Мемлекетік қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелері
2016 жылдың 25 қарашасы күні Батыс Қазақстан облысы білім басқармасында мемлекетік қызмет көрсету сапасын арттыру бағытында семинар-кеңес өткізілді.
Семинар кеңес отырысына ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары М.Нұртазин, Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының инспекторы, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің БҚО бойынша басқармасының, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы, Жұмыспен қамту орталығының өкілдері, аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің, техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің және облыстық білім беру мекемелерінің басшылары қатысты.
Шара барысында Департамен басшысының орынбасары М.Нұртазин «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын көтеру тетіктері» тақырыбында баяндама жасады.
