Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ғылым және жаңа технологиялар күні.

Шымкентте «Ұлы дала елі – тәуелсіздіктің 25 негізі» акциясының шеңберінде, ғылым мен жаңа технологиялардағы отандық жетістіктер атап өтілуде. Саттар Ерубаев атындағы № 24 мектеп-лицейде оқушылар мен оқытушыларға арналған қалалық семинар өтті. Іс-шара барысында «Тәуелсіздікке 25 жыл – ғылым дамуының негізі», «Еркіндік пен тәуелсіздік – болашаққа апарар жол», «Ұлы даланың орта ғасырлық мемлекеттері» тақырыптарында ғылыми-тәжірибелік конференциялар, лекциялар және ашық сабақтар өткізілді. Бұл сабақтарда оқушылар мұғалімдермен бірге қазіргі жастардың идеологиялық құндылықтарын талқылады, тәуелсіз даму жылдарындағы Қазақстанның жетістіктерінің ауқымын бағалады.

Сонымен қатар мұнда «Жеңісімді Президентке арнаймын» атты әскери-спорттық эстафета өтті, онда оқушылар саптық даярлықты көрсетті, автоматты жинауда, тартылуда, кеудені жерден көтеруде және дене шынықтырудың басқа түрлерінде жарысты. Барлық қатысушылар жақсы әскери-спорттық көрсеткіштерді, бастапқы әскери дайындықта өте жақсы білімдерін көрсетті.

Іс-шара Шымкент қаласының білім және ішкі саясат бөлімдерімен ұйымдастырылды және Республика Тәуелсіздігінің 25-жылдығын мерекелеу шеңберінде өткізілді.

 
1
2
776

Осы тақырып бойынша

Ғылым және жаңа технологиялар күні. - Yvision.kz