсы әскери-спорттық көрсеткіштерді, бастапқы әскери дайындықта өте жақсы білімдерін көрсетті.

Іс-шара Шымкент қаласының білім және ішкі саясат бөлімдерімен ұйымдастырылды және Республика Тәуелсіздігінің 25-жылдығын мерекелеу шеңберінде өткізілді.

 
1
2
828

Қызылорда облысында ескірген тифлотехникалық құралдар заманауи гаджеттерге ауыстырылатын болады

2017 жылы ескірген сурдо және тифлотехникалық құралдар заманауи электронды гаджеттерге ауыстырылатын болады, деп хабарлады жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Аманжол Алдажаров Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен мүгедектер мәселесі жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы барысында.

Мүгедектерді оңалту орталығына мүмкіндігі шектеулі жандарға «Локомат» локомоторлық терапия орталығы алынып, соның нәтижесінде 46 мүгедек кресло-қораптарын, 63-і қосалқы балдақ, таяқтарын тастады. Сондай-ақ арнайы жол белгілері орнатылып, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды тегін тасымалдау үшін «Инватакси» көлік қызметі қарастырылған.

Қызылорда облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасы басшысының орынбасары Жақсылық Оспанов мүмкіндігі шектеулі жандарды спортқа бейімдеу жұмыстары жөнінде баяндама жасады. Оларға облыстағы спорт нысандарында дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері тегін көрсетіледі. Бұдан бөлек, «Мұз айдыны» спорт кешенінде отырып ойнаушыларға арналған волейбол, жеңіл атлетика және пауэрлифтинг бөлімдері жұмыс істейді. Спортшыларды жаттығуға тасымалдау үшін 2014 жылы микроавтобус алынды. Бұдан бөлек, аймақ спортшылары Паралимпиада және өзге де шараларға қатысады. 50 спортшыға спорттық киімдер мен құрал-жабдықтар сатып алынды.

Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Марат Бәйімбетов мүгедектерге арналған көлік құралдарымен қамтамасыз етуге қолданылатын шаралар жөнінде баяндама жасады. «Қорқыт ата» әуежайында ұшаққа жеткізетін көлік, арбалар және ұшақ салонында арнайы орындар қарастырылған. Теміржол вокзалында арнайы автотұрақ, нашар еститіндерген арналған индукциялық панель, кезекші оператормен байланысуға арналған қоңырау және өзге де құрал-жабдықтар орнатылған.

Оның айтуынша, ағымдағы жылдың басынан бері мүгедектікке алғаш рет өткендерге композициялық медициналық қызмет көрсетіледі. Егер бұрын азаматтар мүгедектік туралы анықтама алу үшін медициналық-әлеуметтік сараптама бөліміне, ал әлеуметтік көмек алу үшін зейнетақы мен жәрдемақы төлеу орталығына бару міндеттелген болса, қазір оларға медициналық-әлеуметтік сараптама орталығына өтініш жазса жеткілікті. Жыл басынан бері композициялық қызмет түрін 1073 адам пайдаланды.

Отырыс қорытындысы бойынша облыс әкімі жауапты тұлғаларға мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту туралы жол картасына толықтырулар мен өзгерістер енгізуге және мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жұмыстарды әрі қарай жалғастыруға тапсырма берді.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
845

Мәжіліс ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы заң жобасын жұмысқа қабылдады

ҚР Парламентінің Мәжілісі пленарлық отырыс барысында «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заң жобасын жұмысқа қабылдады.

«Мемлекет басшысы Конституцияның 61-бабының 1-тармағына сәйкес, өзінің заңнамалық бастамасы тәртібімен «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» ҚР заңының жобасын республика Парламентінің қарауына енгізді. Биыл Қазақстан өзінің мемлекеттік тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтеді. Республика Конституциясында адамның өмірі, құқықтары мен бостандығы жоғары құндылықтар етіп қойылған. Оған сәйкес рақымшылық жасау акті қолданылатын заңды қабылдау ізгілік қағидаты көріністерінің бірі болып табылады», - деді Қазақстан Республикасы  Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Оның айтуы бойынша, заң жобасында, негізінен, азаматтардың әлеуметтік-осал топтарын, соның ішінде кәмелет жасқа толмағандарды, жүкті әйелдерді, кәмелет жасқа толмаған немесе мүгедек балалары бар әйелдерді, мүгедектерді, қарт адамдарды, сондай-ақ ауыр емес қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған адамдарды қылмыстық жазадан босату көзделеді.

«Сонымен бірге, заң жобасында рақымшылық жасауды қолдану туралы шарттар да бар. Заң жобасына сәйкес, заң ол қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай ішінде орындалуы тиіс», - деп қосты Н. Әбдіров.

Қаулы жобасы бірауыздан қабылданды.

Еске сала кетейік, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев рақымшылық жасауды өткізуді ұсынған болатын.

Мемлекет басшысы Конституцияның 61-бабының 1-тармағына сәйкес, өзінің заңнамалық бастамасы тәртібімен «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобасын республика Парламентінің қарауына енгізді. Рақымшылық жасау заңды бұзған адамдарға қатысты ізгілік қағидаты көріністерінің бірі болып табылады.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
910

Мемлекетік қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелері

2016 жылдың 25 қарашасы күні Батыс Қазақстан облысы білім басқармасында мемлекетік қызмет көрсету сапасын арттыру бағытында семинар-кеңес өткізілді.

Семинар кеңес отырысына ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің  Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары М.Нұртазин, Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының инспекторы, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің БҚО бойынша басқармасының, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы, Жұмыспен қамту орталығының өкілдері, аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің, техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің және облыстық білім беру мекемелерінің басшылары қатысты.

Шара барысында Департамен басшысының орынбасары М.Нұртазин «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын көтеру тетіктері» тақырыбында баяндама жасады.

 
0
0
388

Жасыл экономика: Аралдың суы тазарды

Жуырда "Жасыл экономика" жобасы аясында Қызылорда облысы, Арал ауданына қарасты Бөген ауылындағы мектепке қойылған су тазартқыш құрылғымен (Сеператор емес бірақ соған ұқсас) танысу мақсатында барған едік.

Түсінікті болу үшін "әңгімені" арыдан бастайын. 2015 жылы Арал қаласында орналасқан "Өрлеу-Консалтинг" жастар қоғамдық бірлестігі "Арал ауданы елдімекендегі оқыушылардың таза және сапалы ауыз сумен қамтамыз ету" бойынша жоба дайындап, экологиялық аймақтарға бөлінетін Еуроодақтың жоба құны 40 мың доллар құрайтын арнайы грантын жеңіп алып, 8 ауылдық мектепке су тазартатын құрылғы орнатқан.

Жобаның негізгі мақсаты - Арал ауданында орналасқан 8 елді мекендегі мектептердің оқушыларын таза ауыз сумен қамтамасыз ету. Су тазартатын құрылғы Германияда жасалған. Ол сағатына молекуларлық деңгейде 200 литр суды тазалауға қауқарлы. Яғни, бұл қондырғы қарапайым су тазалағыш секілді тек судың құрамындағы құм, тас, әк секілді xимиялық заттардан тазартып қана қоймай, судың құрамындағы барлық зиянды металдарға дейін тазартады.

"Өрлеу-Консалтинг" жастар қоғамық бірлестігінің төрағасы - Тастан Жұпан. Осы Арал ауданының тумасы. "Осы өңірдің тумасы болған соң аймақтың жағдайын жақсы білемін. Аралдағы ең өзекті мәселелердің бірі - ауыз су мәселесі еді. Қазірше 8 ауылдағы мектепке таза су орнатып, ауыл балаларын таза сумен қамтамасыз еткеніме қуаныштымын", дейді Тастан Жұпан мырза.

Айта кетейік, бұндай құрылғылар Қызылорда облысынан бөлек, Қазақстанның бірқатар облыстарындағы ауылдарға да қойылған. Біз тек Арал ауданындағы 8 мектепке қойылған су тазалағыш құрылғымен танысып қайттық.


 

(с) Али Биторе

Блогер

0
0
1640

Шымкентте «Ядролық қарусыз әлем» тақырыбына арналған күнді атап өтті.

«Ұлы дала елі – тәуелсіздіктің 25 негізі» акциясы аясындағы кезекті күн «Ядролық қарусыз әлем» ұранымен кезекті күн өтті. Бүгінгі таңда Шымкенттің барлық оқушылары, білім алушылары мен студенттері ядролық қарудан босатылған әлемге қолдау көрсету іс-шараларын ұйымдастырды және қатысты. Оқу орындары мен мектептерде атом соғысының қорқыныштары, бұқаралық бүлдіру қаруын қолданудың үрейлі салдарлары туралы құжаттай фильмдер көрсетілді. Хиросима мен Нагасакиды атомдық бомбылау хроникасы, қазақстандық Семейді (Семей полигоны) ядролық қарумен сынаулар салдарлары құжаттық фотосуреттер көрмесінде ұсынылды. Көзбен көрінген дүниелер көрермендердің ешқайсысын бей-жай қалдырмады.

-"Біздің барлығымыз ядролық қаруға табанды «жоқ» деп айтуымыз қажет, деп есептейді 7-сынып оқушысы 14 жасар Яна Ворожкова. – Біздің планетамызда мұндай жағдайлар үшін орын болмауы тиіс!».

Мектептер мен ЖОО-да Қазақстанның ядролық қарудан бас тартуына арналған мерекелік концерттер жүргізілді.
Ең соңғы есептеулер бойынша аталмыш іс-шараларға 167 000 астам мектеп оқушылары мен студенттер қатысты. Іс-шаралар Тәуелсіз Қазақстанның 25-жылдығына арналған.

Шымкент қ. ішкі саясат бөлімінің ақпараттары бойынша

 
0
0
223

«Қазақстан болашағы біздің қолымызда» — молодежный патриотический форум

Пятый молодежный патриотический Форум «Қазақстан болашағы біздің қолымызда», посвященный  Дню Первого Президента РК, прошел в СОШ № 24.

С приветственным словом выступила директор школы -  Рахимгожина  Нургуль Шампатовна, отметив, что такие форумы помогают развивать  патриотизм в подрастающем поколении и толерантность на основе духовно- нравственных ценностей, народных традиций. А также благодаря данным встречам  учащиеся лучше знакомятся с  достижениями Казахстана  за  25  лет Независимости Казахстана.

Лучшие спортсмены, победители городских олимпиад, научных проектов , творческих конкурсов   образовали круг почета. В ходе Форума звучали песни и стихи, основным девизом которых был: «Бізді алға бастаған, Елбасымыз – Нұрсултан!». Ко  Дню Первого Президента на форуме за достигнутые результаты были награждены активные учащиеся школы № 24.

В работе Форума приняли участие депутат, руководитель Конгересса молодежи Павлодарской области Дмитрий Корепанов, руководитель отдела ЦРМИ Павлодарской области Дархан Шуренов, главный специалист отдела образования города Павлодара  Абишева Зарина Кенжебаевна, председатель армянского этно-культурного объединения Петросян Эльмира Бениковна, председатель родительского комитета школы Москалец Николай Васильевич, заместитель председателя родительского комитета школы Федоров Илья Юрьевич.

Участники Форума призывали нынешнее поколение все свои знания и умения направить на благо развития независимого Казахстана, который процветает благодаря мудрому правлению Нурсултана Абишевича Назарбаева.

0
0
801

«Қазақстан болашағы біздің қолымызда» бесінші жастар патриоттық форумы өтті

2016 жылғы 29 қарашада «№24 ЖОМ» ММ Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев күніне орай «Қазақстан болашағы біздің қолымызда» бесінші жастар патриоттық форумы өткізілді.

Форум рухани-адамгершілік құндылықтар және ұлттық әдет-ғұрыптар негізінде патриотизм бен шыдамдылықты дамыту, сондай-ақ Қазақстан Тәуелсіздігінің 25-жылдығында Қазақстанның жетістіктерін насихаттау мақсатында өтті.

Салтанатты шараның ашылу рәсімі мектеп директоры Нұргүл Шампатқызы Рахимгожинаға берілді.Форумға депутат, Павлодар облысы Жастар конгресінің басшысы Корепанов Дмитрий Викторович,Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының  «Жастар бастамаларын дамыту орталығы»  КММ-сінің ақпараттық-технологиялық бөлімінің жетекшісі Шуренов Дархан Берікұлы, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің бас маманы Абишева Зарина Кенжебаевна, армян этно-мәдени бірлестіктің төрайымы Петросян Эльмира Бениковна, мектептегі ата-аналар комитеті төрағасының орынбасары Москалец Николай Васильевич,мектептегі ата-аналар комитеті төрағасының орынбасары Федоров Илья Юрьевич қатысты.

Форумның қатысушылары қала жастарын Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев құрған тәуелсіз елдің дамуына, өсіп-өркендеуіне өз білімдерін бағыттауға шақырды.

Оқушылар, үздік спортшылар, қалалық сайыстардың, ғылыми жобалардың, шығармашылық сайыстардың жеңімпаздары қошемет шеңберін жасап тұрды. Форум кезінде өлеңдер, сөздер, ұрандар айтылды.  «Бізді алға бастаған, Елбасымыз – Нұрсултан!»  — Форумның қатысушылары ұрандады. Бірінші Президент күніне орай салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Мектеп оқушылары өз жетістіктері үшін марапатталды.

Қазіргі жастардың қолында ерекше тарихи жауапкершілік тұр, ол – Қазақстан РеспубликасыныңТәуелсіздігін сақтау және нығайту. Сондықтан білім беру мекемелері мен үкіметтік емес ұйымдардың өз жұмыстарын қоғамның бойында осы құндылықты қалыптастыру үшін бағыттауы тиіс.

0
0
1533

2016 жылдың түлектеріне бос қызмет жәрмеңкесі

2016 жылдың ТжКБ түлектерін жұмыспен қамту мақсатында Жастар бастамаларын дамыту орталығы 30 қараша күні кезекті бос қызмет жәрмеңкесін өткізді. Жәрмеңкеге ірі кәсіпорындардан тұрақты жұмыс орындары ұсынылды.

Әртүрлі саланың түлектері Павлодар облысының ауқымды кәсіпорындарына өздерінің түйіндемелерін қалдырып, жұмысқа орналасу туралы кеңес алды.

Жастар бастамаларын дамыту орталығының ақпараттық-кеңестік бөлімнің инспекторы    Калиева Әлияның айтуынша, бүгінгі жәрмеңке жайлы ақпарат  ЖБДО-ның әлеуметтік желілерінде жарияланып, оқу орындары да хабардар болды.  Жәрмеңкеге 161 адам қатысқан.

-         Кәсіпорындарға металлургиялық өндіріске кран операторлары, ыстық метал кесетін ұсталар, болат құюшы мамандар, байланыс операторлары, кассирлер қажет- дейді Әлия Калиева.

Бос қызмет орындарымен  «КSP Steel» ЖШС; «Кастинг» ЖШС ПФ;  Павлодар машиа жасау зауотының АҚ филиалы «ERG Service» (И-Ар-  Джи- Сер-вис); «Алюминий Казахстана» АҚ;  «Казахстанский электролизный завод» АҚ; «FormatMachCompany» ЖШС;  «Павлодарэнерго» АҚ;  «Колос» балалар мәдени ойын-сауық орталығы»;  «Астана" Мұз айдыны сарайы"» МКҚК; «Альфа-банк» АҚ ЕБ  т.б. мекемелері жәрмеңге қатысып, түрлі жұмыс орындарын ұсынды. Айта кетсек, Ленин кентіне мал дәрігері және ет өнімдерін өңдеу аппаратына арнайы қызмет орындары бар.

   
0
0
555