Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша практикалық ұсыныстар» тақырыбында семинар-тренинг

2016 жылғы 28 қараша күні Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Сыбайлас жемқорлдыққа қарсы саясат департаментінің ұйымдастыруымен видеоконференция байланысы арқылы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша практикалық ұсыныстар» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.

Семинар-тренинг барысында облыстық әкімдіктер басқармаларының, орталық мемлекеттік органдар департаменттерінің, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінде ішкі талдау жүргізу әдіс-тәсілдері, оның нәтижесі бойынша талдамалық анықтама құру бойынша және сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт қабылдау бойынша кеңестер мен ұсыныстар беріліп, сыбайлас жемқорлық субъектілері өкілдерінің жұмыс барысында кездесетін проблемалық мәселелерді шешу жолдары талқыланды.

 
0
0
563

Осы тақырып бойынша